Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы




Презентация қосу
Оқушылардың ата-
аналармен жүргізетін
жұмыстарының әдістемесі

Тобы: Б-23
Орындаған: Жанахмет Гауһар
Қабылдаған: Акылбековна Э.А
Ата-анамен жұмыс
Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін
тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады.
Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай
шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді.
Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің
жұмысымен байланысты арттыру.
Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен
жүйелі таныстыру.
Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының
мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен
тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.
Ата-аналармен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары:

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:
- ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар
етіп отыру;
- ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға
үйрету;
- топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды
қатыстыру;
- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;
- мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
Тәрбиешілердің ата-аналармен
жүргізілетін жұмыс барысында
берілетін кеңес
1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға
көмектесу.
2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай
жай түсіндіру.
3. Балалардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне
тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.
4. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау,
таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.
Сынып жетекшінің ата-аналармен
байланыс жасау жолдары:
1.Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс
істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып
жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады.
2.Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен
байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.
3.Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен
байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының
жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін
мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
Ата-ананың міндеті:

Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
Мектептегі іс-шараларға қатысу;
Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Қорытынды:

Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі
жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл
тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол
мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда
жетекші қызмет атқарадыДегенмен,ата-аналармен жұмыс істеу көп
ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер
жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз
байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге
болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі
мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ақылды бала
Сыныптың ата - аналар жиналысы
АТА - АНА БАЛА
Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер
Мұғалімдермен әңгіме
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Нұрсұлтан Назарбаев
Менің баламның әлемі
Бақытыңды балаңнан ізде
5- сынып оқушыларын пәндік оқуға бейімдеу
Пәндер