Антиаритмиялық препараттар



“Астана медицина университеті” КеАҚ Жалпы фармокология кафедрасы
Нұр-Сұлтан, 2019
СӨЖ
Тақырыбы:Аритмияға қарсы заттар
Орындаған: Жүніс А. Н.
Топ: 303 ОМ
Тексерген: Әділбаева А. Ж.

Антиаритмиялық препараттар: Аритмияға қарсы негізгі препараттардың жіктелуі
Әсер ету механизмдері
Қолдану көрсеткіштері
Қарсы көрсеткіштері

Антиаритмикалық препараттар төрт негізгі классқа бөлінеді. I класс бұдан басқа 3 классқа бөлінеді. Бұл жіктелу дəрілердің жүректің электрофизиологиялық қасиеттеріне, яғни оның жасушаларының электр сигналдарын қалыптастыруға қабілеттілігіне негізделген. Әр класстың әсер ету механизмі өздерінің «қолдану орындарында» әрекет етеді, сондықтан әртүрлі аритмияларға олардың тиімділігі әртүрлі болады.


I. Кардиомициттердің иондық каналдарын айрықша тежейтің заттар ( жүректің өткізгіштік жүйесін және жиырылған миоардты)
1. Натрий каналдарын тежейтін заттар ( заттар)
IA топшасы ( хинидин және хинидин тәрізді заттар) :
Хинидин сульфаты Дизопирамид
Новокаинамид Аймалин
IB топшасы:
Лидокаин Дифенин
IC топшасы:
Флекаинид Пропафенон Этмозин Этацизин
2. L-типті кальций каналдарын тежейтін заттар ( IV-топ)
Верапамил Дилтиазем
3. Калий каналдарын тежейтін заттар ( реполяризация ұзақтығын және әсер потенциалын ұлғайтатын заттар; III- топ)
Амиодарон Орнид Соталол

II. Жүректің эфференттік иннервациясының рецепторларына айрықша әсер ететін заттар
Адренергиялық әсерді бәсеңдететін заттар ( II-топ)
Бетта-адреноблокаторлар
Анаприлин
Адренергиялық әсерді күшейтетін заттар
Бетта-адреномиметиктер
Изадрин
Симпатомиметиктер
Эфедрин гидрохлориді
Холинергиялық әсерді бәсеңдететін заттар
М-холиноблокаторлар
Атропин сульфаты
III. Аритмияға қарсы белсенділігі бар әртүрлі заттар
Калий және магний препараттары
Жүрек гликозидтері
Аденозин

Қолданылуы бойынша келесі түрге бөлінеді:
Тахиаритмияда және экстрасистолияда қолданылатын заттар
Натрий каналдарын тежегіштер
Калий каналдарын тежегіштер
Кальций каналдарын тежегіштер
Бетта-адреноблокаторлар
Жүрек гликозидтері
Аденозин
Калий және магний препараттары
•Брадиаритмияда және өткізгіштіктің бұзылуында қолданылатын заттар
М- холиноблокаторлар
Бетта-адреномиметиктер

Аталған препараттар басқа да патологияда қолданылуы мүмкін. Хинидин, новокаинамид, этмозин, этацизин және аймалинді тек аритмияға қарсы зат ретінде қолданады. Калий хлоридін гипокалиемияның барлық жағдайларында, бірақ негізінен жүрке ырғағы бұзылғанда тағайындайды. Лидокаин жергілікті анестетик, анаприлин- бетта-адреноблокатор, жүрек гликозидтерінің препараттары жүрек жетіспеушілігін емдеуде қолданылатын дәрілік заттар ретінде танымал. Бұдан басқа, аритмияға қарсы белсенділігі бар заттар: эпилепсияға қарсы препараттар дифенин мен карбамазин; алғашында стенокардияны емдеуге ұсынылған препарат - верапамил; орнид симпатолитикалық зат ретінде белгілі. Брадиаритмияда және өткізгіштік бұзылғанда м-холиноблокаторларды және адреномиметиктерді қолдану орынды.

Дәрілік заттар
Дозалары
Жартылай шығарылу уақыты, сағ.
Плазма белогымен байланысы, %
Шығарылу жолы
Класс IA
Хинидин
200-600 мг әрбір 6 сағ. соң ішке немесе 330-660 мг 8 сағ. сайын
5-7 сағ.
80
Бауыр
Прокаинамид
250-750 мг әрбір 4-6 сағ. Ішке немесе 10-15 мг/кг көктамырға 25 мг/мин жылдамдықпен
3-5 сағ.
15
Бүйрек
Дизопирамид
100-200 мг әрбір 6-8 сағ. Ішке
8-9 сағ.
35-95
Бауыр, бүйрек
Класс IB
Лидокаин
1-3 мг/кг көктамырға 25-50 мг/мин, соңынан 1-4 мг/мин
1-2 сағ.
60
бауыр
Мексилетин
200-400 мг 8 сағ. Ішке
10-12 сағ.
55
бауыр
Класс IС
Морацизин
150-300 мг әрбір 8-12 сағ.
6-13 сағ.
95
Бауыр
Пропафенон
150-300 мг әрбір 8 сағ.
2-10 сағ.
95
Бауыр
Класс II

Класс II
Пропранолол
10-100 мг әрбір 6 сағ. Немесе 0, 1% мг/кг көктамырға
4-6 сағ.
95
Бауыр
Класс III
Амиодарон
600-1600 мг/тәул., кейін 200-400 мг/тәул.
50 тәул.
96
бауыр
Соталол
80-320 мг әрбір 12 сағ. сайын
10-15 сағ.
0
Бүйрек
Класс IV
Верапамил
80-320 мг әрбір 6-8 сағ. Ішке немесе 5-10 мг 1-2 мин көктамырға енгізу үшін
3-8 сағ.
90
Бүйрек
Басқа дәрілік заттар
Дигоксин
1, 25-1, 5 мг ішке 24 сағ. Ағымында, кейін 0, 125-0, 375 мг/тәул. Немесе 70% пероральды дозада көктамырға
36 сағ.
30
Бүйрек
Аденозин
6 мг көктамырға тез, эффект болмаса 1-2 мин соң 12 мг көктамырға жылдам жібереміз
10 с
-
-

Кардиомиоциттердің иондық каналдарын айрықша тежейтін заттар ( жүректің өткізгіштік жүйесі мен жиырылғыш миокардтың)
Фармакотерапиялық әсері- олардың автоматизмді тежеу қабілетіне, өткізгіштігіне, тиімді рефлактерлі кезеңді ұзартуына негізделген. Бұл көрсеткіштердің өзгеруі- препараттардың иондық каналдарға әсер етуімен байланыстырылады, олардың адренергиялық немесе холинергиялық жүйкелермен иннервацияланатын жүрек рецепторларына әсер етуімен толықтырылады.
Жүрек жасушаларының автоматизмі осы препараттар әсерінен төмендейді. Бұл негізінен диастолалық деполяризацияның ұзаруына және бір жағынан -қозу табалдырығының аздап жоғарылауына байланысты. Бұл ырғақтың табиғи жетекшісінің шамадан тыс белсенділеуіне және эктопиялық қозу ошағының пайда болуына кедергі жасайды.
Көптеген аритмияға қарсы заттар өткізгіштікті тежейді. Бұл тез деполяризация жылдамдығының төмендеуіне және жалпы деполяризация - реполяризация үрдісінің баяулауына әкеледі. ЭКГ-да өткізгіштік төмендеуі P-Q және қарыншалық кешен аралығының ұзаруымен көрінеді. Өткізгіштікті тежегендегі жағымды әсер, жүрекше тахиаритмиясында жүрекше-қарыншалық өткізгіштікті тежеу осындай аритмияларды тоқтату үшін жүрекшеден-қарыншаға патологиялық күшті ырғақтың таралуын шектеуінің маңызы зор.

Қозғыштықты көптеген препараттар төмендетеді.
Аритмияға қарсы заттарды қолданғанда олардың ішінде бірқатар миокардтың жиырылғыштығын тежейтінін ескеру қажет. Миокард жиырылғыштығының айқын тежелуі, әрине жүректің функционалдық жағдайына, әсіресе жүрек жетіспеушілігінде жағымсыз әсер етеді.
Аритмияға қарсы заттардың кардиотроптық әсерлерін бағалағанда, олардың кейбіреулерінің кезбе және симпатикалық жүйкелер арқылы берілетін экстракардиалдық әсерлерді өзгерту қабілетін естен шығармаған жөн. Сонымен, кезбе жүйкеден жүрекке қозу берілуі тежелгенде синустық ырғақтың жоғарылайтыны, жүрекше-қарыншалық түйінде өткізгіштіктің жақсаратындығы және оның рефрактерлік кезеңі қысқарады. Мысалы, егер хинидин және бірқатар хинидин тәрізді заттар жөнінде айтатын болсақ, онда олардың ваголитикалық әсері, бұл заттардың аритмияға қарсы әсерін қамтамасыз ететін жүрекке ықпалын әлсіретеді. Адренергиялық иннервацияның иондық каналдарының тежегіштері тобының аритмияға қарсы кейбір заттарының тежегіш әсеріне келетін болсақ, бұл көрініс оларда аз байқалады, аритмияға қарсы негізіг әсерін өзгертпейді немесе оны аздап күшейтеді.
Сонымен, аритмияға қарсы заттардың әсері тек кардиомициттердің иондық каналдарын тікелей әсер етуіне ғана емес, сонымен бірге олардың эфференттік иннервацияны өзгертуіне де байланысты: Бұл жағдайда препараттарды тағайындағанда және олардың тиімділігін бағалағанда ескеру қажет.

Натрий каналдарын тежейтін заттар
( мембрана тұрақтандырғыш заттар; I топ)
I A тобының препараттары
Негізгі өкілі- хинидин( хининнің оңға бұрушы изомері) . Медицина практикасында хинидин сульфаты қолданылады. Әсер ету механизмі- натрий каналдарын тежей отырып, әсер потенциалын туындататын, жасушаға өтетін натрий ағымын азайтады. Хинидин жүректің барлық бөліміне әсер етеді. Негізгі фармакологиялық әсері- автоматизмді тежеу, реполяризацияның ұзақтығын және оған сәйкес әсер потенциалы мен тиімді рефрактерлі кезеңнің ұлғаюы салдарынан, сонымен қатар өткізгіштікті төмендеткендіктен, хинидин автоматизмнің және өткізгіштіктің бұзылуына байланысты аритмияларда тиімді. ЭКГ-да P-R, QRS, QT аздап ұзаруы байқалады.
Кезбе жүйкеден жүрекке қозу берілуін тежейді, сонымен қатар кардиотроптық симпатикалық әсерді біршама азайтады. Альфа-адренорецепторларға тежегіш әсер көрсеткенде шеткі қан тамырлар жағынан көріністер байқалады. Хинидин миокардтың жиырылғыштығын едәуір төмендетеді.
Ішке тағайындайды. Асқазан-ішек жолынан толық сіңеді. Қан сарысуында оның барынша жоғары концентрациясы 2-3 сағ кейін түзіледі. Т1/2= 6-7 сағ. Заттың жартысы сарысу белогымен байланысады. Бауырда инактивацияланады. Өзгермеген хинидин және оның өзгеріске ұшыраған өнімдері бүйрек арқылы шығады. Жанама және уытты әсерлері: құлақта шу, бас ауыру, көрудің нашарлауы, диарея, лоқсу, құсу, идиосинкразия байқалады. Тромбоцитопениялық пурпура ауыр асқыну болып табылады. Жүрекше-қарыншалық және қарынша аралық тосқауылдар, сонымен қатар уытты тахиаритмиялар болуы мүмкін. Хинидин артериялық қысымды төмендетеді( жалпы шеткі қан тамырлардың қарсылығы төмендейді және жүректен қанды айдау шамалы азаяды) . Жүрек құлақшасында тромб болғанда, кейде эмболия байқалады.

I В тобының препараттары
Лидокаин ( ксикаин, ксилокаин) тек жергілікті анестетик қана емес, сонымен бірге аритмияға қарсы зат ретінде қолданылады. Резорбтивті әсері кезінде автоматизмге тежегіш әсер етеді. Бұл синустық-жүрекшелік түйінде ғана емес, Пуркинье талшығында және қарыншаның бұлшықетінде өтеді. Аталған әсерлер қозудың эктопиялық ошағы тежелуімен жүреді. Ол тез деполяризация жылдамдығына әсер етпейді, оны аздап төмендетеді. Хинидиннен айырмашылығы- лидокаин әсер потенциалының ұзақтығы ( реполяризация кезеңі) және аз дәрежеде тиімді рефрактерлік кезеңді азайтады. ( айрықша қарыншаның өткізгіштік жүйесінде және бұлшық етінде) . ЭКГ-да QT аралығының қысқаруы байқалады. Ол миокардтың жиырылғыштығын өзгертпейді инемесе бершама төмендетеді. Гемодинамикаға аз әсер етеді. Әдетте лидокаинды көк тамырға енгізеді. Препарат тез дамитын және қысқа уақыт әсер етуімен сипатталады. Лидокаинның көп бөлігі бауырда инактивацияға ұшырайды. Негізгі қолдану көрсеткіштері - қарыншалық аритмия, экстрасистолиялар, миокард инфарктында дамитын тахиаритмия, операциялық жағдайда, операциядан кейінгі кезеңде; Уытты әсері- гипотония, бас айналу, тырысу реакциялармен және басқа да симптомдары көрінеді. Жүрекше-қарыншалық тосқауыл, тахиаритмия болуы мүмкін.

Натрий каналын тежейтін IC тобының препараттары
Бұл топқа жататын препараттар жүректің барлық бөлімдеріне әсер етсе де, әдетте оларды қарыншалық аритмияларда қолданады. Дегенмен, бұл препараттарды сақтықпен қолдану керек, себебі олардың айқын аритмогенді белсенділігі бар. Инфарктен кейінгі жағдайларда қарыншалық тахиаритмиялардың алдын алу үшін қолданған дұрыс емес, себебі олардың әсер етуі кезінде өлімге әкелу жиілігі жоғарылайды.
Флекаинид ацетаты. Әсер ету механизмі- тез деполяризация жылдамдығы төмендеуімен жүреді. Сондай-ақ, атриовентрикулярлық түйінде, Гис шоғырында, Пуркинье талшықтарында және жүрек қарыншаларында өткізгіштік төмендейді. Бұл ЭКГ-да P-R және QRS кешен аралығының ұлғаюымен көрінеді. Негізгі әсерлері- синоатриалдық түйіннің автоматизмін аздап тежейді. Миокардтың жиырылғыштығы аз дәрежеде төмендейді. Ас қорыту жолынан жақсы сіңеді. Қанда жоғары концентрациясы 3-4 сағ кейін анықталады. Әсер ету ұзақтығы- 12 сағ. Бүйрек арқылы шығады. Қолданылуы- қарыншааралық аритмия. Ігке және көк тамырға тағайындайды. Жанама әсерлері- бас айналу, көру нашарлауы, лоқсу, бас ауыру, диспноэ. Қарсы көрсеткіштері- айқын блокада және кардиогенді шок.

Топтары, препараттары
Әсерінің басталуы, сағ
Максималды концентрациясының даму уақыты, сағ
Әсерінің ұзақтығы, сағ
Т1/2, сағ
Белоктарымен байланысы
IA. Хинидин
Новокаинамид
Дизопирамид
0, 5
0, 5
0, 5
2-4
0, 5-1, 5
2
6-8
3
6-7
6-7
2, 5-4, 5
4-10
60-80
15-20
20-60
IB . Лидокаин
Дифенин
Мексилетин
Өте тез
0, 5-1
0, 5-1
12
2-4
0, 25
24
8-12
1-2
6-24
8-10
60-80
87-93
55-65
IC . Флекаинид
Пропафенон
Этмозин
0, 5
0, 5-1
2
3-4
2-3
0, 8-2
12
8
10-24
10-16
5-8
10-32*3
75-85
97
95
II. Пропранолол
Метопролол
Атенолол
1
1
1
1-1, 5
3-6
2-4
6
12
24
3-6
3-4
5-10
80-90
10-12
<5
III Амиодарон
Орнид
Соталол
7-21 күн
6-8
1
5-6
3
2, 5-4
6-8
7-12
25-100 күн
5-10
8-12
99
0-8
0
IV . Верапамил
Дилтиазем
Фенигидин
1, 5-2
0, 5
<3
5
3-5
1-2
6-8
6
6-8
4-8
5
5
90
90
90
Аритмияға қарсы заттардың фармакокинетикасы

Негізгі әсерлері:
• Жүрекше-қарыншалық түйінде өткізгіштік тежелуі
• Тиімді рефрактерлі кезеңнің ұлғаюы
• Синустық-жүрекшелік түйінде автоматизмді тежейді.
• Миокард жиырылғыштығының төмендеуі
• Тәждік қан тамырлары кеңеюі

Верапамил- аритмияда кеңінен қолданылады. Ішектен жақсы сіңеді. Барынша жоғары әсері 1, 5-2 сағ кейін дамиды. Т1/2=3-7 сағ. Өзгермеген және коньюгат түрінде зәрмен, өтпен шығады. Қолданылуы- суправентрикулярлық аритмияларда және стенокардия. Ішке және көк тамырға енгізеді. Жанама әсерлері- гипотензия, жүрек жетіспеушілігінің күшеюі, атриовентрикулярлық блокада, лоқсу, құсу, бас айналу, аллергиялық реакциялар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz