1671 жылы Локк ағылш



Тексерген:Осимбаева И.
Орындаған:Мұхамбет Д.
Тақырыбы:
Джон Локк

Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 - 28 қазан 1704) британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.
Өмірбаяны:
29 тамыз 1632 жылы Англияның батысындағы Рингтон қаласында адвокаттың отбасында туған. 1646 жылы Вестминстер мектебіне қабылданды. 1652 жылы мектепті үздік бітірген Локк Оксфорд университетіне түсіп, 1656 жылы бакалавр дәрежесіне, ал 1658 жылы - магистр дәрежесіне еге болады.
1667 жылы лорд Энтони Эшли Купердің (граф Шефтсбери) отбасылық дәрігер және оның ұлының тәрбиешісі болып қызметке тұрады. Осы жылдардан бастап Локктың саяси өмірге қызығушылығы пайда болып, «ағылш. A Letter Concerning Toleration», тағы басқа жазба жұмыстарын бастайды. Граф Шефтсберидің тапсырмасы бойынша Локк Солтүстік Американың Каролина провинциясының ата заңының конституциясының («ағылш. Fundamental Constitutions of Carolina») жазылуына қатысқан.

1668 жылы Локк Корольдік қоғамының мүшесі болып, 1669 жылы - оның кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Локктың ең бастапқы қызығушылықтары жаратылыстану, медицина, саясат, экономика, педагогика, мемлекет пен шіркеудің қарым-қатынастары, дінге еріктілік мәселесі және ұждан бостандығы болған.
1671 жылы Локк «ағылш. An Essay Concerning Human Understanding» («Адамның санасы туралы тәжірибе») атты еңбегін жаза бастайды. 1672 - 1679 жылдары Локк Англияның мемлекеттік мекемелерінде түрлі лауазымды қызметтерін атқарады. Дегенмен Локктың карьерасы граф Шефтсберидің қоғамдағы жағдайны тікелей байланысты болады. 1675 жылдан 1679 жылдың ортасына дейін денсаулығының жағдайына байланысты Локк Францияда ем қабылдайды.
1683 жылы Локк граф Шефтсберидің ізіме Голландияға эмиграция жасайды. 1688-1689 жылдары Англиядағы Glorious Revolution төнкерісінің нәтижесінде таққа Вильгельм III Оранский отырып, Локк Англияға 1689 жылдың басында қайта оралады.
1690-шы жылдары Локк тек қана саяси өміріне араласпай, ғылыми және әдеби жұмыстарымен айналысып, көптеген жұмыстарды осы жылдары жазған.

Философиялық, педагогикалық және саяси еңбектері
Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.
1688 ж. Англияда мемлекеттік төңкеріс болды. Яков II Стюарт патшаның елден қашуына байланысты оның орнын Вильгельм Оранский иеленді. Ол конституциялық монархияны орнатуға келісім береді. Енді жер мен қаржы ақсүйектерінің арасында келісімшілік орнады. Осы әлеуметтік компромисс идеолога - Джон Локк ("Мемлекеттік басқару туралы екі трактат") . Мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған. Яғни, жазған жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Бірақ бұл жағдайда адамдар арасында талас-керісті шешетін ұйымдар болмаған. Бұл жағдай сенімсіздік тудыруға ықпал етті. Жаратылыс заңдарын қамтамасыз ету үшін, еркіндік, теңдік, жеке адамдар меншігін және оны қорғау үшін адамдар саяси бірлесіп мемлекет құрайды. Мемлекет - өздерінің орнатқан ортақ зандары бойынша біріккен және сот инстанциясын орнатқан, өзара керістерді шешу және кінәлілерді жазалау үшін құрылған адамдар бірлестігі. Басқа ұжымдық (отбасы, байлар биліктері) ұйымдардан мемлекет ерекшелігі ол саяси билікті, яғни меншікті сақтап, реттеу мақсатында заңдар шығаруға құқылы, осы заңдарды орындауға күш жүмсай алады, әрі мемлекетті сырттан жасалған шабуылдардан қорғайды. Саяси либерализм негізін қалаушылардың бірі Локк Джон жеке тұлға еркіндігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың теориялық негіздерін қалады. Негізгі шара ретінде билікті бөлу принципі ұсынылды. Локк Джон мемлекеттегі биліктің үш түрін көрсеткен: заң шығарушы, атқарушы және федеративтік.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz