Бұрыштар мен көпбұрыштар: бастауыш сынып математика сабақ жоспары


Slide 1

Сабақ тақырыбы: Бұрыштар. Бұрыштардың түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

2. 3. 1. 1. Бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір-бірінен ажырату және атау төртбұрышты, шаршыны, тік төртбұрышты, үшбұрышты мәнді белгілері бойынша ажырату, анықтау

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір-бірінен ажырату және атау төртбұрышты, шаршыны, тік төртбұрышты, үшбұрышты мәнді белгілері бойынша ажырату, анықтау

Көптеген оқушылар: Бұрыш түрлерін және төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш түрлерін сипаттау және салыстыру

Кейбір оқушылар:Геометриялық фигураларды құрастыру шеберлігін дамытады.

Пәні: Математика

Рахым Назира Советқызы

Талғар ауданы

Гүлдала ауылы

№21 ОМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Slide 2

Белсенді оқу - оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады.

Әдістері

Допты лақтыру

Мұғалім допты лақтырады. Допты қағып алған оқушыға сұрақ қойылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді

Өзіңізді тексеріңіз

Бұл әдісте оқушылар өз қателерін түзей отырып, логикасы дамиды

Кір жаю

Берілген тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда кір жайғышқа жаяды. Ал қате бар оқушыларға көмек көрсетіледі

«Бекіту және қолданысқа енгізу»

Жаңадан меңгерілген математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру

Slide 3

«Жіктеу»

Барлық оқушы: Бұрыш құрастыр. Бұрыштардың санын анықта

Оқушының көпшілігі: Бұрыш құрастыр. Бұрышта рдың санын анықта. Бұрыштардың түрлеріне қарай айт

Оқушылардың кейбірі:Бұрыш құрастыр. Бұрыштардың санын анықта. Бұрыштардың түрлеріне қарай айт. Сол бұрыштардан фигура құрастыр.

Нәтижесінде: Қабілеті жоғары оқушылар мәліметтерді жағдайларда қолданып, оларды жаңа идеялар құру үшін пайдалануы.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға негізгі тапсырмаларды түсіндіре отырып, көмек көрсету

Саралау -оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жоспарлы жаттығуларды реттеу жолы

Slide 4

Критериалды бағалау

Тапсырма: Суретке мұқият қара. Бұрыштардың атауын жаз.

Нәтижесінде: білім алушы өз қатесін түзетеді, өзін тексеруге мүмкіндік алады.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушы Оқытушы

Жиынтық бағалау

доғал бұрышты таниды және атауын жазады;

сүйір бұрышты таниды және атауын жазады;

тік бұрышты таниды және атауын жазады

Бұл фигураның төрт тік бұрышы бар, бірақ шаршы емес.

Бұл фигураның бір тік бұрышы және екі сүйір бұрыштары бар.

Бұл фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей.

сипаттамасы бойынша тік төртбұрышты анықтайды және атауын жазады, сызады;

сипаттамасы бойынша үшбұрышты анықтайды және атауын жазады, сызады

сипаттамасы бойынша шаршыны анықтайды және атауын жазады, сызады

Бұрыш түрлерін бір-бірінен ажырата алады

Тіктөртбұрыш пен шаршыны және көпбұрышты біледі

Slide 5

Ықшамсабақтың сабақты жоспарлауға ықпалы

Тренермен әріптестерімнің маған берген кері байланысы

Тренермен әріптестерімнің маған берген кері байланысында АКТ -ны қолдану дағдыларындағы сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды, суреттер мен бейнежазба арқылы бұрыш, бұрыштың түрлеріне талдау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту деп жоспарладым.

Саралау жұмысын жүргізе отырып, үлгерімі төмен оқушыға көбірек қолдау көрсетуді жоспарладым.

Жаңа бағдарлама бойынша қысқа мерзімді жоспарды құрудың жолдарын талдап, енгізілген кодтың құрамын және кері байланыс беруді, белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін, саралауды меңгердім.

Тәжірибе барысында саралау жұмысына көбірек көңіл бөліп, белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін тереңірек меңгеруді және сабағымда қолдануды жоспарлаймын


Ұқсас жұмыстар
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту: бастауыш сынып математика сабақ жоспары
4-сынып математика сабақ жоспары: Қозғалысқа берілген есептерді шығару
5 сынып математика: жай бөлшектерді бөлуді бекіту сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі: Бастауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен жаттығулары
Біріккен сөз тақырыбы бойынша бастауыш сынып сабақ жоспары
Әйтімбетова М. әзірлеген Бастауыш сынып дарабозы интеллектуалды ойынының сабақ жоспары мен сұрақ-тапсырмалары
5-сынып математика: Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру - сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді оқу, қосу және азайту: 8-сынып математика сабақ жоспары
5-сынып математика. Ең кіші ортақ еселік: сабақ жоспары мен жаттығулар
5-сынып математика: Процент бойынша санды табу - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz