Ақпараттық жүйе түсінігі




Презентация қосу
Ақпараттық
жүйе
Жоспар:
Ақпараттық жүйе түсінігі
Ақпараттық жүйелер тарихы
Ақпараттық жүйелерді есептің құрылымдануына
қарай классификациялау
Ақпараттық жүйе түсінігі
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен
қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету
негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да,
басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол
техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады.
Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе,
сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу
процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге
арналған программа болуы мүмкін.
«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және
жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді
шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау,
сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді
анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа
жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу
және беруге пайдаланатын әдістер мен
қызметші әдістердің өзара
байланысқан жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес
компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің
негізгі техникалық әдістері ретінде
пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі
өндірістерде дербес компьютерлермен
қатар ақпараттық жүйенің техникалық
қоры құрамына мэйнфрейм немесе
суперЭЕМ кіреді.
Ақпарат 3 кезеңде « өмір сүреді» :
Ассимиляцияланған ақпарат – өзіндік
түсініктер және бағалау жүйесіне
қабылданған хабарламаның адам
саласында бейнеленуі.
Құжатталған ақпарат – қандай да бір
физикалық тасымалдаушыда таңбалық
формада жазылған мәліметтер.
Жіберілетін ақпарат – ақпараттың ақпарат
көзінен қабылдаушыға жіберілу мезетінде
қарастырылатын мәліметтер.
Ақпараттық
Бірінші жүйелер
ақпараттық тарихы 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары
жүйелер
олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған
болатын.
60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың
өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген
параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла
бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын
мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.
70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім
қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы
бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.
80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы
тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер
кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге,
тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы,
өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді
шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті.
Ақпараттық жүйелерді есептің
құрылымдануына қарай классификациялау
Есептердің құрылымдану түсінігі
Ақпараттық жүйелерді құру немесе классификациялау
кезінде шешілетін есептердің формальды –
математикалық және алгоритмдік суреттелуімен
байланысқан мәселелер туындайды. Ақпараттық жүйе
құруға арналған үш түрлі есепті бөліп қарауға болады:
құрылымдық, құрылымдық емес және жартылай
құрылымдық.
Құрылымдық есеп – оның барлық элементтері
мен олардың арасындағы байланысы белгілі есеп.
Құрылымдық емес есеп – онда элементтерді
бөлуге және олардың арасында байланыс құруға
мүмкін беретін есеп.
Пайдаланған әдебиеттер:
Archibald, J.A. (May 1975). "Computer Science education for
majors of other disciplines". AFIPS Joint Computer
Conferences: 903–906. "Computer science spreads out over
several related disciplines, and shares with these disciplines
certain sub-disciplines that traditionally have been located
exclusively in the more conventional disciplines".
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы
редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын
шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми
жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы»
ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық - аналитикалық жүйенің компоненттері және құрылымы
Мәліметтер қоры
Жобалық операция - жобалық процедураның бөлігі ретінде саналатын және жобалық шешім фрагментін алумен аяқталатын жобалаушы әрекеттерінің жинағы
Ақпараттық технология құралдары
Интеллектуалды ақпараттық жүйелер
Деректердің абстракты түрі, құрылымы және оларға қолданатын негізгі операциялар. Деректер моделін таңдау
Жүйенің функционалды және обектілі декомпозиция түсінігі
Логистикалық жүйе
Логистикалық жүйенің стратегиялық менеджменті
Дискреттік сигналдар
Пәндер