ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТӘЖІРИБЕСІ




Презентация қосу
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ ТӘЖІРИБЕСІ

Нұр-Сұлтан, 2020
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ
Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тәжірибиесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері
бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде
қолданылады.
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ
Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық
салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын
дерлік алу үшін пара сұрайтын жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік
пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен
жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты
шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде
бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк
сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия
Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне
біршама жақындады деп атап көрсетеді»
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ
2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты
қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті
арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде
әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі.
Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында Грузиядан
тек қана Прибалтика елдері озық тұр.
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ

Индексе восприятия коррупции Transparency International (2015, баллы)
Примечание: Чем выше балл, тем меньше уровень коррупции.
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ
Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау және Грузияда
сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 ж
ыл, Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа үкіметтің
келуін атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-
заңнамалық актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа
зеландиялық және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, М
ВФ және USAID
сияқты халықаралық ұйымдардың консультанттары мен сарапшыла
ры шақырылды.
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі
айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар грузияда превентивті-
алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай жағдайларды болдырмауға
бағдарланады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саясатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы
топтар, оқушылар, студенттер, бақ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері
үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды рөл берілетінін атап өту
қажет.
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізіне мемлекеттік қызметшілермен
қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне этикалық нормаларды оқыту
жатыр. Осы мақсатта халықаралық ұйымдардың қолдауымен этика
жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік материалдар әзірленді, осы саладағы
табысты өнімдердің бірі – «этика және мемлекеттік қызметшілердің жалпы
мінез-құлық ережелері» оқу құралы болып табылады. Грузияның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы тиімді тәжірибесі
студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқалар кіретін кең аудитория үшін оқыту
семинар-тренингтерін жүргізумен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру
қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар
шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.
ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН
РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ
НӘТИЖЕЛЕРІ
1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау.
Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу
барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай
мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады,
азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын
тоздырмайды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы
куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат
немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет
министрлігінің сайтында жазылса болғаны.
2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері
полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және
бірнеше есеге қысқарды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы
енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж
жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда
әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы
сөйлеседі. Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция
қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде
жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді, Қатаң түрде айыппұл салынды.
Жолдардағы бұзушылықтар азайды.
ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН
РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ
НӘТИЖЕЛЕРІ
3) Грузияда медициналық тексеруді алып тастады, дәрігерге барған
уақыты мен тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық
тексеру де жоқ, бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда
парақорларға пайдалы деп шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар
тапсырып, бар болғаны 35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы
мәліметтер) алуға болады. Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат
демалыссыз және мереке күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік
агенттігі атқарады.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп
грузин үкіметі шенеуніктің еңбекақысын көтеру деп есептейді, себебі
оған қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы
еңбекақы, содан кейін барлық мемлекеттік аппараттағы еңбекақы
реформалау жылдары 15–40 есеге артты.
5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны 18-ден 13-
ке, ведомстволардың саны 52-ден 34-ке қысқартылды.
Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы
автоинспекция, санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін
тоқтатты.
ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН
РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ
НӘТИЖЕЛЕРІ
6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі
қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы
толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы
бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң
қабылданды.
7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін әрбір
университет оқуға қабылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді.
Университетке «түсу»
бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі
барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық
база бойынша өткізеді. Содан кейін бірыңғай емтихан нәтижелері
бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі.
Грузияда болғанның бәрін басқа институционалдық және саяси
экономиялық жағдайлары елдерде қайталауға болмайды. Алайда,
Грузияның тәжірибесінен көптеген пайдалы сабақ алып, алдында
ауқымды әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жеңу бойынша осыған
ұқсас міндеттер тұрған басқа да елдердің жағдайына бейімделіп,
қолданыла алады.

Ұқсас жұмыстар
Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Жемқорлық туралы түсінік
ШЕТ ЕЛДЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық нысандары
Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу шаралары
Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әлемдік үздік тәжірибелері
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ
Пәндер