Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: «Қазақ халқының мәдениеті
мәдениеттану»
Жоспары

1. Қазақтардың негізгі мәдени құндылықтары
2. Киіз үй - қазақтың киіз үйі.
3. Дала зергерлері (зергерлер)
4. Қазақтардың ұлттық киімдері
5. Ұлттық тағамдар
6. Ұлттық ойындар
Қорытынды
Кіріспе
Қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде
өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен
тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани
мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар
дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының
қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән
материалдық және рухани мәдениеттің сипатты
белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет
қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени
қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ
халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері,
аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ
күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан
алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық
емшілігі және материалдық мәдениет мұралары
т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан
көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық
Қазақтардың негізгі мәдени
құндылықтары
Үлкендерге құрмет. -
Бейбітшілік пен төзімділік
Қарым-қатынасқа ашықтық -
қонақжайлылық және қоршаған
әлеммен үйлесімді өмір сүруге
деген ұмтылыс
Киіз үй — мал баққан көшпелі
халықтардың қысы-жазы отыратын өте
қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез
құрылып, тез жиналады. Қыста жылы,
жазда салқын болады. Көлеміне және
сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып
келеді.
Киіз үйді құрайтын негізгі қаңқасын киіз
үйдің сүйегі деп атайды. Оларға кереге,
уық, шаңырақ, есік немесе сықырлауық
жатады.
Қазақтардың зергерлік бұйымдары
Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған
зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен,
шаруашылығымен тығыз байланыста дамып
келеді. Адам баласы ежелден әшекей
бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде
санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік
бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-
өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын
одан әрі ажарландырып, тартымдылығын
арттыра түседі.
Қазақ ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және
климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі,
сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір
киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға
барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ
Қазақ халқының дәстүрлі тағамдану жүйесі
қоршаған экологиялық жүйемен және
шаруашылығымен тығыз байланысты болды.
Сондықтан қазақтың әрбір дәстүрлі тағамы
денсаулыққа қажетті құндылық бола отырып,
пайдасының зор екенін білеміз. Бұл ғылыми
тұрғыдан да әлдеқашан дәлелденіп қойған.
Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең
басты орынды иеленеді. Бұл тағам түрлерінің
емдік, тұрмыстық қасиеттері бар.
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары көп. Өте көп. Оның
бәрін тізіп шығу мүмкін емес шығар. Қазақтың
ұлттық ойындары – халық мәдениетінің бастау
алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі,
тіл мен ділдің, батылдық пен батырлықтың,
ептілік пен қайсарлықтың және дене шынықтыру
тәрбиесінің негізгі элементі һәм халық тәрбиесінің
дәстүрлі табиғи жалғасы.
Қорытынды

1991 жылдан бастап Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Ата заң
бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа
этникалық топтпрға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі
ғасырдан артық қилы заман бұғалығын басынан өткізген ел
ғанатән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік
алды.
Пайдаланылған әдебиеттер

https://www.google.com/amp/s/baribar.kz/student/19909/khkh-
ghasyrda-qazaq-madenieti/amp/

Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану этимологиясы
Экологиялық мәдениет
Мәдениет ұғымы
Мәдениет тілі
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Мәдениеттің бастаулары
Мәдениет және тіл
Қытай эстетикасы мәселелері
Мәдениет морфологиясы
МӘДЕНИЕТ МОРФОЛОГИЯСЫ МӘДЕНИЕТ
Пәндер