Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру механизмдері мен нәтижелері


Slide 1

Презентация

Тақырыбы: Қазақстан Републикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру

Орындаған: Шоханқызы А.

Тобы: В-ЖМҚА-10-19

Қабылдаған:Ибраимова А.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

Slide 2

Жоспар

• Кіріспе

• Негізгі бөлім

• Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатын орнықтырудағы мемлекеттің қызмет істеу бағыттары

• Лайықты еңбек мүмкіндіктерін кеңейту, икемді еңбек нарығын арттыру мақсаты

• Қорытынды

• Әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

2009 жыл 28 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында ҚР Конституциясында әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың ықпалды тетіктерін одан әрі қалыптастыру болып табылатындығы айқындалған. Тұжырымдамада көрсетілгендей мемлекетіміздің кешенді, көпсалалы сипаттағы әлеуметтік-құқықтық саясаты әлеуметтік маңызы бар проблемалардың кең ауқымын шешуге бағытталған.

Slide 4

Оған, атап айтқанда, білім беру және денсаулық сақтауды, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды және төтенше жағдайларға жол бермеуді құқықтық реттеу жатады.

Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болумен қатар өзін-өзі сондай-ақ әлеуметтік мемлекет ретінде де орнықтырады. Оның өзіне тән сипаттамалары бар.

Slide 5 Slide 6

Мемлекеттің әлеуметтік сипатын республика Конституциясында Қазақстан мемлекетінің қолдауына кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, жанұя, ана, әке мен балаға, мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұрғындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік салалардан көруге болады.

Slide 7

Мемлекеттің әлеуметтік функциясы ұлт арасындағы теңдікті сақтап, жұмыссыздық санын азайтуға, жалпы айтқанда халықтың әл-ауқатын тұрақтандыруға бағытталған. Бұл үшін әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар жасап, жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтың нақты бір категориясының мүддесін қорғау үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджетті қаржыландыруға жүгінеді.

Slide 8

Денсаулық сақтау ісі мемлекеттің әлеуметтік қызметіндегі ерекше нысанасы болып табылады. Алғашқы қабылданған 1997 жылы 19 мамырдағы «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» базалық заңында адамдардың денсаулығын қорғаудың мемлекеттік саясатының принциптері келесідей белгіленді: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің гарантиялы көлем шеңберіндегі дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік және дәрі-дәрмектік көмек берілуінің қолайлы, үздіксіз, тегін болуымен олардың іске асырылуының өз жауапкершілігіне алуы. Денсаулық сақтау проблемаларына Президент Н. Назарбаевтың 1997 жылғы қазан айында Қазақстан халықына арнаған Жолдауынан кейін назар аудару күшейе түсті.

Slide 9

Қоректенуді экология мен қоршаған орта тазалығын жақсарту.

1998 жылдың 18 мамырында ҚР Президентінің «ҚР азаматтарының денсаулығын жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы» Жарлығы қабылданды. 1998 жылы оның тапсырмасы бойынша «Халықтың денсаулығы» атты республикалық бағдарлама жасалды. Республикада денсаулық сақтау саласында мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларын дамыту іске асырылды. Осы мақсатта субъектілерге жеке медициналық қызмет істеуге лицензиялар берілді, осы саладағы мекемелерді жекешелендіру процесі жүргізілді.

Slide 10

Дәрі препараттарына республикалық сұраныстың есептік сомасы 300-400 млн. АҚШ долларындай болды. Бұл еліміздегі аурулар санының артуын білдіріп отырса, нашақорлық пен маскүнемдіктің өсуі де белең алған болатын. Мысалы, 2001 жылдары республика бойынша 160 мыңдай маскүнем, 6-7 мыңдай нашақор есепте болған. Басқа медициналық көмекті қажет ететін қауіпті аурулар да жоғары деңгейде болды.

Slide 11

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағынан қорғаудың негіздері, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысандарына қарамастан, азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқығын іске асыруға қатысу мәселелері қазіргі таңда «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі арнаулы Заңымен іске асырылады.

Slide 12

Тегін медициналық қызмет көрсету 2005 жылы бір адамға шаққанда 7785 теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2006 жылы 9198 теңгеге жетті. 2009 жылға арнап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алуды қорытындылау үшін жеткізіп берушілерді іріктеу қорытындысы бойынша ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру және білім беру жүйесін дамыту
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру: білім беру және жастар саясаты
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру: Қазақстан-2030 және Қазақстан-2050 стратегиялары
Қазақстанның әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру: 2030 және 2050 стратегияларының басымдықтары мен нәтижелері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру жоспары: Рухани жаңғыру мен Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламаларының талдауы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру: 2050, 2025 және 2030 стратегиялары контекстінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және іске асыру механизмдері
Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты: мақсаттары, бағыттары және іске асыру тетіктері
Қазақстанда компьютерлік сауаттылықты арттыру және ақпараттық теңсіздікті төмендету: мемлекеттік бағдарламалар мен іске асыру механизмдері
Жапондық менеджмент: басқару принциптері, іске асыру механизмдері және ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz