БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР




Презентация қосу
НҰР-СҰЛТАН
ҚАЛАСЫНЫҢ
2 БӨЛМЕЛІ
ПӘТЕР
НАРЫҒЫ
САҒЫНҒАЛИ АҚБОТА
ҮЙІ ЖОҚ ЖАНДА КҮЙ БОЛМАЙДЫ.
БАСЫНДА БАСПАНАСЫ
БОЛМАҒАНДЫҚТАН, ПӘТЕР
ЖАЛДАП КҮН КӨРУГЕ МӘЖБҮР.
АЛ, ПӘТЕРАҚЫСЫ ҚАЛТАҒА
САЛМАҚ ТҮСІРЕДІ. САЛДАРЫНАН
ҚАРЖЫ БАСЫН ҚҰРАЙ АЛМАЙ,
ТАПҚАН ТАБЫСЫ ЕШТЕҢЕГЕ
ЖЕТПЕЙ ЖАТАДЫ. СОНДЫҚТАН
ДА, ӘРБІР АЗАМАТ ТҮБІНДЕ ҮЙЛІ
БОЛУДЫ КӨЗДЕЙДІ. АЛ, ЕЛІМІЗДЕ
ҮЙ БАҒАСЫ ҚАЛАЙ БОЛЫП
ЖАТЫР? НАРЫҚҚА ҮҢІЛІП
КӨРЕЛІК:
ЕҢ ҚЫМБАТ ПӘТЕР ҚАЙ ҚАЛАДА?

Қазақстанда ең қымбат үйлер – Нұр-Сұлтанда екен. Бұл заңды да. Елорда үздіксіз даму үрдісінде. Ең
бастысы, мұнда жылдан-жылға халық саны артуда. Позитивті үрдіс жүріп жатқан қалада өз
кезегінде баға да өседі. Бұл нарық заңы.
Бас қаладағы риэлторлар келтірген мәліметтерге сенсек, мұнда бір бөлмелі пәтер орта есеппен 15
миллион теңге шамасында тұрады екен. Мысалы, Есіл ауданындағы 2016 жылы салынған «Арнау»
тұрғын-үй кешеніндегі 38 шаршы метрлі бір бөлмелі пәтерге 14 миллион теңге. Және «Айсанам»,
«Nova city» секілді кешендерде де пәтерлерді осы шамада сатып ала аласыз. Ал, екі бөлмелі пәтер
алу үшін қалтаңызда ең кемі 20 миллион теңге болу керек. Әрі көбінесе күні кеше құрылысы біткен
тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерде жөндеу жұмыстары толықтай аяқталмаған. Оны баспаны
сатып алған азамат өзі бітіруге мәжбүр. Мысалы, Есіл ауданындағы Қабанбай батыр мен Керей және
Жәнібек хан даңғылында орын тепкен «Жыл мезгілдері» тұрғын-үй кешеніндегі қос бөлмелі пәтерді
«Элит» жылжымайтын мүлік агенттігі 22 миллион 500 мың теңгеге бағалап отыр. Жоғарыда
айтқанымыздай, егер сіз осы кешеннен пәтер алсаңыз, оны өз қалауыңызбен жөндеп, жамап-жасқай
аласыз. Әрине, бұған да әжептеуір қаржы кететіні айтпаса да түсінікті. Орта есеппен мұндай пәтер
сізге 25 миллион теңгеге түсуі әбден мүмкін.
RANKING.KZ САРАПШЫЛАРЫ
ҰСЫНҒАН ДЕРЕКТЕРГЕ СҮЙЕНСЕК,
БИЫЛ ҚАҢТАР-СӘУІР АЙЛАРЫНДА
ЕЛІМІЗДЕ ОРТАША ЕСЕППЕН БІР
ШАРШЫ МЕТР ПӘТЕР БАҒАСЫ –
250 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН БАРҒАН.
АЛ, KRISHA.KZ САЙТЫНЫҢ
МОНИТОРИНГТІ ЗЕРТТЕУІНЕ КӨЗ
ЖҮГІРТСЕК, БИЫЛ ҚАЗАН АЙЫНА
ДЕЙІН 7 ОБЛЫСТА ПӘТЕР БАҒАСЫ
ҚЫМБАТТАСА, 7 ОБЛЫСТА
АРЗАНДАҒАН. БІР ҚЫЗЫҒЫ, НҰР-
СҰЛТАНДА ПӘТЕР БАҒАСЫ 0,8
(315 375 ТЕҢГЕ) ПАЙЫЗҒА
АРЗАНДАПТЫ.
АЛ, «ЭКСПЕРТ» ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК
АГЕНТТІГІ 2010 ЖЫЛДАРЫ САЛЫНҒАН
«ДОСТАР-2» КӨПҚАБАТТЫ ҮЙІНДЕГІ ҚОС
БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР 16 МИЛЛИОН 500 МЫҢ ТЕҢГЕ
ТҰРАТЫНЫН ХАБАРЛАЙДЫ. ОНШАҚТЫ ЖЫЛ
БҰРЫН САЛЫНҒАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ
ПӘТЕРЛЕР БАҒАСЫ ОСЫ ШАМАДА. БҰЛ
АСТАНАДАҒЫ ЕҢ МИНИМАЛДЫ БАҒАЛАР ДЕСЕ
БОЛАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, АСТАНАДА
БАҒАСЫН АЙТУҒА АУЗЫҢЫЗ БАРМАЙТЫН
(ШАРШЫ МЕТРІ МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН
БАРАДЫ) ЭЛИТТІ ПӘТЕРЛЕР ДЕ АЗ ЕМЕС.БҰНЫ
РИЭЛТОРЛАР СҰРАНЫС ЗАҢДЫЛЫҒЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРЕДІ. ЯҒНИ, СҰРАНЫС
ӨСКЕН САЙЫН БАҒА ДА ӨСЕДІ. ӘРІ ҮЙЛЕР
ЖАППАЙ МОНОЛИТТІ. МОНОЛИТТІ ҮЙЛЕР –
ҚЫМБАТ ЖҮРЕТІНІ БЕЛГІЛІ. СТАТИСТИКА
АГЕНТІГІНІҢ МӘЛІМЕТІ БОЙЫНША, БИЫЛ ЖЫЛ
БАСЫНДА НҰР-СҰЛТАНДА БІР ПӘТЕРДІҢ
ОРТАША ҚҰНЫ ШАРШЫ МЕТРІНЕ 338 МЫҢ
ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН. БҰЛ ЖАҢА ҮЙЛЕРДІҢ
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ОРТАША БАҒАСЫНАН 136,8
ПАЙЫЗҒА ЖОҒАРЫ.
ЖК GRAND OPERA

Гранд Опера - бұл бір ғимараттың архитектуралық стиліндегі төрт ғимараттан (8-
ден 16-ға дейін) тұратын тұрғын үй кешені. Тұжырымдамаға «Астана Опера» ірі
опера театрының архитектуралық бейнесі енеді. Ғимараттар сенімді және жер
сілкінісіне төзімді монолитті рамалық технологияны қолданып салынған.
Қабырғалары газ блоктарынан жасалған және жоғары сапалы және берік жылу
оқшаулағышымен оқшауланған.
439 600 〒 м²
ЖК NURA ESIL
Астанадағы «Нұра Есіл»
концептуалды тұрғын үй
кешені заманауи
архитектуралық стильде
салынған әр түрлі қабатты
он бір кірпіш үйден тұрады.
Ғимараттар бірыңғай
тұжырымдамада ашық
түстермен жасалған.
Қасбеттері гранит және
керамикалық плиткалармен
безендірілген.
370 900 〒 м²

67,23 м² - 26 170 693 〒

75,49 м² - 28 399 338 〒
ЖК VIVA GRAND
Кешен жылжымалы екі деңгейлі
автотұрақ арқылы бір кеңістікке
біріктірілген, өзгермелі қабаттар саны
(6,8,9,10 қабат) 8 тұрғын үйден
тұрады, қасбетін әрлеу - гранит, Funder
Max перделер панелі. Барлық құрылыс
материалдары Астананың климаттық
жағдайларын ескере отырып
таңдалады, төбенің биіктігі 2, 7 м,
жылыту орталық болып табылады.
220 000 〒 м²

62,32 м² - 13 710 400 〒

63,24 м² - 13 912 800 〒
ЖК BOSTON COMFORT HOUSE

«Бостон Комфорт Хаус» тұрғын үй кешені қаланың қарқынды дамып келе жатқан
ауданында, Есіл ауданы, Үркер шағын ауданында, астананың сол жағалауында
орналасқан. Астананың бас даму жоспарына сәйкес, жақын арада «Меруерт» жаңа
отбасылық-ойын-сауық саябағы «Бостон Комфорт Хаус» тұрғын үй кешеніне
қарама-қарсы орналасады.
235 000 〒 м²
55,42 м² - 13 023 700 〒

55,97 м² - 13 152 950 〒
ЖК КЛУБНЫЙ ДОМ «GREEN HOUSE»

Үйдің құрылысы - темірбетон монолитті қаңқасы, ол ұялы бетонның сыртқы
қабырғаларымен толтырылған. Тұрғын үй екі қабатқа бөлінген бес қабаттан
тұрады.
418 000 〒 м²
2-х комнатные – от 72 до 78 м2.

73,99 м² - 30 927 820 〒
ТОҚЕТЕРІ, «ТҮСТІК ӨМІРІҢ БОЛСА КЕШТІК МАЛ ЖИ»
ДЕМЕКШІ, ӘРБІР АЗАМАТ ЕРТЕҢГІ КҮНІНЕ БҮГІННЕН БАСТАП
ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТҚАНЫ АБЗАЛ.

Ұқсас жұмыстар
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСПАНА
Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы
АМАЛДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ
Бір орынды нөмір стандарт
Ауқымды интернет желісі
Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы
Сән салоны Имидж - бизнес жоспар
Көңілді тапқырлар
Рим құқығындағы неке түрлері
Фотосалон
Пәндер