Педагогикалық басқарудың ұғымы мен қағидалары


Slide 1

Педагогикалық басқарудың ұстанымдары ұғымы

Орындаған

Топ:

Slide 2

Педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атауға болады.

1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.

2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.

3. Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.

4. Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.

5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы,

Slide 3

Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.

Олар мына төмендегілер:

- адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау;

- адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;

- өзара құрмет негізінде сенім қалыптастыру;

- бастамашылдықты, шыгармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру;

- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.

- адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі.

Slide 4

- Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл кызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп карастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгерімі тұрғысынан ғана оқушы деп карамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. . Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы, т. б.

Slide 5

Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, басқарудан қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:

-мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;

-мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларға деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен

жауапкершіліктерін бағалау;

-мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершілік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жүмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау, сараптау, сонан соң шешім қабылдау.

Slide 6

Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді біріктіре,

жұмылдыра білу.

Барлық қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.

Осындай жаңашылдық ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру кажетгілігін талап етеді.

Slide 7

Д. Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда ұстау қажет.

1. Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз және мақтаудан бастаңыз.

2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.

3. Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.

4. Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.

5. Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз

6. Мақтауға сараң болмаңыз.

7. Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.

8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыңыз.

9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.

10. Адамның өз бейнесін сақтауға мұмкіндік беріңіз.

Slide 8

Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мындай қағидалар жиынтығымен анықталады:

білім берудің ізгілік сипатта болуы;

білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;

білім берудің жалпыға бірдейлігі; білім берудің зиялылығы;

білім берудегі еркіндік;

білім берудің демократиялық сипатта болуы;

Slide 9

,, ,, ,,

,,

,

,,

,

,,

,,

,, ,

,, ,

,

,, ,,

Ребус


Ұқсас жұмыстар
Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы және мектепішілік басқарудың қағидалары
Педагогикалық менеджмент: теориясы, қағидалары және басқарудың негізгі функциялары
Менеджменттегі бақылау қағидалары: басқарудың ғылымы мен өнері
Мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары: ұғымы, қағидаттары және құқықтық формалары
Басқарудың мәні мен құрылымы: даму кезеңдері, қызметтері және қағидалары
Мектепті педагогикалық жүйе ретінде басқарудың теориясы мен тәжірибесі
Мектепті педагогикалық үдеріс ретінде басқарудың әдіснамасы және менеджмент негіздері
Стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін арттыру: ұғымы мен қағидалары
Мектеп ішілік педагогикалық басқару жүйесі: ерекшелігі, құрылымы және негізгі қағидалары
Педагогикалық құзыреттілік: ұғымы, мазмұны және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz