Мейірбикелік процесстің кезеңдері


Slide 1

Мейіргер ісінің қолтаңбалы бакалавры

ҚРДС жүйесіндегі мейірбикелік мамандық

Орындаған:Омарова З. С Тобы:С-МІҚБ-01-020.

Қабылдаған:Серикова Б. Д

Тақырыбы:Мейірбикелік процесстің кезеңдері. Мейірбикелік

процесстегі заманауи ақпараттық технологиялар

Slide 2

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мейірбикелік процесстің кезеңдері

Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Медбикелік процессті қолданудың маңызы

Мейірбикелік процесстегі заманауи ақпараттық технологиялар

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Мейірбикелер

- бұл мейірбикелік, акушерлік, емдеу ісі

белгіленген мамандыққа

жіберілген, мамандықтар бойынша

медициналық білімі бар қызметкерлер. Мейірбикелер әр-түрлі

қызметтерді атқарады, факторларды түсінуді,

денсаулыққа

әсерлер, аурудың себептері, оларды емдеу және сауықтыру

қабілеттері, сондай-ақ экологиялық, қатарлыларды талап етеді.

Халықтың денсаулығын тексеріп,

нығайту

жолында

медициналық

көмек беруде

, өз

оларға қол жетімді, тиімді

уақытының 80 пайызын науқаспен

бірге өткізетін медбике

қызметінің рөлі өте маңызды.

Slide 4

Мейірбикелік процесс

Мейірбикелік процесс - кәсіптік мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік процесстің мақсаты - ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні

физикалық, психологиялық - әлеуметтік және

рухани

толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда:

ағзасындағы 14 науқас тәуелсіздігін

негізгі қажеттілікті қолдау және қалыпқа

тыныштықпен емделушінің

қанағаттандыру,

келтіру.

Қажеттілік дегеніміз - адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.

Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз

мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.

Slide 5

Медбикелі процесс кезеңдері Мейірбикелік процесс 5 кезеңге бөлінеді:

жайлы

Емделушінің денсаулығы ақпарат жинау;

Мейірбикелік диагностика;

Күтімді жоспарлау;

Жоспарлауды жүзеге асыру;

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау;

Slide 6

Науқас туралы ақпарат көзі

Емделушіден сұрастыру

Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру

Дәрігермен сұхбаттасу

Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу

Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.

Емделушінің ауру тарихымен танысу

Slide 7

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.

Дәрігердің міндеті - дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.

Медбикенің міндеті - емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз

ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

Slide 8

Мейірбике

медбикелік

ауру тарихына емделушінің

жағдайын,

ойландыратын

мәселелерді

жазады, артықшылықтарын

айрықша

белгілейді.

Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады.

Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т. б. белгілерге шағымданады.

Slide 9

Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:

жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;

қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Мақсат қоюдың талаптары:

мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.

әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет. Жоспар түрлері:

Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.

Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т. б. бағытталған.

Slide 10

Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.

Стандарт дегеніміз - берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.

Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

Slide 11

Жоспарлауды жүзеге асыру

Медбикелік іс - әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

тәуелді

тәуелсіз

өзара тәуелді

Slide 12

Тәуелді - дәрігердің орындалатын медбикенің

нұсқауымен іс-әрекеті,

мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т. б.

Slide 13

Т әуелсіз - дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен

қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Мысалы:

емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.

емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;

емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;

емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т. б.

Slide 14

Ө зара тәуелді қатысу

- дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа

маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру

маманы т. б.

Slide 15

Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау

Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.


Ұқсас жұмыстар
Емделушіден сұрастыру
Мейірбикелік процесс
Дәлелді тәжірибеге шолу
Емделушінің ауру тарихымен танысу
Онкологиялық науқастарға мейірбикелік күтім
Мейіргерлік күтім жоспарының орындалуы
Дәлелді медицинаның бес кезеңдері
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері
Мейіргерлік күтімді жоспарлау
Мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулерді салыстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz