Қан айналымы
Презентация қосу
ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР
Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) — буынаяқтылардың бір класы.
Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық
құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары
кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су
қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар,
цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы
шаянтәрізділер, максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі
белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта
тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды
жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы
белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді.
Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде,
барлық мұхиттарда кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік
ететін шаяндар ""құршаян"" деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл жерде
мекен етеді. Бұршақ таңқышаян - таңқышаяндардың ең майдасы. Ең ірісі -
жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен қосқанда көлемі екі метрге жетеді.
Өзен шаяны деп жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің онаяқты
отрядына жататын Astacidae, Cambaridae, Parastacidae
тұқымдастары өкілдерін атайды .
Тіршілігі мен сыртқы құрылысы
• Өзеншаяны өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл-судың тазалығын қажет ететін шаян. Шаянның
денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп
бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп
бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы
жүретін аяқтар болып есептеледі.
• Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі-екіден екі тармақты
қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық
жүзбеқанатымен аяталады. Құрсақтың соңғыбунағында аналь тесігі болады.
• Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді
соза немесе жиыра алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді , суда
бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Су түбінде қозғалғанда-
алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұд кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ
бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды.Шаянның сауыты қорғаныш жабын
болады, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылыбуындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.
Тыныс алуы
• Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы
нәзік өскіншелер - желбезектер арқылы тыныс алады.
Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене
қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы
қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді.
Қан айналымы
• Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар -
салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді,
сөйтіп, қантамырлар соғады. Жүрек-пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған
дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде
қанды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер аралығына
барады. Қан ішекте қорытылған қоректі, сондай-ақ желбезек арқылы оттегін
қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді,
мүшелердегі көмірқышқыл газды және бөлінген сұйық өнімді алып кетеді.
Зәр шығаруы
• Шаян екі жасыл без арқылы зәр шығарады. Жасыл бездер- сыртқа
шығаратын өзекшелері бар дөңгелек қалташалар. Осы бездерден
бөлінген сұйық өнім қанға барып, тамыр қабырғаларынан сүзіледі ,
еріген заттар сыртқа төгіледі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz