Құқықтық тәрбие




Презентация қосу
Құқықтық
тәрбие
Жоспар:
1 Құқықтың тәрбиенің мазмұны, міндеттері.

Құқықтық тәрбиенің нысандары мен
әдістері.
• Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына
жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл
міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі
маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру,
оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі.
Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не
екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр
оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның
күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің
міндеті болып табылады.
• Құқықтық тәрбие негізі отбасынан
басталады.
• Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі -
маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін
жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп
жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың
орын алып отырғаны жасырын емес.
• Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде
отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз
ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып
қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен
баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес
пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан
жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық
тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу
үшін жүргізілетін шаралар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын
қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын,
ортасын сауықтыру;
- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын
молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы
мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды
откізу
• Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты
екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала
сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда
балаларға жәрдем көрсету - бәрі де жастардың жете түсінуін,
ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент -
ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы.
• Кәсіптік оқу орнын тәмамдаған
оған кәсіби мамандықпен қатар
құқықтың тәрбие де ете керек.
Педагогика мен тәрбиенің
халықтық ұстанымын ғылыми
тұжырымдаған орыс педагогы
К.Д.Ушинскийдің: "өмірде де,
ғылымда да барлық халықтарға
бірдей тура келетін тәрбие
жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық
тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне
басқа елдің тәрбие жүйесін
енгізу мүмкін емес, себебі
халықтардың өмір сүру моделі
де, тәлім-тәрбие моделі де әр
басқа" дегенін қайда қоймақпыз.
• Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді.
Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы
адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп
құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
• Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау
мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы
ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың,
қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы - құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп,
отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты
бағытының бірі - оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу
шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.
• Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер.
Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген,
адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан
қаралады:

Құқықтық мәселелер,
Тұлғаның
құқықтық қатынастар,
педагогикалық және
құқықтық мекемелер
психологиялық мәнінің
әрекетін оқушының
құқықтық санаға әсері.
білуі
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық
өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді.
Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту
процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге
асыруды қажет етеді.

қоғамдық тәртіп
орнатуға әрбір
азаматтың
қатынасуы.

заңның орындалуын
бекіту;

заңдылықтарды
үздіксіз жетілдіру;
• Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі.
Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды.
Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын
шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-
жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
• Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл
құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең
бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға
ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық
тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
• Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-
құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-
әрекетінің терең бірлігі.
• Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті,
заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан
келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін
түсіну қиын емес.
• Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы
білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан,
мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен,
шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
• Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай
жүргізу үшін ең алдымен сынып
жетекшілерінің және мектептердің озат
тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу
және тәрбие жұмыстарында ұтымды,
жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы
формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру
қажет.
• Құқықтық лекториялар. Мектептерде
жоғары сыныптар оқушылары үшін
ұйымдастырылады. Лекторийлердің
мақсаты -жеткіншектер мен
жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және
халқына құрмет сезімін тәрбиелеу,
құқықтық біліммен қаруландыру, оны
насихаттау.
• Лекториялардың жоспары бір жылға
жасалып, онда лекциялар тақырыптары
көрсетіледі.
• Кинолекториялар - әр түрлі жастағы
балалар үшін ұйымдастырылады.
Оқушыларға жас ерекшеліктеріне
байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-
құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-
фильмдер көрсетуге болады.
• Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы
білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат -
жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен
қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқмқтық білім
факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар,
т.б.
• Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
• Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу,
насихаттау, бекерге шығару.
• Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге
байланысты.
• Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
• Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік
туғызады.
• Ынталандыру және тежелуәдістері тобы: ынталандыру әдістері, тежелу әдістері
(жазалаудық түрлері).
• Сонымен топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды
нәтиже береді.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесі
Тәрбиедегі жаңашылдық
Тәрбие түрлеріне сипаттама
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие берудің негізгі бағыттары
Жоғары мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру
Отбасындағы ақау тәрбие
Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
Пәндер