Тектоникалық көлдер


Slide 1

Тобы: 129-28

Орындаған: Әйтбек Д.

Қабылдаған: Налибаев К.

Slide 2

Көл дегеніміз -жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс. Көл жазықта да, тауда да кездеседі. Көл орналасқан ойпаң - көл қазаншұңқыры деп атайды. Оның пайда болуына байланысты бірнеше түрлері бар.

Slide 3

Көл түрлері

Slide 4

Тектоникалық көлдер

Тау жасалу үрдісі кезінде пайда болған терең көлдер. Олардың пішіні ұзын болып келеді. Мысалы, Байкал көлі. Ыстықкөл, Зайсан.

Slide 5

Бөген көл

Тау опырылып, өзен аңғарын бөгеп тастаған кезде пайда болған көл. Мысалы, Үлкен Алматы көлі, Памирдегі Сарез.

Сарез

Үлкен Алматы

Slide 6

Қалдық көл

Жер беті көтеріліп, теңіз тартылған кезде құрлықта қалып қойған көл. Мысалы, Каспий және Арал көлдері.

Slide 7

Ескі арна көлі

Жазық жерлерде өзендер өз бағытын өзгертіп, оның ескі иірімдері шағын көлге айналған.

Slide 8

Жанартаулық көл

Сөнген жанартаудың кратерінде пайда болған. Мысалы, олар көбіне Ява аралында, Камчатка түбегінде бар.

Slide 9 Slide 10

Құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып кетеді де, түбінде тек тұз қалады. Мұндай көлді тұнба немесе шөкпе көл деп атайды. Су құрамындағы тұздылықты промиллмен (‰) өлшенеді. Көлдер химиялық құрамына қарай 3-ке бөлінеді: Тұщы -1‰ Тұздылау - 1-25 ‰ Тұзды -25‰-ден жоғары

Slide 11

Жаңбыр мен қар суы, өзендер жер бетін шайып көлге әртүрлі заттар ( жануар мен өсімдік қалдықтары) әкеледі. Ол қалдықтар көл түбіне жинала беріп, нәтижесінде көл бірте -бірте тайыздай бастайды да, ол батпаққа айналады.

Slide 12 Slide 13

Жер бетінде өзендер көп. Олардың бірі жазықты бойлай кең жайылып, баяу ағады оны жазық өзені деп атаймыз. Екінші бірі тастан-тасқа секіре буырқанып, көбік шашып жатады, бұл- тау өзені.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Өзеннің бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең әрі ұзынша ойыс алқапты бойлап ағады. Бұл - өзеннің аңғары.

Аңғардың табанындағы ойыс - арна деп аталады.

Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі - жайылма деп аталады.

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты. Мысалы, Жоңғар алатауынан басталатын Қаратал өзені бас жағында тар шатқалды бойлап ағады. Таудан шыққан соң, өзен құмды жазықты басып ағады. Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп, ағысы баяулайды. Содан соң жайылып бірнеше тармақтарға бөлініп барып, Балқаш көліне құяды.

Slide 20

Су шоңғалдардың үстінде ақ көбік шашып, сарқырай ағады. Өзен су тек шоңғалдардан өткеннен кейін ғана баяулап, қайтадан бір қалыпты аға бастайды. Егер жартас өзен арнасын кесе -колденең алып жатса, су одан төмен қарай құлай ағып Сарқырама жасайды.

Slide 21 Slide 22

Адамзат тарихының белгілі бір кезеңінде өзендер айрықша орын алған . Ең ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында дамығандығы бізге тарихтан белгілі.

Көшпелі қазақ халқы да Еділ мен Жайықтың, Сырдария мен Ертістің, Тобыл мен Есіл сияқты ірі өзендердің бойын жайлаған.

Әсіресе біздің заманымызда өзендердің шаруашылыққа маңызы өте зор.

Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді. Біздің елімізде Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді.


Ұқсас жұмыстар
Көл және қазаншұңқырларының қалыптасуы
ОҢТҮСТІК АМЕРИКА МАТЕРИГІНІҢ ІШКІ СУЛАРЫ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКЗОГЕНДІК ПРОЦЕСТЕР
Каспий көлінің көріністері
Жанартаулық көлдер
Балқаш көлінің көріністері
Республиканың барлық өзендері
ЖЕР ЖӘНЕ ТЕҢІЗ СІЛКІНУІ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ӨЗГЕРІСІ
БАЙКАЛ КӨЛІ
Судың химиялық құрамын анықтайтын факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz