Топырақ құнарлылығы


Slide 1

Топырақ құнарлылығы

Тексерген:Динара Е

Орындаған:Әділ Ш. Өмірзақ Айтбек. Бекмырза Д. Үсен Диляр

Slide 2

Топырақ құнарлылығы - топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физ. -хим. ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Бұл топырақтың ең басты қасиеті.

Slide 3

Топырақ құнарлылығы биоценоздың жалпы өнімділігі мен а. ш. дақылдарының түсім мөлшерін анықтайды. Топырақ құнарлылығын екіге бөледі: табиғи және жасанды. Табиғи Топырақ құнарлылығы топырақ түзілу процесі нәтижесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына, қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті, минерал. және хим. құрамына, микробиол. процестердің қарқындылығына тәуелді. Жасанды Топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдарды егіп өсіру, мелиорация, т. б. ) алынады және егілген а. ш. дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады.

Slide 4

Топырақты қорғап және оны дұрыс пайдалана білсе, оның құнарлылығы артады. Табиғи құнарлылығы төмен, егіншілікке жарамсыз топырақтарды да адам қолымен жақсартып, егіншілікке қарқынды пайдалану арқылы жоғары өнім беретін алқаптарға айналдыруға болады. Табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылықтың қо-сындысы - экон. немесе тиімділік құнарлылық деп аталады.

Slide 5

Ғасырлар бойы адамзат қоғамы негізінен табиғи құ-нарлылықты пайдаланып, соның берген азды-көпті өнімін қанағат тұтып келді. Бұрынғы кезде ұзақ жылдар бойы егіншіліктің үш танапты жүйесі орын алып, онда тың жатқан жерлерді жыртып, оған үш жылдай қатарынан егіс еккен. Ол жерлерден табиғи құнарлылығы арқасында өнім алып, одан кейінгі жылдары өнім азая бастаған кезде егістікті басқа жерлерге ауыстырып егу тәжірибесі өріс алып келді. Мұны егіншіліктің көшпелі жүйесі деп те атады. Дегенмен ғыл. -тех. прогрестің даму нәтижесінде жерді үнемі дұрыс пайдаланған жағдайда, ол ешуақытта жарамсыз болып, істен шығып қалмайтыны белгілі болды. Керісінше жылдан-жылға жақсара түседі.

Slide 6 Slide 7

Топырақ құнарлылығының мынандай категориялары болды: 1) табиғи құнарлылық; 2) жасанды немесе эффективті; 3) экономикалық. Бул түсініктерді өз мағыналарына сәйкес ұғым қажет. Табиғи құнарлылық табиғи күйіндегі ешқандай адам әрекетін қажет етпейтін құнарлылық. Жасанды құнарлылық негізінен адам әректінің нәтижесінде (мелиорациялау, тыңайту т. б. ) пайда болған қүнарлылық. Ал экономикалық құнарлылық жерден алынған өнімді бағалау.

Slide 8

Топырақтардың қасиеттерін төменгі топтарға ажыратуға болады:

1. Топырақтардың физикалық қасиеттеріне: оның суға төзгіш құрылымы, ауа өткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы сіңіріп, оны ұстап тұру, оңай өңдеуге болатын жақсы физикалық-механикалық қасиеттері жатады.

2. Топырақтардың химиялық және физико-химиялық қасиеттеріне: топырақта қара шіріндінің молдығы, өсімдіктерге сіңімі азот, фосфор, калий және микроэлементтердің неғұрлым жеткілікті болуы, топырақ ортасы реакциясының ыңғайлылығы, топырақ сіңіру кешенінің кальций катионына қанық болуы топырақтың ауамен қамтамасыз етіліп, оның тотығу-тотықсыздану мүмкіндігінің мол болуы, зиянды суға еритін тұздардың неғұрлым аз болуы немесе болмауы жатады.

3. Топырақтың биологиялық қасиеттеріне: микробиологиялық белсенділіктің жоғарылыгы негізінен бактериялардың басым, сонымен қатар ауадан азот жинаушы микроорганизмдердің биологиялық белсенді ферменттерді шығаратын микро организмдердің топырақ құрылымына және оны қопсытуға әсер ететін төмнгі сатылы жәндіктердің болуы.

4. Бүкіл өсімдіктердің өсіп-өнуі мезгілінде гидротермикалық режимнің болуы, ягни өсімдіктерді қажетті ылғал мен жылумен қамтамасыз ету.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНЫ
Құнарлы топырақ – мол және сапалы өнім
Топырақтың түрлері
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Қазақстанның топырағы
Қазақстанның топырақ типтері
Топырақты өңдеудің міндеттері
Топырақ биологиясы ілімінің пайда болуы
Отандық топырақтанудағы және топырақтың шетелдік жіктелуіндегі топырақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz