Автобусты бақылау
Презентация қосу
Серуен
• Ауа райын бақылау.
• Мақсаты:
• Жыл мезгілінің қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.
• Бақылау барысы:
• Балаларға аспанда күннің көзі барма екенін қарауды ұсыну.
• Бұлттар күннің көзін не істеді? (Жапты)
• Аспан қандай? (Бұлтты)
• Ауа-райы ше? (Бұлыңғыр)
• Кең аспанды бұлт қаптап,
• Күз келгенін сездірер
• Жаздай жүрген тұрақтап
• Көкекті де бездірер
• Балалардың назарын ағаш басына аудару. Ағаштардың шайқалып қозғалады. Себебі:оларды жел тербейді.
• Еңбек әрекеті:
• Ауладағы құмды суару.
• Мақсаты:
• Ауладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға дағдыландыру.
• Құрғақ құмнан,ылғалды құмның пайдасы бар екендігін ұғындырып,одан бауырсақ жасауға болатындығын үйретіп бекіту.
• Қимыл-қозғалыс ойындары:
• «Автомабиль мен торғайлар»
• Мақсаты:
• Белгі бойынша бірін бірі итермей,шапшаң жүгіре алуға үйрету. Өз орнын таба алу.
• «Затты абайла»
• Мақсаты:
• Кеңістікте белгі бойынша әрекет етуге үйрету,ептіліктерін дамыту.
• Жеке жұмыс:
• Қимыл қозғалысын дамыту.
• Шығарылатын материал:
• Әр балаға ойнауға арналған суқұйғыш,текшелер мен пішіндер.
Желді бақылау
Бақылау
Ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту;желдің қалай құрылуы жөніндегі мәліметтерді толықтыру: жер қызады,жерден
ауа қызады, одан әрі жоғарлайды, ал суық ауа оның орнын басады, содан соң жел тұрады. Желдің нашар, күшті жақтарын ажырата білуге
үйрету; қандай белгілері бойынша желдің күштілігін анықтау қажет екенін түсіндіре білу; ағаш қозғалса күшті жел, шөп тербелсе әлсіз
жел. Жазғы желді қысқы желмен салыстыра білуге үйрету. Табиғатқа қызығушылықты, қадағалауды дамыту.
Жұмбақ:
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қонады.
(Жел)
Тақпақ жаттайық:
Желдет, желдет! Баласын жылат,
Жетіқара дауылдат! Тайтерісін қалтырат,
Өрісін құлат, Науа-астауын жылтырат!
Қимылды ойын:
«Қол ұстасып жүру»
Белгі бойынша ортаға қозғалуға, екі шеңбер құра білуге үйрету(орталар қарама қарсы жаққа айналады, қолдарын ұстамай бір жағына) .
Ұжымдық сезімге тәрбиелеу.
Еңбек «с-әрекеті»
Үй өсімдігін отырғызу
Үй өсімдігін отырғызуға қатысу. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын өз бетінше жинауға үйрету.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Ойлан, асықпа»
Тәрбиеші тапсырмасы бойынша сөз табу. «Күннің көзі» сөзіне- айқын, ыстық,жарық...; «аспан» сөзіне- бұлт,көгілдір,жаңбыр сәйке
келетін сөз табу.
Тапсырма. Су бойынша желдің күштілігін анықтау.
Өзіндік іс-әрекеті.
Ойында балалардың өз бетінше бір бірімен араласа білуін, өзінің іс әрекетімен қылығын білдіруге, өз пікірінде тұруға, құрдасының
ұсынысымен келісе алмайтынын көрсетуге үйрету.
• Автобусты бақылау.
• Мақсаты:
• Сыртына қарап көліктерді ажырата алуға үйрету.
• Көліктің басты бөліктерін атай білу
• Автобуста отыру ережесіне үйрету.
• Бақылау барысы:
• Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
• Жүргіздім бір үйімді
• Жүйткісі жұрт сүйінді
• Бар жолмен жұртты тасып жүр
• Жылдамдыққа басып жүр
• (Автобус)
• Автобус жолаушылар таситын көлік. Ол адамдарды тасиды. Автобустың алдында жүргізущі, ал артында
жолаушылар отырады. Жолаушылар автобусты аялдамада тосып тұрады. Автобус тоқтаған кезде, олар автобусқа
мініп,орындарға отырады. Автобус жүріп бара жатқан кезде,тұруға салонның ішінде жүгіруге,есікті қолмен
қозғауға болмайды. Жүргізуші есік ашқаның тосу қажет.
• Еңбек әрекеті:
• Аулаға баратын жолды сыпыру
• Мақсаты:
• Сыпырғышты дұрыс ұстап,қолдана алуға үйрету.
• Қимыл қозғалыс ойындары:
• «Автомабиль мен торғайлар», «Автомобильдер»
• Мақсаты:
• Жолда жүру ережелерін сақтауға үйрету
• Автобус жайлы білімдерін бекіту
• Шығарылатын материалдар:
• Рөлдер,пішіндер,күрекшелер,ойыншықтар мен борлар.
• Күзгі орманды бақылау.
• Мақсаты:
• Орман туралы түсініктерін кеңейту
• Туған жерінің табиғатын тамашалай білуге үйрету.
• Бақылау барысы:
• Алтын,сары,қызыл,көк
• Алуан алуан жапырақ
• Күзгі бақта күлімдеп
• Көз тартады атырап.
• Орманға бара жатқан жолда,балаларды орман жақсы көрінетін жерде тоқтату. Әр түрлі түске
боялған орманды тамашалау. Күзгі ағаштарға түстің қайсысы тәң екендігін анықтау.
• Еңбек әрекеті:
• Орманның ойнайтын бөлігін тазарту.
• Мақсаты:
• Орманда тазалық пен тәртіпті сақтауға үйрету, дағдыландыру.
• Қимыл қозғалыс ойындары:
• «Құстар ұяларында»
• Мақсаты:
• Шашырап,бірін бірі итермей жүгіруге үйрету,жаттықтыру.
• Тәрбиешінің берілген белгісі бойынша тез әрекет
• етуге дағдыландыру
Аспанды бақылау.
Мақсаты:
Табиғаттың басқа құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру.
Аспанға қарап,ауа райын болжай алуға үйрету.
Бақылау барысы:
Балалар,қараңдаршы аспан қандай? (таза,ашық). Ендеше ауа райы жылы,ашық. Ал егер аспанды қара
бұлт басса,онда қандай ауа райы болады? (бұлтты) Ал егер жел соқса,бұлттар не істейді? (Жел оларды
айдап әкетеді)
Екпіні қатты самалдан
Тұрғандай есіп жел алдан
Ағаштар қозғап бұтағын
Иеді басын бұтақтың
Еңбек әрекеті:
Ауладағы,жолдағы қарды тазалау
Мақсаты:
Келісе отырып,еңбектенуге үйрету.
Қимыл қозғалыс ойыны:
«Ұшақты қуып жет»
Мақсаты:
Тәрбиешінің белгісі бойынша,артқа қарамай шапшаң жүгіру.
Шығарылатын материал:
Күрекшелер,шелектер,арбалар мен қағаз ұшақ.
Жаңбырды бақылау.
Мақсаты:
Табиғат құбылысы жаңбырмен танысу.
Бақылау барысы:
Жаңбыр жауып тұрған күні жаңбырдың тамшылары жерге түсіп жатқандығын терезеден бақылау. Тәрбиеші алдын
ала терезенің сыртына ыдыс қойып қояды. Ал сосын балалармен сартылдап ағып жатқандығын тыңдайды.
Жау жау жаңбыр,жау жаңбыр
Арық суы мол болсын
Өсімдіктер көп болсын
Жүрген жерде шөп болсын.
Еңбек әрекеті:
Жаңбырдың суымен бөлме өсімдіктерін суару.
Мақсаты:
Бөлме өсімдіктерін күте алуға қолғабыс ету.
Қимыл қозғалыс ойыны:
«Күннің көзі мен жаңбыр»
• Құстарды бақылау
• Мақсаты:
• Құстарды бақылауды әрі қарай жалғастыру
• Торғай мен көгершінді салыстыру
• Бақылау барысы:
• Серуенге шығардың алдында тәрбиеші, балаларға көгершіндердің қоректендіретін нан алып шығу керектігін
айтады. Далаға шыққан соң, құстардың қанша екенін бақылап қарау керек. Көгершіндердің қоректенуңн
бақылау. Балалардың назарын көгершіндердің қоректі көретін көздері,оны шұқып жейтін тұмсықтарын,
жүретін аяқтары,ұшуға көмектесетін құйрығымен қанаттары бар екендігіне аударту. Көгершіндердің түстері
және үлкендіктері әр түрлі болып келеді.
• Еңбек әрекеті:
• Тәрбиешімен бірге құстарға беретін қоректі даярлау.
• Мақсаты:
• Құстарды күтуде қолғабыс тигізу
• Үлкендердің көмегімен құстарды қоректендіруге дағдыландыру
• Қимыл қозғалыс ойындары:
• «Бір,екі,үш жүгір!»
• Мақсаты:
• Белгі бойынша әрекет етуге үйрету
• Жүгірудің шапшаңдығын арттыру
• «мені қуып жет»
• Мақсаты:
• Кеңістікте шапшаң жүгіре білуге үйрету
• Ептілігін арттыру
• Шығарылатын материал:
• Ойынға арналған бет перделер,құстарға арналған қорек,қарындаштар мен пішіндер.
• Жаңа түскен қарды бақылау.
• Мақсаты:
• Қыс туралы түсініктерін қалыптастыру
• Қысқы әсем табиғатқа серуен барысында эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
• Бақылау барысы:
• Ауыл алды ақша қар
• Ақша қарда балалар
• Соғып жатыр аққала
• Біреуі әйнек ойыпты
• Біреуі есік қойыпты
• Өздеріне шақ қана.
• Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
• Қазір қандай жыл мезгілі? (қыс)
• Неге? (Өйткені айнала аппақ қар әрі күн суық)
• Қардың түсі қандай? (Аппақ)
• Қар жауған кезде ауа ирайы жылы болды ма? (егер қар жауған кезде ауа райы өзгерсе,онда қардың пішіні де
өзгереді)
• Еңбек әрекеті:
• Ауладағы қарды тазалау.
• Мақсаты:
• Күрекпен қолдана алуды әрі қарай жалғастыру.
• Қимыл қозғалыс ойыны:
• «Қар атысу»
• Мақсаты:
• Көздеп ату қабілеттерін арттыру.
• Шығарылатын материалдар:
• Күрекшелер,сыпырғыштар.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz