Спорттық бағдарлау


Slide 1

Спорттық бағдарлау

Slide 2

Сабақ жоспары Күні: 31. 03. 2020ж. Сабақтың тақырыбы: Спорттық бағдарлау Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың спорттық бағдарлау жайлы түсініктерін қалыптастыру, білімдерін жетілдіру. Дамытушылық: Спорттық бағыттағы шараларға деген қызығушылықтарын арттыру, спортқа бейімдеу. Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруге тəрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Қорытынды.

Үйге тапсырма: Спорттық бағдарлау тақырыбы бойынша

Slide 3

Жаңа сабақ (түсіндірме жұмысы)

Спорттық бағдарлау - бұл қызықты да тартымды, белсенді демалыстың тамаша бір бұқаралық түрі. Бұл спорт түрімен әр - түрлі спорттық біліктілігі бар және дене дайындығы арқалай жас ерекшеліктері бойынша үлкені де, кішісі де айналыса алады. Спорттық бағдарлау барысында дене бұлшық еттерінің қозғалысы ғана емес, ойлау қабілетін де қажет етеді. Сондықтан да бұл спорт адамды күнделікті күйбең тірліктен арылтып, нағыз көңіл - күй сыйлайды.

Спорттық бағдарлау жарыстары - бұл спортшылар картаның көмегімен және компасты пайдалану арқылы жергілікті жерде орналасқан бақылау пунктін өтуді талап ететін спорт түрі. Нәтижесі әдетте, қашықтықты өту уақыты (белгілі бір жағдайларда айып уақытын ескере отырып) немесе жинаған ұпай бойынша есептеледі.

Спорттық бағдарлау бойынша сайыстар жас ерекшелігіне немесе қатысушылардың шеберлік деңгейіне байланысты әр түрлі топта өткізіледі. Қашықтық қиындығы мен оның ұзақтығы спортшының дайындығы мен бағдарлау шеберлігін талап ететін жолды тиімді өтуге байланысты принціптер бойынша анықталады.

Slide 4

Спорттық бағдарлау жарысының түрлері: Жүгіру бойынша бағдарлау көптеген қашықтықтарда өткізіледі: белгіленген бағыт бойынша, таңдау бойынша, Әлем Чемпионаттары ұйымдастырылады.

Шаңғымен бағдарлау сайыстары- тұрақты қар жамылғысы болған жағдайда өткізіледі. Сайыс шаңғы және шаңғыда жүрудегі жылдамдық қатынасы көрсетілген арнайы дайындалған карта негізінде өткізіледі. Бұл спорт түрі бойынша Әлем чемпионаттары болып тұрады.

Велосипедпен бағдарлау - белгіленген бағыт бойынша өткізіледі. Спорттық карта велосипедте жүріп өту жылдамдығы қатынасындағы жол түрлерін көрсетеді.

Соқпақ бойынша бағдарлау - қатысушылар қашықтықты белгіленген кезекте, яғни әрқайсысында көзге көрінетін шектеуде бірнеше призма орналасқан пунктерден өтуі тиіс. Қатысушылар картадағы және берілген аңызға төңіректегі призмдердің қайсысы сәйкес келетіндігін анықтап әрі белгілеу қажет.

Slide 5

Спорттық бағдарлау сізге не береді?

Сізде тамаша хобби қалыптасады!

Сіз өзіңіздің денеңізді шыңдайсыз!

Ойлау қабілетіңіз артады!

Тез шешім қабылдауға дағдыланасыз!

Көптеген жаңа достар табасыз!

«Демалыс күнімді қалай өткізем?» деген сұрақтан құтыласыз

Әрбір қашықтықтан өткен сайын сіз өзіңізді дүние жүзіндегі ең бақытты адамдай сезінесіз.

Көптеген елдер мен қалаларды көресіз!

Сонымен қатар спорттық бағдарлаумен балалар олардың ата- аналары, тіпті ата- әжелері де айналыса алады. Жарысқа қатысушылардың орташа жас ерекшелігі 7 жастан 85 жасқа дейін.

Спорттық бағдарлау үшін сізге не қажет?

Бақылау нүктелері көрсетілген жергілікті жердің картасы

Көкжиек тұстарын анықтау үшін компас қажет

Сіздің бақылау нүктесінде болғандығыңыздың кепілі болар ЧИП - электронды құрылғысы қажет

Жүгіруге ыңғайлы спорттық костюм және аяқ - киім.

Сонымен қатар сіздің ойлау қабілетіңіз, аяқ - қолыңыз және жақсы көңіл күйіңіз қажет!

Slide 6 Slide 7

Жедел сұрақтар:

1. Спорттық бағдарлау дегеніміз не?

2. Спорттық бағдарлау жарыстары дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Спорттық бағдарлау жарысының қандай түрлері бар?

6. Велосипедпен бағдарлауға қандай анықтама бересің?

5. Шаңғымен бағдарлау сайыстары жайлы не білесің?

4. Жүгіру бойынша бағдарлауды қалай түсінесің?

6. Соқпақ бойыншабағдарлауға қандай анықтама бересің?

Slide 8

Спорттық бағдарлау сізге не береді?

Slide 9

Спорттық бағдарлау үшін сізге не қажет?

Slide 10

Қорытынды. Ауызша бүгінгі сабақты қорытындылап өтемін.

Үйге тапсырма:

Спорттық бағдарлау тақырыбы бойынша


Ұқсас жұмыстар
Дене іріктеу және бағыттау оны дамыту әдістемесі
Сызықтарды бағдарлау
ҚОЛДАНБАЛЫ ӘСКЕРИ ЖҮЗУ
Дайындық кезеңдері
Туризм негіздері үйірмесінің оқушылар тізімі
Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика
Канадада қай спорт
Бункерлі бағдарлау-қоректендіруші құрылғылар
Шығармашылық жоба
Бункерлі бағдарлау – қоректендіруші және қалталы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz