Магмалық тау жыныстары


Slide 1

Тау жыныстары

Орындаған:Болекбаева Нуржанат

Slide 2

Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын арнайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Петрография тау жыныстарын зерттеуші ғылым болып табылады.

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Магмалық тау жыныстары

Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары - магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау жыныстары тез қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді, кейде ірілеу кристалдары да кездеседі. Интрузивтік тау жыныстары жер қойнауының тереңдіктерінде баяу қату салдарынан қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады. Магмалық тау жыныстарыдың өте маңызды бөлшектері силикаттар мен кварц. Олардың басты құрамдас бөлігі кремний оксиді (Sі2O) . Мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары 5 топқа бөлінеді:

ультранегізді (Sі2O<40%)

негізді (40 - 50%)

орташа негізді (56 - 60%)

қышқылды (65 - 70%)

ультрақышқылды жыныстар (>75%) .

Құрамында силикаты жоқ Магмалық тау жыныстары (мыс., карбонатиттер) өте сирек. Құрамындағы сілтілік металдар мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары қалыпты және сілтілі (граниттер, нефелинді сиениттер, фонолиттер) топтарға бөлінеді. Магмалық тау жыныстары құрылыс (артиктік туфтар, лабрадориттер, т. б. ), абразивті (пемза), жылу оқшаулағыш (пемза, перлит) материалдар ретінде қолданылады

Slide 9

Магмалық тау жыныстары

Интрузивтік тау жыныстары

Гранит

Сиенит

Габбро

Эффузивтік тау жыныстары

Андезит

Обсидиан

(вулкандық әйнек)

Базальт

Вулкандық

туф

Slide 10

Магмалық тау жыныстары

Төгілмелі магмалық тау жыныстары өз алдына кайнотип және палеотип болып екі түрге бөлінеді. Грек тілінде кайнос - жаңа, палеос - алғашқы немесе ескі деген сөз. Палеотип төгілмелі магмалық жыныстардың химиялық жолмен күшті бұзылып өзгерген, ескірген түрі, ал кайнотип төгілмелі жыныстардың өзгермеген түрі. Магмалық тау жыныстары ішіндегікремний тотығының мөлшеріне қарай 5 топқа бөлінеді.

Ультрақышқыл жыныстар, Si02 > 75%, яғни құрамында бос кварц өте көп.

Қышқыл жыныстар, Si02 -75-65%, яғни құрамында бос кварц кеп.

Орташа жыныстар, Si02-65-52% яғни құрамында бос кварц аз. Мұнда сілтілі жыныс, яғни кварц орнында сілтілі минералдар бар.

Негізді жыныстар, Si02 -52-45%, яғни құрамында бос кварц жоқ.

Өте негізді жыныстар, Si02 -45%, яғни құрамында кваритіпті жоқ.

Ультрақышқыл және қышқыл магмалық жыныстарға кіретіндер: аляскит, гранит, гранодиорит, дацит және олардың төгілмелі түрлері (аналогтары) .

Орташа магмалық жыныстарға кіретіндер: диорит және олардың төгілмелі түрлері сілтілер - сиенит, нефелинді сиенит.

Негізді магмалық жыныстарға кіретіндер: габбро және лабрадорит, базальт.

Өте негізді магмалық жыныстарға кіретіндер: перидотит, дунит, пироксенит. Сонымен қатар тау жыныстарында сілтілі металдар тотықтары көп болса, ал кремний мен алюминий тотықтары аз болса, оны сілтілі жыныстар деп те атайды. Нефелинді сиенит осыған жатады.

Slide 11

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары - құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Slide 12

Шөгінді тау жыныстары

Бейорганикалық

Органикалық

Кесекті

құм, саз, лай

Химиялық

Гипс

Ас тұзы

Көмір, әктас,

бор, ұлутас

Slide 13

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:

қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;

осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де құрлық немесе су түбіне тұнады;

әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.

Әлі тепе-теңдік күйге келмеген, бірақ уақыт өте келе біртіндеп Шөгінді тау жыныстарына айналатын осы тұнба күрделі физика-химиялық жүйе болып саналады. Осы жүйенің тау жыныстарына айналу процесі гипергенез, седиментогенез, диагенез, катагенез, т. б. даму сатыларында жүзеге асады. Шөгінді тау жыныстары бұрын болған эндогендік тау жыныстарының үгілу өнімдерінен пайда болғандықтан олардың химиялық құрамы бір-біріне ұқсас.

Айырмашылығы Шөгінді тау жыныстарында темір мен кальций тотығы және су мен көміртектің көбірек болуында. Шөгінді тау жыныстары құраушыларына байланысты аутигендік және аллотигендік деп бөлінеді.

Slide 14

Шөгінді тау жыныстары

Әктас

Тас тұзы

Құмтас

Ас тұзы

Slide 15

Метаморфты тау жыныстары

Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho - өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.

мрамор

кварцит

Сазды сланец

гнейс

Slide 16

Метаморфты тау жыныстары


Ұқсас жұмыстар
Магмалық тау жыныстары классификациясы
Шөгінді тау жыныстары
Тау жыныстарының генетикалық жіктелуі
Петрография тау жыныстары туралы ғылым
Интрузивті тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстар
Минералдардын жіктелуі
Табиғи тас материалдары мен олардан жасалған бұйымдармен және қолдану барысымен танысу
Метаморфтық тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz