Майларда еритін витаминдер



СӨЖ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
Биология және биохимия кафедрасы
Орындаған: Мұратұлы Қ.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Кенжебеков П. К.
Шымкент 2019 ж.
Тақырыбы: Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері

ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Витаминдер және олардың жіктелуі.
2. Майларда еритін витаминдер
3. Витаминдердің биологиялық қызметтері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

ағза тіршілігінің бірқалыпты өмір сүруі үшін өте аз мөлшерде ғана қажет болатын, заттардың дұрыс алмасуында әсер ететін, онда реттеуші қызмет атқаратын кіші молекулалы органикалық қосылыстар.
Витаминдер -
Витаминдер өндірісте арнайы дәрі-дәрмек ретінде шығарылады. Дегенмен, ағзаның қажеттілігін өтеуде азық-түлік қорымен тағам арқылы келген табиғи витаминдердің пайдасы зор.

Авитаминоз - азық қорында витаминдердің жетіспеуінен ағзада пайда болатын ауру.
Поливитаминоз - бірнеше витаминдердің жетіспеуінен туындайтын ауру.

Гиповитаминоздың түрлері:
біріншілік гиповитаминоз азық қорымен ағзаға
белгілі бір витаминнің қажетті мөлшерге қарағанда аз түсуі;
екіншілік гиповитаминоз түрлі жұқпалы аурулардың зардабынан кейін, сіңірілу үрдісінің бұзылуынан т. б пайда болады.
Ағза тіршілігінде көп жағдайда салыстырмалы түрде белгілі бір витаминнің жетіспеуі, яғни гиповитаминоз кездеседі.

Витаминнің ағзаға артық мөлшерде жіберілуі гипервитаминоз ауруына соқтырады, бұл көбінесе майда еритін витаминдерге тән болады. Себебі, майда еритін витаминдер ағзада артық мөлшерде жинақталып, өзінің улы, зиянды әсерін тудырады.

Витаминдер
Майларда еритіндер
Суда еритіндер

Майларда еритін витаминдер:

А витамині (Ретинол)

Табиғатта таралуы:
балық пен жануарлар бауырында;
сиыр сүтінен алынған сары майда;
жұмыртқаның сары уызында;
балықтың майында;
сәбізде;
өрікте;
асқабақта.
Ересек адам үшін тәуліктік мөлшері 0, 7 мг

Ағзада А витамині жетіспеген кезде:
эпителий қалыпты түзілуі бұзылады;
көздің қасаң қабаты қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр болып қалады.
алғашқы белгісі тауықкөз (түнгі суқараңғы) болады.
иммунитеттің төмендеуі;
тері аурулары;
тынысалу мен асқорыту ауруларына әкеліп соқтырады.

D витамині (Кальциферол)

Витамин D (Кальциферол)
Рахит сырқатына ұшыраған балаларды кварц шамының сәулесімен қыздырса, емдік әсер ететінін 1919 жылы Гульдчинский анықтаған.
XVIII ғ. соңына қарай дәрігерлер рахит ауруын емдеу үшін тамаққа балық бауырының майын қосуға болатынын анықтады.
XIX ғ. басында ультракүлгін сәулелермен әсер еткен жағдайда кейбір заттардан, рахитке қарсы әсерлі зат пайда болатыны анықталды. Мұндай алғы зат ашытқы ішіндегі эргостерол екен.
Рахитке қарсы фактор D витамині немесе кальциферол деп аталады.

D витаминінің табиғатта таралуы:
балық бауырының майында;
сиыр, қой және треска бауырында;
сүт және сүт өнімдерінде;
сарымайда;
ашытқы, өсімдік дәндерінің майында;
саңырауқұлақтарда;
жұмыртқада.
Адам үшін тәуліктік мөлшері 0, 0025 мг

Витамин Е (Токоферол)

Е витамині (Токоферол)
1922 ж. Эванс пен Бишоп жаңа майда еритін витамин ашып, оны токоферол деп атады. Грек тілінен ұрпақ беру деген мағына береді. Бұл рет бойынша бесінші ашылған витамин болғандықтан “Е витамині” деп аталды. (Е - ағылшын әліпбиіндегі бесінші әріп) .
Е витамині1937 ж. Каррердің зертханасында синтездеп алынған болатын.

Токоферолдар - сарғыштау келген май.
Ол майларда және органикалық еріткіштерде (хлороформ, спирт, ацетонда) ериді, суда ерімейді.
Е витамині ыстыққа төзімді де тұрақты келеді. Ол тіпті 200°С шамасына дейін қыздырғанда бүлінбейді, бұл кезде оттегінің қатысуы да әсер ете қоймайды.
Токоферол спирт сияқты қышқылдармен реакцияласады да күрделі эфир түзеді.

Е витаминінің табиғатта таралуы:
өсімдік майларында;
жануарлар бауырында;
жұмыртқада;
жүгері, күріш, бидай, зығыр, мақта майларында;
шығанақ жемісінде ;
алмұрт пен алма дәндерінде;
Адамға қажетті мөлшері тәулігіне 5 мг

Е витамині жетіспеген жағдайда :
жануарлар ұрпақсыздық дертіне шалдығады,
бұлшықеттері әлсізденеді;
қоректенуі бұзылады;
бауыр некрозына ұшырайды.

К витамині (Филлохинон)

Витамин К (Филлохинон)
1929 ж. (Г. Дам) синтездік жолмен алынған жем берілген тауықтың қан ұюы нашарлауы және терісінің астына қан құйылу құбылысы байқалған. Мұндай аурудың тауық организмінде К витамині жетіспегенің байқаған.
К витаминін 1939 ж. Каррер жоңышқадан бөліп алады. Ол К витамині немесе филлохинон деп аталады.

К витамині жетіспегенде:
Тері астына және бұлшықеттерге
қан құйылады (геморрагия) ;
протромбиннің антигемофильдік глобулин шамасы төмендейді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz