Жәңгір хан


Slide 1

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

БОӨЖ

Пәні:"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы және рухани жаңғыру

Тақырыбы:Қазақстанда ағартушылық мектептердің қалыптастуы

Орындаған:Қосжан Тоғжан

Тексерген:Нұрпейсова Нұрсұлу

Топ:Б-19-1 п/я

Slide 2

Жәңгір хан - өзінің қысқа ғұмырында ғылымға ден қойып, ағартушылық жұмыстарын жүзеге асыруды мақсат тұтқан қазақтың алғашқы оқыған билеушісі. Қазақ даласындағы ең алғашқы мектепті Жәңігір хан ашты.

Slide 3

Жәңгір хан XIX ғасырдың 30-шы жылдарының орта тұсында хан ордасында орталық мектеп ұйымдастыруды ойластыра бастайды. Оның ойы бойынша, бұл мектептің балаларды Ресейдің арнайы оқу орындарына түсу үшін дайындауы керек еді. 1841 жылы хан ордасында алғашқы мектеп ашылды. Мектепті ұстап тұру шығындарын хан өз мойнына алды. Жәңгір хан 1845 жылы дүниеден озды. Ол өзі қайтыс болғанға дейін мектептің шығындарын жеке қаражатынан төледі, тіпті, шәкірттердің сынақтарын да өзі өткізіп отырды. Іс жүзінде ол мектептің алғашқы ұстазы болды, ал татар Садриддин Аминов мектеп ісі бойынша оның көмекшісі қызметін атқарды. Кейіннен Орынбор кадет корпусын тәмамдаған бұл мектептің түлектері алған білімдерімен қатар офицер шендеріне де ие болды. Алғашқы мектеп Қазақстанның жалпы мәдени қозғалысында маңызды роль атқарды. Жәңгір хан: «Біздің балаларымыз білім ала отырып, қоғамға қызмет ету үшін қажет барлық ғылымдарды үйренетін болады. Мұның бәрі мені қуантады. Өйткені, білімге қол жеткізу - менің халқым үшін үлкен бақыт!» - деп жазған еді.

Slide 4

1911 жылғы санақ мағұлматы бойынша, қазақтардың балаларына арналған 350 орыс-қазақ мектептері болды. Осы мектептерде 6 756 бала, яғни оқушыларлың 289-ы ғана қазақ қыздары болған. Ал бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстарындағы орыс-қазақ мектептерінде қыздар болмаған.

Slide 5

Қазақ халқының оқып білім алуына патша үкіметі жартусыз ғана қаражат босататын. Егер Россия бойынша оқуға арнап жан басына жылына орта есеппен 56 тиын қаражат бөлінсе, Қазақстанда небәрі 14-36 тиын ғана бөлінді.

Қазақ балалары үшін «орыс сауаттылығының қарапайым, арзан мектептері» ұйымдастырылды. Бұл оқу мерзімі екі жылдық ауылдық және төрт жылдық екі кластық училище болды. Қазақ халқының атақты ағартушысы Ыбырай Алтынсарин орыс-қазақ мектебін дамыту, оқу программаларын жетілдіру, тұңғыш оқулықтар құрастыру және мектептерге мұғалімдер даярлау ісіне көп еңбек сіңірді.

Slide 6

1860 жылы Орынбор облыстық басқармасы Алтынсаринның үзбей жазған өтініштерін қанағаттандырып, қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді. Шалғай қалада мектеп ашу қиын болды (қаражат, мектеп ғимараты және оқу құралдары болған жоқ) . Облыстық басқарма мен жергілікті болыстар осы маңызды іске суық қарады. Патша өкіметінің өзі де халықтың сауатын ашуды, ағарту жұмыстарын жасауды мақсат етпеген еді, оған тек тілді білетін іс жүргізушілер ғана керек болды. Алайда қиыншылықтар Алтынсаринге кедергі бола алмады.

Оның үстіне, Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай мектебіне мұғалім қызметіне атанған тұңғыш қазақ еді. Осы қуанышымен және өзінің ағартушылық идеяларымен рухы көтерілген Ыбырай Алтынсарин ауылдарды аралап, елге зайырлы білімнің маңыздылығын түсінідіріп отырды

Slide 7

Жергілікті тұрғындардан қаражат жинап, өзінің жеке жинақ ақшаларын салып, Алтынсарин мектеп ғимаратының құрылысына кірісті. Құрылысқа дайындалған кезінде қамалдың комендантында аудармашы болып қызмет істеп жүріп, Алтынасарин ауылдардан балалар әкелды, өз үйінде оларды орыс тіліне оқытты. 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады. Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңін жазды. Бұл өлең досы Н. И. Ильминскийге арналған мұрағат хатында жазылған және осы күнге дейін сақталған.

1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп

Slide 8

1879 жылы Қостанай қаласы облыс орталығы болып құрылғаннан кейін мектеп үшін тастан ғимарат салу мәселесі шешілді. Мектеп ғимаратының құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс-қазақ мектебі жаңа тас ғимаратқа көшіріліп, «Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп атала басталды. Жабылу шегінде тұрған мектептің жаңа ғимаратқа көшірілуі - Ыбырай Алтынсаринның тікелей еңбегі.


Ұқсас жұмыстар
Салқам Жәңгір хан 1610-1652
Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы туралы
Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы
Бөкей Ордасы
Жәңгір хан (1801—11.09.1845)
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы ақпарат
Қазақ хандары туралы
ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ
Қазақ хандығының құрылуымен нығаюы
Абылай қолбасшы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz