Маркетингтік зерттеулер: әдістері, ақпарат көздері және зерттеу кезеңдері


Slide 1

Маркетингтік зерттеу

Slide 2

Дәрістің мақсаты: маркетингтік зерттеулердің табиғатын, әдістері мен құралдарын, маркетингтік мәселелер бойынша зерттеу жүргізудің кезеңдерін оқып үйрену.

Түйінді ұғымдар: маркетингтік зерттеулер, алғашқы және екінші деңгейдегі ақпарат маркетингтік ақпарат, сауалнама, эксперимент, байқау, фокус-топ.

Slide 3

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз -

компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.

Slide 4

Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады:

фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау

оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжыту мәселелерін бағалау

тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау

нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу

сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарларын, макроортаны талдау.

Slide 5

Ақпарат жинау әдістері

Бастапқы (вторичные) мәліметтер - бұл маркетингтік зерттеулердің мақсаттарынан бөлек, бұрын басқа мақсаттармен жиналған ақпарат.

Екінші ретті ақпарат - бұл нақты зерттелетін мәселені шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат.

Slide 6

Бастапқы мәліметтердің артықшылықтары:

1. Бұл ақпарат қолға оңай түседі жэне салыстырмалы түрде арзан /фирмалардың материалдары, салалық жарияланымдар, мерзімдік басылымдар жэне т. б. / болады.

2. Бастапқы мәліметтер соңғы ақпараттан жылдамырақ жиналады.

3. Мүндай ақпарат шүбәсіз сенімді болады.

Кемшіліктері:

1. Бастапқы ақпарат ескі болуы мүмкін, өйткені ол басқа мақсат үшін жиналған.

2. Ақпарат жалпы сипатта болғандықтан жүргізіліп отырған зерттеулер мақсатына сәйкес келмеуі мүмкін.

Slide 7

Соңғы ақпаратты жинау үшін көп шығын, еңбек жэне уақыт керек. Сондықтан соңғы ақпаратгы жинаудың арнайы жоспарын дайындау қажет.

Соңғы ақпараттардың артықшылықтары:

1. Зерттеудің нақты мақсатына сәйкес жиналады.

2. Ақпаратты жинау әдістемесі бақыланады жэне белгілі болады.

3. Ақпарат сенімді түрде болады.

Екінші ретті ақпарат - бұл нақты зертгелетін мәселені шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат. Мүндай зерттеулер «далалық» деп аталады.

Кемшіліктері:

Көп уақыт жэне қаражат керек (сынамалы маркетингтің нақты нәтижесін алу үшін 6 айдан астам уақыт қажет) .

2. Кейбір мәліметтер алынбауы мүмкін.

Slide 8

Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері

1. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.

2. Зерттеу жоспарын құру.

3. Ақпарат жинау.

4. Жиналған ақпаратты талдау.

5. Зерттеу қорытындылары туралы есеп.

Slide 9

Зерттеу әдістері

Бақылау - бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен соңғы ақпаратты жинау әдісі.

Эксперимент - мұнда бір немесе бірнеше айнымалы факторлардың өзгерісі бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалы анықталады.

Slide 10

Пікір сұрау (опрос) - соңғы ақпаратты алуды жүзеге асыру мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі және мәліметтерді жинаудың кең таралған түрі.

Сандық әдістер деп - жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі пікір сұрау жүргізуді айтады.

Сапалық әдіс - ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т. б. қолдануға негізделген.

Slide 11

Фокус-топ - құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кішігірім тобы. Бұл әдістің мәні - әр түрлі тұтынушылар тобының ойларын айқындау.

Slide 12

Бақылауға арналған сұрақтар:

1. Маркетингтік зерттеудің негізгі бағыттары қандай?

2. Маркетингтік зерттеу процесінің кезеңдері қандай?

3. Маркетингте қандай сапалы зерттеу әдістері қолданылады?

Slide 13

Әдебиеттер

1. Маркетинг: Учебник для бакалавров, Авторы: Нуралиев С. У., Нуралиева Д. С. Издательство: Дашков и К, 2013.

2. Основы маркетинга. Теория и практика: учебное пособие, Авторы: Эриашвили Н. Д., Пичурин И. И., Обухов О. В. Издательство: Юнити-Дана, 2012.

3. Ахметова З. Б. Ценообразование: учебное пособие / З. Б. Ахметова. - Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 296с.

4. Нейромаркетинг. Как влиять на подсознание потребителя. Роджер Дули. Издательство: Попурри, 2017. - 336с.

Интернет-ресурсы:

Доступно онлайн: Дополнительный учебный материал по «Маркетинг», а также документация для подготовки к семинарам, выполнения СРС/СРСП будет доступна на вашей странице на сайте univer. kaznu. kz. в разделе УМКД.

http://www. iamr. kz

http://econbook. kemsu. ru

https://habrahabr. ru

http://www. w3ii. com/ru/marketing_management


Ұқсас жұмыстар
Маркетингтік ақпарат жүйесі мен маркетингтік зерттеулер: құрылымы, рөлі және әдістері
Маркетингтік ақпарат жүйесі мен маркетингтік зерттеулер: ұғымдары, жіктелуі, мақсаттары және әдістері
Маркетинг пен маркетингтік зерттеулер: тұжырымдары, мақсаттары, әдістері және ақпараттық жүйелері
Маркетингтік зерттеудің мақсаттары, кезеңдері және Қазақстандағы тәжірибесі
Маркетинг және маркетингтік зерттеулер: ұғымдар, құралдар және міндеттер
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі мен стратегиялары: маркетингтік орта, зерттеу әдістері және Рахат компаниясының тәжірибелік талдауы
Пилоттық зерттеулер: клиникалық зерттеу түрлері, әдістері және мейірбике рөлі
Мейрамхана қызметі нарығындағы баға қалыптастыру: факторлар, әдістер және маркетингтік зерттеулер
Әлеуметтанудағы ақпарат жинау әдістері: сауалнама (анкета және сұхбат) мен құжаттарды зерттеу
Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы: әдістері мен кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz