Лимфа түйіні


Slide 1

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

Қалыпты анатомия кафедрасы

Тақырыбы: Иммуногенездің орталық және шеткі ағзалары

Орындаған : Кәрімжан. К

Тобы : В-ЖМҚА-07-19

Қабылдаған : Турекулова. А

Slide 2

Иммуногенездің орталық және шеткі ағзалары

Slide 3

Мазмұны:

01

02

03

Қан түзу ағзалары

Орталық қан өндіруші ағзалар

Шеткі қан өндіруші ағзалар

Slide 4

Қан түзу ағзалары

Қан түзу органдары деп- организмнің

ішкі ортасын қалыптастыратын қанның физиологиялық маңыздары әртүрлі

формалы элементтерінің қалыптасып,

пісіп-жетілетін мүшелерін айтамыз. Бұл мүшелер қызметіне байланысты

орталық және шеткі болып бөлінеді.

Орталық мүшелерде формалы

денешіктердің негізі қалыптасып, шеткі ағзаларда толық жетілуі болады.

Орталық ағзаға сүйек кемігі мен тимус, ал шеткісіне көкбауыр, лимфа түйіндері және миндалиндер .

Slide 5

Қан түзy мүшелері

Бадамша без, tonsіllae

Айырша без, thymus

Лимфа түйіндері, nodi lymphaticі

Лимфа тамырлары, vasa lymphatica

Көкбауыр, lien

Құрт тәрізді өсінді, Appendix vermiformis

Сүйек кемігі, medulla ossium

Slide 6

Қан жасау мүшелерінің классификациясы

Барлық қанжасау ағзалары

екі топқа бөлінеді:

-қан түзудің орталық ағза-

лары, оларға сүйек кемігі мен тимус жатады. Бұл топ бірінші-

лікті деп аталады.

- қан түзудің шеткі ағза-

лары, оларға лимфа тіндері

және көкбауыр жатады . Бұл топ екіншілікті деп аталады.

Slide 7

Сүйек кемігі

Суйек кемігі medulla ossium қан түзу мен

қатар иммунды жүйені қалыптастыратын

ағза болып табылады. Сүйек кемігі

негізінен қызыл кемік және сары сүйек

кемігі болып бөлінеді. Қызыл сүйек кемігі

medulla ossium rubra қуысты сүйектердің

эпифизінде және қысқа сүйектермен жалпақ сүйектердің кемікті бөлігінде болады. Сары сүйек кемігі medulla ossium flava ұзын сүйектердің диафизді бөлігін толтырып жатады.

Slide 8

Сүйек кемігінің ересек адамдағы жалпы

массасы 2, 5-3кг. Мұның жартысына жуығы

қызыл кемік. Ол негізінен құрамына

ретикулярлы тін мен гемопоэтикалық

элементтерден тұратын миелойдты тіннен

қалыптасқан. Онда бағаналы клеткалар мен

қан элементтерінің жетілмеген бласты түрлері болады. Ал сары кемікте негізінен май тіні

болады. Қалыпты жағдайда мұнда қан

түзілмейді, тек көп қан жоғалтқан жағдайда

қан жасау элементтері сары кемікте табылады

Slide 9

Сүйек кемігі эмбрион сүйегінде екінші айдың аяғында қалыптаса бастайды. 12- аптадан бастап мұнда қан тамырлары мен синусоидтар дамиды. 20-аптаға таман сүйек кемігінің массасы тез өсе бастайды

Сүйек кемігінің дамуы

Slide 10

Айырша без

Айырша без thymus- иммуногенездің орталық

органы болып табылады. Мұнда сүйек кемігінен қан арқылы келетін бағаналы жасушалар жасушалық

иммунитетке жауапты Т-лимфоциттерге айналады. Сондай-ақ тимуста “тимустық фактор” атты секрет өндіріледі. Бұл Т-лимфоциттердің қызметіне әсер

етуші жүйе. Айырша без мөлшері жағынан

ассиметриялы екі бөліктен тұрады оң және сол

dexter en sinister. Жоғары бөліктері біріккен және жіңішкелеу, ал

төменгі бөліктері жуандау келеді. Сол жақ бөлігі

көбінесе ұзын болады. Жалпы салмағы 37, 5г жуық, ал ұзындығы 7, 5-16см.

Slide 11

Айырша бездің топографиясы: Негізінен ол жоғарғы көкірек аралықтың

алдыңғы жағында оң және сол жақ

медиастинальді плевраның арасында орналасады.

Тимустың алдыңғы жағы дөңестеу

келеді, ал артында перикардтың жоғарғы бөлігі орналасқан. Тимустың дәнекер тінінен түзілген капсуласы capsula thymi

бар. Паренхимасы қыртысты және милы заттан тұрады. Ал

стромасы ретикулярлы тін мен эпителиоциттерден түзілген.

Slide 12

Айырша бездің қанмен қамтамасыз етілуі

Айырша бездің ішкі кеуделік, қолқа

доғасының және иық-бас сабауынан

тармақталатын тимустық тармақтар,

rr. thymici, қанмен қамтамасыз етіледі.

Тимустан веналық қан иық-бас және ішкі

кеуделік веналарға ашылады.

Көкрекаралық

Кеңірдекбронхтық лимфа түйіндеріне

ағады.

Лимфа ағымы : лимфа тимустан

трахеобронхиалды және парастерналды лимфа

түйіндері арқылы ағып келеді.

Глотопия: Айырша без кеуде қуысында,

алдыңғы кеуде аралықтың жоғарғы

өкпеқап аралық алаңда орналасқан.

Склетотопиясы: төс сүйек тұтқасының

ортында, 3-4 қабырға деңгейінде

орналасады.

Синтопия: алдынан- төс сүйек тұтқасы,

Бүйірінен - медиастиналды плевра, артынан- жоғарғы қуысты вена, иық-бас веналары,

қолқаның жоғарылаған бөлігі, одан

шығатын тамырлар, жоғарыдан- қалқанша

безі, төменнен- перикардтың жоғарғы бөлігі.

Slide 13

Тимустың дамуы

Тимус адамда 1-айдың аяғы мен

2-айдың басында 3-4 желбезек

қалталарынан жұп ағза түрінде пайда

болады. Кейін ол тек 3-сінен дамиды, ал 4-сі руднимент түрінде болады. Тимус

иммунды жүйенің басқа ағзаларына

қарағанда ерте дамиды. Ол нәрестеде

13, 3г болады.

Slide 14

Көкбауыр

Көкбауыр lien қан түзудің шеткі ағзасы. Ол негізінен іш қуысының 9-11

сол жақ қабырға аралығында орналасады. Ересек адамдағы салмағы

ерлерде-192г, әйелдерде 153г болады, ұзындығы 10-14см, ені 6-10см,

қалыңдығы 3-4см. Көкбауыр жұмсақ, қою қызыл түсті болады. Оның екі бетін ажыратады:

диафрагмальды, висцеральды. Висцеральды бетінде көкбауыр қақпасы бар, қақпа арқылы нерв, қан тамырлары өтеді. Көкбауырдың шырышты қабатының астында дәнекер тінді трабекулалар trabeculae lienis бар. Трабекула

астында көкбауыр паренхимасы пульпа pulpa lienis орналасқан. Пульпаның екі түрін ажыратады қызыл және ақ. Қызылының құрамында эритроциттер, лейкоциттер, лимфоциттер, макрофагтар бар, ал ақ пульпа лимфойдты түйіндерден, лимфоциттерден тұрады.

Slide 15

Көкбауырдың қан тамырлары мен

нервтері. Дамуы

Көкбауыр бірнеше тармаққа

бөлінген көкбауырлық артериямен

қоректенеді. Вена қаны пульпарлы, трабекулалы тамырлардан қақпа

венасы арқылы көкбауыр

қақпасынан шығады. Нервтенуі

симпатикалық талшықтар арқылы жүреді. Көкбауырдың қалыптасуы эмбрионалды дамудың 5-6 аптасында жүреді. 2-4 айында веналық

синустармен қатар трабекулалар

қалыптасады, 4-5 айында алғашқы лимфоциттер шоғыры пайда

болады.

Slide 16

Бадамша без

Бадамша без тілдік, жұтқыншақтық, таңдайлық, түтікті болады. Олар

лимфойдты тіннің диффузды жинақталуынан түзілген. 1. Тілдік миндалина, tonsilla lingualis тілдің түбірінде тегіс эпителидің

астында орналасады. Оның ұзындығы 18-25мм, ені 18-25мм. болады. 2. Таңдайлық миндалина, tonsilla palatina жұп болады, ол миндалиналық ұяда орналасады. Ұзындығы 13-28мм. 3. Жұтқыншақтық миндалина, tonsilla pharyngealis тақ мүше, ол жұтқыншақтың арт жағында орналасады. Ұзындығы 13-21мм, ені 10-15мм. 4. Түтікті миндалина, tonsilla tubaria жұп орган, есту түтігінің жұтқыншақ бөлімінде орналасқан. Бұл да басқалары тәріздес лимфоидты тіннің

диффузды жинақталуынан қалыптасқан.

Slide 17

Лимфа түйіндері. Лимфа түйіндері nobi lymphatici -бұл иммунды

жүйенің ең саны көп мүшесі болып табылады. Лимфа түйіндері лимфа

тамырларын, лимфа бағандарын бойлай дене мүшелерінің барлық

аймақтарында орналасады. Олар негізінен топтасып немесе жұптасып

орналасады. Сыртынан әрбір лимфа түйіні дәнекер тінді капсуламен

қапталған, мұннан ішке қарай капсулалық трабекула тарайды. Лимфа түйінінен лимфа тамыры шығатын жерінде лимфа қақпасы hilus бар. Соматикалық лимфа түйіндерінде бір ғана қақпа, ал висцералдыларда 3-4 қақпаға дейін болады. Бұл қақпа арқылы артерия, вена, нервтер де түйінге өтеді. Капсуланың ішінде ретикулярлы тіннен түзілген строма мен екі түрлі заттан тұратын паренхима бар. Паренхима милы medula және қыртысты cortex заттан

тұрады

Slide 18

Алғашқы лимфа түйіндері эмбрионалды дамудың 5-6 аптасында мезенхимадан түзіледі. Осыдан

бастап нәресте дүниеге келгенше біртіндеп дене

аймақтарының барлық жерінде дамиды. Біртіндеп жылдар өте келе лимфа түйіндері өзгеріске

ұшырай бастайды, яғни жас ұлғайғанда ұсақ

түйіндер дәнекер тінденіп, қызмет атқармайтын

болады, кейбір жақын орналасқандары бірігіп, бір үлкен түйін құрайды. Олар сегментті немесе лента тәрізді болады.

Slide 19

Лимфа түйіні

Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ

қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б.

Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі

(без шошиды) . Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға

жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа

түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі.

Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа

қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа

өзектері жатады.

Slide 20 Slide 21

Жақ асты лимфа түйіні - In. mandibularis - жұп, сопақ

немесе домалақ пішінді, ұзындығы 2, 0-4, 5 см, жақ асты

сілекей безі мен төменгі жақ сүйегінің ішкі беткейінің

аралығында орналасқан. Лимфаны бастың төменгі және

жақ бөлігінің терісінен, тістерден, ауыз және мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғаларынан, тілден, үстіңгі

және төменгі еріндерден, беттен, сілекей бездерінен жинайды.

Құлақ маңы лимфа түйіні - In. parotideus - жұп, сопақ

пішінді, ұзындығы 6-9 см, жақ буынынан төмен орналасқан, а

лдыңғы бөлігі терімен, ал артқы бөлігі - құлақ маңы сілекей

безімен жабылған. Лимфаны бас терісінен және бұлшық

етінен, үстіңгі және астыңғы жақтан, көзден, сыртқы құлақтан және бас сүйектен, мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің

қабырғасынан, үстіңгі және астыңғы еріннен, тістің қызыл

иегінен және молярларынан жинайды.

Slide 22 Slide 23

Құрт тәрізді өсінді.

Caecum-нің медиальды артқы бетінен, жіңішке ішек

құятын жерінен 2, 5-3, 5см төменде құрт тәрізді өсінді, Appendix vermiformis, шығады. Құрт тәрізді өсіндінің

ұзындығы мен орналасу қалпы көп өзгеріп отырады,

орташа ұзындығы 8, 6см тең, алайда 2% жағдайда ол 3

см ге дейін қысқарады. Құрт тәрізді өсіндінің болмауы өте сирек кездеседі, оның орналасуы соқыр ішікпен

тығыз байланысты болады. Өсік алдыңғы жақта

құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасы мен сыртта

мықын сүйегі қырының, іште m. iliacus-тың арасында

орналасады. Медиальды жағдайда құрт тәрізді өскін

солға қарай яғни соқыр ішектен ішке қарай

бағытталады.

Slide 24

Содан аш ішек ілмектерінің арасында орналасады. Өсіктің соқыр

ішіктің артына (ретроцекально) орналасатын жағдайлары да


Ұқсас жұмыстар
Шошқаның лимфа түйіндері
Қан тізімін өңдеу журналы
Ағзаның қорғану жолдары
Постэмбриональді гемопоэз
Қан түзетін ағзалар
ЖШС ЕСІК МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ӨКПЕ ОБЫРЫ
Лимфа түйіндеріне ветеринариялық санитариялық баға беруу
Симпатикалық жүйке
Жүрек тамырлар
Кеудеде ауру сезімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz