Даму мен өсудің негізгі заңдылықтары



Даму мен өсудің негізгі заңдылықтары. Балалар мен жасөспірімдер дамуы мен өсуіне әсер ететін факторлар
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тобы: 1508-29а
Орындаған: Жұмаева Н.
Қабылдаған: Спабек Г. А.

Мақсаты:

Өлшеу әдістері бірқалыпқа келтірілді, болашақ ұрпақтардың дене дамуын зерттеу басталды және балалардың дене дамуының алғашқы өлшемдері қалыптасты. Бұл жұмыстар тәжірибесі денсаулық сақтаушылардын балалар мен арнайы балалар тобының өсуі мен дамуында дәрігерлік бақылау ісін жеңілдетгі. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы, морфологиялық және функционалдық жағдайының қасиеттері мен сапасы, сондай-ақ биологиялық дамуының дегейі - олардың биологиялық жасын көрсетеді.


Яғни, морфологиялық аурулары бар балалар да, патологиялық өзгерістер жиі анықталады. Дене салмағының жетіспеушілігі мен ауру дамуының арасында төзу корреляциялық байланыс бар.
Осындай балалардың өмірлерінің алғашқы жылында, басқа балаларға қарағанда өлім саны 4 есе көп.
Дене дамуының көрсеткіштері көптеген үдерістердің диагностикасында қолданылуы мүмкін. Сондықтан медициналық зерттеулерде, жеке адамның және ұжымның дене дамуын бағалауға үлкен мән беріледі.

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі
Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

Биологиялық жас
Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.

Балалар мен жасөспірімдер дамуы мен өсуіне әсер ететін факторлар
Халықтың барлық топтарының ішінде қолайсыз жағдайларға негізінен аналар мен балалардың ағзалары өте сезімтал келеді. Балалардын денсаулығын қалыптастыратын негізгі жағдайлар мыналар:
1. Ата-аналардың денсаулығы мсн конститудиясына әсер етуші әсіресе аналарға жүкті болғанға дейінгі факторлар
2. Генетикалық (тұқымға әсер етуші) факторлар
3. Ауаның, судың, топырақтың саыитарлык -гигиеналық сипаты
4. Тамақтану-жағдайы

5 Жанұя тұрмыстық факторлар, жанұяның құрамы, тұратын мекен-жайдың сипаттамасы, орташа күші: мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күші, жанүяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу. арақ құмарлық, т. с. с) болуы.
6. Сәбидің мектепке баруы, мектеп жасына дейінгі мекемелерде болу жағдайьның санитарлық-гигиеналық сипаты. Булай топтастыру Әлеуметтік гигиеналык бүкілодақтық ғылыми зерттеу институтында және ССРО Денсаулық сақтау министірлігінін ұйымдарында жасалған.

Анасының шылым шегуі, әртүрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз пайдалануы, ішімдікке әуес болуы нәрестенің шаранада жатқандағы өсуінен ғана емес, одан кейінгі дамуына да зиянды әсерлерін тигізеді. Аналардың жұмысында екі рет 100 гр артығырақ арақ ішуі салмағы азайған балалар туу қаупін көбейтіп жібереді. Емшек сүтімен асырау және дұрыс тамақтандыру сәбилердің денсаулығына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Кейінгі жылдары көптеген экономикасы дамыған елдерде дене салмағы жоғарылап кеткен (200% жоғары) мектеп оқушыларының саны көбейіп келеді. Бұл құбылыстың себептері, басқа да қауіп-қатер факторлары сияқты тереңірек зерттеуді қажет етеді.

1. Қолайлы факторлар.
а) ең жақсы қимыл- қозғалыс демалыс тәртібі
б) шынығу
в) дұрыс мөлшермен тамақтану
г) рационалды күн тәртібі, демалыс
д) қоршаған ортаның гигиеналық нормаларға сәйкес болуы
е) гигиеналық дағдылар және жақсы тұрмыс-қалыпта өмір сүру
Практикалық мақсатка арнап
А. Г Сухарев, өсіп келе жатқан балалардың денсаулығына әсер ететін факторлардыц әлеуметтік-гигиеналық классификациясын келтірді.

2. Қолайсыз жағдайлар (қауіп-қатер факторлары)
а) қимыл қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы
б) оқу тәрбие процестерінің және күн тәртібінің бұзылуы
в) ойын, оқу және еңбек іс әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы
г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер
д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу
е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы
Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz