Жүректің қанайналымы


Slide 1

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Каратаева Г. Е.

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Шымкент 2019 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Такырыбы: Қандағы қоректік заттарды тұрақты ұстап тұратын функционалды жүйе презентация

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

Қанайналым туралы түсінік

II. Негізгі бөлім

а) Қанайналым реттелісі

б) Жүйкелік және гуморальдық реттелуі

в) Тәждік, өкпелік, милық қанайналым туралы түсінік

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Микроциркуляция дегеніміз - (грек. Mikros кіші, + лат. Circulatio - айналым) организмнің тіндер деңгейінде биологиялық сұйықтықтардың транспорты: капиллярлық микротамырлар арқылы қанның қозғалысы( капиллярлық қанаайналым), клеткааралық кеңістікте интерстициалды сұйықтықтар мен заттардың өтуі және лимфа микротамырлары арқылы лимфаның транспорты.

Slide 4

Перифериялық қанайналым - бұл мүшелер мен тіндердегі қанайналым, ол микроциркуляцияның көмегімен жүзеге асады. Микроциркуляцияны артериола, капилляр, артериола венулалық анастамоздар құрайды.

Оның бұзылысы дистрофияға, ишемияға, некрозға, әт тғрлі микроскопиялық бұзылыстарға әкеледі. Норманы білмей ауруды емдеуге болмайды.

Slide 5

Перифериялық қанайналымның реттелуі

Жергілікті қан ағудың мүшелердің функционалды қажеттіліктеріне бейімделуі токка қарсы өзгеріс жолдарымен жүзеге асады. Бұл қан тамырлардың қуысының өзгерісімен, яғни гидродинамикалық қарсылық реттелісімен сипатталады.

Қан ағысының көлемді жылдамдығының өзгерісі функционалды қажеттіліктері айтарлықтай вариацияланатын мүшелерде ауқымды болады. Бұл қаңқа еттері, асқазан ішек жолдары, бауыр, тері. Бас миы, бүйрек сияқты мүшелерде көп өзгермейді. Қан ағысы арнайы реттегіш механизмдердің көмегімен тұрақталып отырады. Перифериялық механизмдерді бұл жергілікті механизмдер, гуморальды және жүйкелік факторлар. Кейде бұл факторлар бір уақытта қан тамырлық тонусқа синергиялық әсер етеді.

Slide 6

Жергілікті реттелу. Кейбір заттар қантамырлар қабырғасына тікелей әсер етеді, ол клетка метаболизмге қажет (О2) Бұл механизмдер перифериялық қанайналымның метаболитикалық авторегуляциясымен қамтамасыз етіп отырады. Авторегуляция жергілікті органдардың функционалды қажеттіліктетріне беімделуіне мүмкіндік жасайды. Осылайша, оттегінің парциалдық қысымының төмендеуі қантамырларының кеңеюіне алып келеді.

Slide 7

Жүйкелік реттелу . Қантамырлардың қуысында вегетативті жүйке жүйесінде іске асады. Олар симпатикалық нерв жүйесінде, сонымен қатар парасимпатикалық та қатысады.

Slide 8

Гуморалды реттелу.

Катехоламиндер бүйрек үсті безінің милы

қабатында бөлініп қанда циркуляцияланады.

Адреналин де әсерін тигізеді. Осы екі заттың әсеті екі

бөлек. Адреналин қантамырды кеңітуі және тарылтуы

мүмкін. Ол әр түрлі адренорецепторлардың боуымен

түсіндіріледі. Катехлоамингдерден басқа басқа да химиялық

және гормонды факторлар : ангиотензин II, вазопрессин,

ренин т. б. әсерін тигізеді.

Slide 9

Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Адамның денесіндегі қан - организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4, 5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %.

Slide 10

Микроциркуляторлық арна жүрек-қантамыр жүйесінде орталық болып табылады. Ол қанның негізгі функциясы - транскапиллярлы алмасумен қамтамасыз етеді. Микроциркуляторлық звено ұсақ артериялардан, артериолалардан, капиллярлардан, венуллалардан, ұсақ веналардан тұрады. . Транскапиллярлы алмасу капиллярларда жүреді. Оның жүруі екі жақты өткізгіш қасиетіне ие, капиллярлардың ерекше құрылысына байланысты. Капиллялардың өткізгіштігі- бұл белсенді процесс, ол организм жасушаларының қалыпты тіршілігін оптималды ортамен қамтамасыз етеді. Қан микроциркуляторлық арнадан венаға түседі. Веналарда қысым төмен болады:ұсақтарында 10-15 мм. с. б. б. , ірілерінде 0 мм. с. б. б. дейін. Қанның венамен жүріп отыруы мына факторлармен қамтамасыз етеді: жүрек жұмысы, венаның клапанды аппараты, қаңқа еттерінің жиырылуы, кеуде клеткасының сіңірілуі.

Slide 11

Микроциркуляциялық жүйенің қызметі:

Ағзалар арасында қанды қайта бөлу немесе қанның көп бөлігін ұстап қалу;

Ішкі ортаның гомеостазын қамтамасыз ету болып табылады;

Дренаждық қызмет. Олар қанды әкелуші артериялардан тінге қарай өткізеді;

Трофикалық және газ алмасу. Қан тамырлары мен тіндер арасындағы зат алмасу;

Транспорттық қызмет: қанды тасымалдау;

Қан ағысының реттелуін: бұл қызметті артериолалар қамтамасыз етеді, себебі оларды арнайы сфинктерлер болады.

Slide 12

Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері

Капиллярларда қан қысымы көтерілгенде ( с. б. б. 200- 210 мм) жарылып та кетеді, онда тінге қан құйылады. Бірақ капиллярлардағы қанның қысымы мен қанның жылжу шапшаңдығы көбінесе оның алдындағы және соңындағы тамырлар жапқыштардың тонусына байланысты. Прекапиллярлық жапқыш жабылып капиллярларға қан өтпесе және капиллярлардан кейінгі тонусы көтеріліп, қан тез ағып кететін болса, капиллярларда қан қысымы төмендеп, тінаралық сұйықтықтың капиллярдың ішіне қарай сүзілуіне жағдай туады. Прекапиллярлық жапқыш ашылып, капиллярлар қанға толса, венулалардың тонусы төмендесе, плазманың тінге сүзілуі жеңілдейді. Сонымен капиллярлардың қанға толу толмауы оларға қан жеткізетін артериолалар мен прекапиллярлық жапқыштың және капиллярлардан қанды шығаратын венулалар мен артериовенулярлық анастомоздың жағдайына байланысты өзгереді.

Slide 13

Микроциркуляция

Микроциркуляция - қанның қантамырлар тіндерімен, диаметрі 200 мкм кем емес, жүріп отыруы.

Микроциркуляцияның құрылымды-функционалды бірлігі - қантамырлы модуль.

Қантамырлы модульдің құрамдық бөліктері: артериола, метаартериола немесе прекапилляр, капиллярлар, посткапиллярлар, венуллалар, артериоло-венулярлы анастомоздар

Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17

Капиллярлар типтері :

Магистральды капиллярлар

Бүйір капиллярлар и капиллярлы торлар

Кезекші капиллярлар (25%)

Плазматикалық капиллярлар (10%)

Үнсіз капиллярлар (65%)

Соматикалық

Висцеральды немесе фенестрирленген

Slide 18

Микроциркуляция жүйесінің реттелуі

Ұсақ артериялар мен веналар, артериолалар мен метаартериолалар адренергиялық және холинергиялық симпатикалық жүйелермен нервтенген;

Прекапиллярлар мен капиллярлар, венулалар көбінесе гуморальдық әсерлерге сезімтал келеді.


Ұқсас жұмыстар
Эмбриональды кезеңде қан айналым жүйесінің даму сатылары
Жүрек қабырғалары
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
Балалардағы ірі қан тамырларының сәулелік диагностикасы
ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ. ҚАН АҒАТЫН ТҮТІКШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
Жүректің қызметі
Әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың реографиясы. Кан айналымын зерттеудің әдістері. Реографиялық қысықтарын тіркеу және талдаупринциптерінің әдістері
Эпистаз
Полигенді ауруларға жалпы сипаттама
Жүрек - өкпе реанимациясының әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz