Алкалоидтар: химиялық құрылымы, жіктелуі және медицинадағы қолданылуы


Slide 1

Тақырыбы: Алкалоидтар туралы түсінік.

Орындаған: Төлегенова Г 114” Б”

Тексерген: Ерназарова Ж. А

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Ақтөбе 2010

Slide 2

Жоспары:

Алкалоидтар қасиеттері

Пиридин тобына жататын Алколоид - никотин

Медицинада қолданылуы

Slide 3

Алкалоидтар - негіздік қасиеттері бар азотты органикалық қосылыстар. Олар көптеген өсімдіктердің құрамында кездеседі және аминқышқылдарынан синтезделеді. Биологиялық қасиеттері көп мөлшерде улы, ал аз мөлшерде емдік зат ретінде байқалады.

Қазіргі кезде 5000-нан астам алколоидтар белгілі. Олардың құрылымының негізінде қандай да бір гетероцикл болады. Алколоидтардың химиялық жіктеу осы жағдайға негізделген.

Slide 4

Алкалоидтардың бастауы ретінде орнитин, лизин, аспарагин қышқылы, фенилаланин, тирозин, триптофан болып саналады. Физиологиялық ең қарапайым туындысы ретінде эфедринді қарастыруға болады.

CH₂-CH-COOH

CH-CH-CH₃

CH-CH₂-NHCH₃

Фенилаланин

Эфедрин

Адреналин

NH₂

OH

NHCH₃

OH

Slide 5

Эфедрин кеңірдекті бронх кеңітетін зат. Оған құрылысы ұқсас адреналин жақын тұр. Ол маңызды биологиялық процестерді реттейтін гормон ролін атқарады ( көмірсулардың алмасуы, жүрек қызметі) .

Өсімдіктерде алкалоидтар органикалық немесе минерал тұздар ретінде шамамен 1-2% мөлшерінде кездеседі. Қазіргі кезде белгілі алкалоидтардың барлығының бірдей құрылысы анықталмаған. Химиялық қасиеттері әртүрлі болып келетін алкалоидтарды жіктеу олардың құрамына кіретін гетероциклді сақиналардың табиғатына негізделген.

Slide 6

Пиридин тобына жататын алкалоид - никотин. Ол көп мөлшерде темекі жапырағында кездеседі. Өте улы зат, адам үшін қауіпті дозасы 20-40мг.

N

CH₃

Никотин

N

H₃CO

CH

OH

N

CH₂

CH₂

CH=CH₂

Хинуклидин

Хинолин

Хинин

Хин ағаштарының қабығында кездесетін алкалоид - хинин. Ол безгекке қарсы қолданылады, өте улы қатты зат түрінде болады.

Slide 7

Морфин апиынның құрамында 8-12% шамасында кездеседі. Оның құрамында негізінен изохинолин ядросымен конденсацияланған фенантрен сақинасы кіреді. Морфин молекуласында екі OH топтары бар, оның біреуі фенолдардың, ал екіншісі спирттердің қасиеттерін көрсетеді.

Морфин аз мөлшерде қолданғанда ұйықтататын және ауруды жансыздандыратын қасиет көрсетеді. Жиі қолданғанда ағза қатты уланып, адам жаны оған үйреніп кетеді.

Slide 8

Атропин - доланада кездеседі. Қатты зат. Ол - тропин спирті мен троп қышқылының күрделі эфирі. Медицинада аз мөлшерде адам көзінің қарашығын үлкейту үшін қолданылады.

CH₂-CH-CH

COOCH₃

CH-O-COC₆H₅

N-CH₃

CH₂-CH-CH

Кокаин

CH₂-CH-CH

N-CH₃

CH₂-CH-CH

CH-O-C-CH-CH₂-OH

O

C₆H₅

тропиннің қалдығы

троп қышқылының

қалдығы

Атропин

Slide 9

Кокаин күшті жергілікті жансыздандыратын зат, сондықтан оны көз, тамақ ауруларын, ауыз, мұрын қуыстарының кілегей қабаттарын емдегенде жергілікті анестезия үшін қолданады. Бейберекет қолданғанда кокаинизм деп аталатын өте ауыр нашақорлыққа соқтырады.

Резерпин қан қысымын төмендетеді. Ол Rauvolfia Serpentina өсімдігінен бөлініп алынған. Қан қысымы көтерілгенде (гипертония), кейбір психикалық науқастарды емдегенде қолданылады, құрылысы өте күрделі.

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер:

С. Н. Ділмағамбетов, Ж. Ж. Ғұмарова, С. Қ. Борамбаева «Биоорганикалық химия» Ақтөбе 2008

Н. А. Тюкавкина, Ю. И. Бауков «Биоорганическая химия» Москва 1985


Ұқсас жұмыстар
Алкалоидтар: химиялық құрылымы, жіктелуі және медициналық маңызы
Алкалоидтар: химиялық құрылымы, жіктелуі және биологиялық-медициналық маңызы
Алкалоидтар: құрылымы, жіктелуі, биологиялық әсері және фармакологиялық қолданылуы
Алкалоидтар: құрылымы, жіктелуі және адам организміне әсері
Аниондардың жіктелуі, қасиеттері және медицинадағы қолданылуы
Алкалоидтардың жіктелуі мен медицинадағы маңызы
Саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы: құрылымы, жіктелуі және медицинадағы қолданылуы
Карбон қышқылдары: құрылымы, жіктелуі, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Алкалоидтар: анықтамасы, жіктелуі және биологиялық-фармакологиялық әсері
Крахмалдың құрылымы, алынуы, физико-химиялық қасиеттері, жіктелуі және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz