Әзірбайжан халқының тілі мен мәдениеті: ұлттық мейрамдар, киім-кешек және дәстүрлі тағамдар


Slide 1

СӨЖ 4-6. Тақырыбы: Әзірбайжан халқының тілі мен мәдениеті

Орындаған: Фил-41 тобының студенті Туремұрат Айнура

Slide 2

Ұлттық мейрамдар

Әзірбайжан - бұл ұлттық дәстүрлерді сақтап, оларға құрметпен қарайтын ел. Бұрынғыдай айлық күнтізбе бойынша мейрамдар тойланады, атаулы күндер - Құрбан байрам (құрбандық шалу мейрамы Оручлуг), Рамазан байрам - оразадан кейінгі мейрам. [

Новруз-байрам (Наурыз-мейрамы) - халық арасындағы Жаңа жыл мен көктемді тойлаудың ең ежелгі және құрметті мейрамы. Оны көктемгі күн мен түннің теңелген күні 21-22 наурызда тойлайды. Наурыз - табиғаттың жандануының белгісі, құнарлылықтың белгісі. Наурызға дайындық ертеден басталады. Үйлер көркейтіліп, ағаш отырғызылады, жаңа ңиім тігіледі, жұмыстқалар боялады, тәтті-дәмділер мен ұлттық тағамдар дайындалады. Мейіз немесе жаңғақ қосылған бидай - говурму қуырылады. Әрбір үйде міндетті түрде үстел үстінде бидай тұқымынан әдейі өсірілген жасыл өскіндер тұрады, мейрамға дейін төрт апта бойы сейсенбі сайын от жағылып, олардың үстінен балар секіреді, майшамдар жағылады. Мейрамның алдында туған-туыстар мен жақын-жуықтардың зираттарына барады. Наурыз - отбасылық мейрам. Мейрам күні кешке барлығы отбасылық ошақ басында жиналады. Жаңа жыл бай және жемісті болу үшін үстелге көптеген әр түрлі тағамдар қойылады. Мейрам 3 күнге созылады және көпшіліктің серуенімен аяқталады. Адамдар ұлттық киімдерді киіп, халық әндері мен билерін орындайды, спорттың ұлттық түрлері бойынша жарыстар өткізіледі.

Slide 3

Дәстүрлі киімдері

Әзірбайжандардың сәнді костюмы ғасырлар бойы ерекше өзгере қойған жоқ. Ерлердің киімі көптеген кавказдық халықтардың киіміне жақын, айырмашылықтары пішу және өңдеу бөлшектерінде ғана байқалады. Қолөнерлік матадан кең пішілген шалбар және бөзден тігілген туника тектес қарапайым жейде, архалук деп аталатын шыттан немесе сәтеннен тігілген көкірекше. Костюм елтірі бөрікпен және чарык деп аталатын қолдан жасалған шылғи аяқ киім мен жүн байпақпен аяқталады. Сонымен қатар чоху және қысқы тон - кюрк болады. Сол уақыттағы әзірбайжан әйелдерінің киімінде түстік үйлесімде ашық бояулар басым болды. Әйелдер киімінің негізгі элементтері бөзден, шыттан, сәтеннен және жібектен тігілген туника тәріздес қысқа жейде, сонымен қатар 6-12 тік матадан тігілген кең пішілген ұзын етекті бүрмелі белдемше болған. Шаштары қап тәрізді бас киімге жиналып, сыртынан жергілікті қолөнер өндірісінің жібек орамалын жамылған. Аяқтарына қолдан тоқылған жүн немесе жібек байпақ, ал сыртынан - ерлердікіне ұқсас кебіс киетін болған. Әйелдер костюмы зергерлік бұйымдармен толықтырылды, олар бастарына, мойындарына, кеуделеріне, қолдарына тағылатын болған. Әйел адам бөтен кісінің көзінше бетінің төменгі жақ бөлігін яшмаг деп аталатн бас орамалмен жауып ұстайды. Әйелдер киім-кешегінің маңызды бөлшегі - енді, былғарыдан жасалған, тиындармен көмкерілген және күміс тоғасы бар белбеу. [

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Ұлттық тағамдары

Әзірбайжандардың тұрмысындағы анағұрлым дәстүрлісі тағамдары болып қала береді. Қазірге дейін ауылдық жерлерінде тандырда пісірілген бидай ұнынан жасалған нанды ұнатады. Сонымен қатар, ұзыншақ болып келетін чурек-фэтир, көп уақыт сақтауға болатын жұқа нан - лаваш пісіреді. Сүттен май мен қатық жасайды. [

Дәстүрлі мерекелік тағам - палау, оның жүздеген түрлері бар. Палауды күріштен жасайды және оған еттен, құстан, балықтан, жеміс-жидектен және көкөністерден әр түрлі дәмдеуіштер қосады. Еттен жасалған тағамдарға талшын, өрік, мейіз және әр түрлі көк шөп қосады. Сонымен қатар жингал деп аталатын ұннан жасалған тағамдарды жақсы көреді, балапандардың ішіне жаңғақ салып, істікте қуырады, балықтың ішіне тартылған ет салып тандырда пісіреді. [6] Апшерон өзінің дюш-парасымен, яғни ұсақ түшпараларымен және кутабтарымен әйгілі. Сұйық тағамдардан әсіресе пити, кюфта-бозбаш, хамраши, көк шөп қосылған сүттен жасалған довга-суп және т. б. кеңінен танымал. Тартылған қой етіне күріш және әр түрлі дәмдеуіштер қосып, оны жүзім жапырақтарына немесе ерекше дәм мен хош иіс беретін орамжапыраққа орап пісірілетін долма да жалпыға танымал тағам болып саналады. Тартылған жас қой етімен сонымен қатар баклажан, қызанақ, болгар бұрышын, алманы да дайындайды. Отбасылық салтанаттарға әр түрлі тәтті-дәмді: шекербура, пахлава, жүзім мен тұттан дошаб, яғни тосап сияқты тағамдар пісіреді. Үйлену тойларында, салтанатты жиындарда тағамдарды ерлер әзірлейді, қонақтарға қызмет көрсету, тағам ұсыну және жинау жас жігіттердің міндетіне кіреді.

Slide 8 Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық мәдениеті: дәстүрлер, киіз үй, ұлттық тағамдар, киім-кешек және музыкалық аспаптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
XVI-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының материалдық мәдениеті: киіз үй, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар және киім
Қазақ мәдениеті: негізгі құндылықтар мен дәстүрлі мұра (киіз үй, зергерлік өнер, ұлттық киімдер, тағамдар, ойындар)
Қырғыз халқының тарихы, тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлері
Татар халқының тілі, мәдениеті және әдеби байланыстары
Корей аспаздық мәдениеті мен тамақтану ерекшеліктері: негізгі тағамдар, дәмдеуіштер, ит еті мәселесі және дәстүрлі сусындар
Киім дизайны: эстетика, конструкция және ұлттық киімдер
Әлем халықтарының асханасы: ұлттық тағамдар мен олардың диеталық құндылықтары
Болгар халқының тарихы, тілі мен мәдени-әлеуметтік дәстүрлері
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының жіктелуі мен дәстүрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz