Махаббат - тіршілігіміздің басы мен аяғы
Презентация қосу
Махаббатың(сүйішпеншіліктің) қуаты
Орындаған:Батырбекова А.Б.
Махаббат – тіршілігіміздің басы мен
аяғы.
Махаббатсыз өмір жоқ.
Сондықтан махаббат ол дана адам бас
иетін дүние.
Махаббат кәусәр сезім.
• Махаббат бар-жоғы сегіз әріптен құралған жалғыз сөз. Ал осы
сөздің ішінде қаншалықты күш-қуат бар екенін екінің бірі
біле бермейді. Бұл жерді аспанға шарықтатып, көк аспанды
жерге түсіретін ғаламат күштің иесі. Үлкен, ұлы махаббат
көрінгеннің басына қона беретін қасиет емес екен. Бал арасы
гүлдің ең әдемісіне, тәттісіне қонғанындай, махаббат та жан-
дүниесі кіршіксіз, рухы биік жандарда ғана болады.
Тіршілікті гүл десек, махаббат сол гүлдің нәрі. Сондықтан да
махббат та ақыл-ойы терең, адамгершілігі жоғары сатыдағы,
махаббатты құрметтей, қадірлей білетін пенделерге таңдап
қонатын бақыт екен. Ұлы Абай атамыз: «Махаббатсыз дүние
бос, хайуанға оны қосыңдар» демейтін бе еді!
Өмір арнауы құралған
тұңғиық
• «Ерлер мінер сұр қасқа,
• Шаба алмаса, ұр басқа.
• Батырлық, байлық кімде жоқ,
• Ғашықтық жолы бір басқа», – деп,
• аптабы аспандағы құс қанатын қарыған қырық
күншілік шөлін, ұры – қары, қарақшылар
торыған қатерлі жолын қаперіне алмастан,
жер түбіндегі қыз еліне жапа-жалғыз аттанып
кете барады. Махаббаттың жанында атақ–
даңқ пен батырлық, байлықтың өзін кәдеге
алғысыз санаған қазақтың сүйіспеншілік
этикасы неткен асқақ әрі сәулетті десеңізші!
Ғашық бекзадаға солай дегізіп, қауіп–қатерге
де қаратпай, айдап әкетіп бара жатқан
құдіреттің аты – махаббат емес пе!?
Махаббат сүйішпеншіліктен
құралады.
Сүйіспеншілік асыл қасиет.
• Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспен-шілік. Сүйіспеншілік –
тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі.
Жарық дүниеде барша кедергі-кесепатты жеңетін күш те осы
сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын
санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған
жанның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің
жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі
сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-
білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-
жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы
мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де,
жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.
Адам баласы
• Сүйіспеншілікті адам алғаш
шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап сезіп-көре
бастайды. Мейірімін төккен
ата-анасының ыстық
құшағында олардың аялы
алақанын сезіне жүріп, өмірге
төселеді. Есейе келе толағай
сүйіспеншілікті айналасынан
көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе
де, адам өмір бойы
сүйіспеншілікті іздеп, дауыл
алдындағы шағаладай шарқ
ұрып өтері анық.
Өзгелер үшін...
• Өзгелер үшін өмір сүру, өзгелер үшін жанын пида ету –
адам баласына ғана тән асқақ сезім. Бұл сезімнің
қайнар бастауы сүйіспеншілікте жатыр. Ендеше,
жұдырықтай жүрегі сүйіспеншілік деп соққан
жандарды адамзаттың ең абзалына балау орынды-ақ.
Ізгілік қаһармандары бойларындағы өшпенділік, жек
көру секілді әдеттерді біржолата жоя біледі. Үмітсіздік,
тіпті өлім де ізгілікті ту еткен мұндай қаһармандардың
сағын сындырып, тауын шаға алмақ емес. Олар күн
өткен сайын жан дүниелерінде сүйіспеншіліктің
жалынын лаулата түседі. Адамзаттың барлығын
бауырындай көретін пейілдері көл-көсір, жайылған
дастархандай дарқан. Сондықтан да баршаның
көңіліне қалай шаттық сыйлау керектігін жақсы біледі.
Жаратушы тарту еткен мәңгілік бар болудың бақытына
бөленгені сонша өмірдің пәнилігі мен өлім де олардың
ізгілік деп соққан жүректеріндегі жалынды жігерді
әсте жасыта алмайды.
Махаббат пен сүйіспеншілік
• Сүйіспеншілік – елдің ыстық ықыласына бөленудің ең
төте жолы. Өйткені, сүйіспеншілік – пайғамбарлардың
қастерлі жолы. Бұл жолдың жолаушылары жолдан
жазып, тығырыққа тірелуі мүмкін емес. Тұйыққа
тірелген күннің өзінде жабылған бір есіктің орнына
басқа жерден мың есік ашылады. Иә, сүйіспеншілікпен
барша адамзатты бауырға басып, жүректерге жол таба
білсек, дүниеде шешімін таппаған мәселе қалмас еді.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz