Жалпы ішкі долларының ЖІӨ




Презентация қосу
Қазақстан
Республикасының
Экономикасы
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты
жұмыс істейтін нарықтық экономика
құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы
жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам
болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының
қатарына түсті және қара
металлургия жатады. Қазақстанның
мысы, қорғасыны, мырышы
және кадмийі сапасының жоғары деңгейде
болуына байланысты әлемдік нарықта
сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі
елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады.
1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын
өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі
бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005
жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда)
61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд
текшем болды. Қазақстанда болашақта ашық кен
орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150
млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ
мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009
жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі
өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп
отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін
алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып
табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі
тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып
табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай,
ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай
сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге
қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі
тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8
есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-
2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе
артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд.
долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1
мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық
жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында
Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда
келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ
долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне
теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан
алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта
белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ
долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді
қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001
жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда
жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы
8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ
доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды
қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ
долларына дейін өсті.
2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық
қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8
млн. АҚШ долларын құрады.
Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына
жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық
сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004
жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан
астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап,
1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.
2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан
Республикасының сыртқы сауда айналымы
ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ
долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары
экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ
доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы
нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы
сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай
кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы
құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше
елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
Республикадағы саяси және экономикалық
тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние
жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің
сақталуына ықпал етті.
Жан басына
АҚШ шаққандағы
Инфляция
Жалпы ішкі долларының ЖІӨ
Жылы индексі
өнім айырбас (АҚШ
(2000=100)
бағамы деңгейінің %
үлесі)

1995 78,014,200 61.11 тенге 64 3.81

2000 102,599,902 142.26 тенге 100 3.53

2005 147,453,000 132.88 тенге 140 9.01
Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде
бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard &
Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші
халықаралық рейтингтік агенттіктердің
инвестициялық класс рейтингін алды.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s
рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының
инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы
ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ»
деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық
мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+»
деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік
валютадағы қысқа мерзімді облигациялар
бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте
барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені
болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне
сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің
жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары
елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі
көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде
қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен
5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті;
ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы
мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық
мөлшері 4,6 есе артты.
"Қазмұнайгаз" компаниясының
Астанадағы штаб-квартирасы.

"Қазақмыс" корпорациясының
Жезқазғандағы офисі.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасы
ҚР-дағы экономикалық өсу себептері,факторлары
АҚШ - тың сыртқы қарыздары
Ағымдық тұтыну шығындары
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Макроэкономика пәні
Макроэкономикалық көрсеткіштер
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
Пәндер