Асқазан микрофлорасы


Slide 1

Адамның қалыпты микрофлорасы және оның биологиялық рөлі

«Семей» Медициналық колледж мекемесі

Орындаған:Сабжан Жанар

Тексерген:Рахимгалиева. П. С

Тобы:2леч1к

сөж

Slide 2

Адам денесінің қалыпты микрофлорасы

Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендеген, Олар бір-бірімен және адам организмімен тепе -тең жағдайда болады. Бұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсал болып табылады. Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады. Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды. Әртүрлі биотоптардың: тері, ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады. Адам организмінді тұрақты және транзитті микрофлора болады

Slide 3

Адам микрофлорасы - бұл тері мен басқа да қабаттардағы микроағзалардың жиынтығы. Микрофлораның қалыпты жағдайы- эубиоз деп аталады. Микрофлораның басты функциясы ағзаның түрлі ауруларға төзе алушылық қабілетін қалыптастыру болып табылады. Нәрестенің ең алғаш дем алғанынан бастап оның денесін көптеген пайдалы микроағзалар бойлайды. Жаңа «микротұрғындар» асқорыту және зәршығару жолдарынан орын алып өздерінің күрделі және маңызды жұмыстарын бастап кетеді. Олар тамақты қорытып, дәретті қадағалайды, В және К дәрумендерін, темір, кальций, Д дәруменін таратуға арналған аминқышқылдарын өндіріп шығарады.

Slide 4 Slide 5

Қалыпты микрофлораның қызметі

Қалыпты микрофлора ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауда қорғаныш, адаптацияға қоректік-алмасу механизміне көптеген әсер етеді. Шырышты қабаттың рецепторлық жасушаларына көп ұқсастықтары бар, ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы ауру тудыратын микробтар болуына кедергі келтіреді. Бифидо- және лактобактериялардың күшті колониялық қасиеті ауыздың шырышты қабатының қабырғасының микрофлорасына қосылуына мүмкіндік береді. Экологиялық барьерлердің бөлігі болады.

Slide 6

Тері микрофлорасы

Теріде оның терең қабаттарында(шаш қалтасында, май және тер бездерінде) аэробтарға қарағанда анаэробтар 2-10 есе көп болады. Теріде грам оң бактериялар пропионибактериялар, коринеформды бактериялар, эпидермалді стафилококтар және басқа да коагулаза теріс стафилококтар, микрококтар, пептострептококтар, стрептококтар, Dermabacter hominis, Pityrosporum туыстастығының ашытқы тәрізді саңырауқұлақтары, сирек жағдайда транзиторлы микрофлора мекендейді. Организм әлсірегенде теріде грам теріс бактериялар саны өседі. Қалыпты жағдайда 1см2 теріде 8 микрорганизм болады бұл сан бактериоцитті стерильдеуші фактор әсер етуінен артпайды. Микроорганизмдердің көбеюі тері ластанғанда болады; организм әлсірегенде өсіп - өнетін микробтар адам денесінің иісін қалыптастырады.

Slide 7 Slide 8

Терінің аса жарық түспейтін және кебуге ұшырамайтын бөліктерінде микроорганизмдер көптеп кездеседі. Көбінесе Staphylococcus epidermidis пен S. saprophyticus, саңырауқұлақтардан Candida, аздап дифтероидтар мен микрококктар болады.

Slide 9

Асқазан микрофлорасы

Асқазан микрофлорасы лактобациллалар, ашытқылар, бірен-саран кокктар мен грам теріс бактериялардан тұрады. Бактерия концентрациясы 1 мл -де 103 төмен. Ішек микрофлорасына қарағанда мұнда асқазан сөлінің рН-ы қышқылды болғандықтан микроорганизмдер көп болады. Асқазанның ойық жарасы, гастрит ауруларында иілгіш пішінді бактериялар анықталады, олар көптеген патологиялық процестердің этиологиялық факторлары болып табылады 20.

Slide 10

Асқазан-ішек микрофлорасы

Ас қорыту жолының микрофлорасы өзінің сандық және сапалық құрамы бойынша көп өкілді болып табылады. Мұнда микробтар асқорыту жолында еркін мекендеп, шырышты қабықта биологиялық үлбір күйінде колония түзеді

Slide 11

Асқазан-ішек жолында бактериялар белсенді түрде өмір сүреді. Сонымен бірге колониялар анық қабат құрып өседі. Қышқылды орталы асқазанда және ішектің үстіңгі бөлігінде микроорганизмдер саны 1 мл-де 1000-нан аспайды, көбінесе лактобациллалар, энтерококтар, ашытқылар, бифидобактериялар, E. coli болады.

Slide 12

Аш ішек микрофлорасы

Ащы ішекте 1 мл -де 105 - 108

микроорганизмдер

болады. Олар бифидобактериялар,

лактобактериялар,

клостридиялар, эубактериялар,

энтерококтар, анаэробты коктар

Slide 13

Тоқ ішек микрофлорасы

Микроорганизмдердің 250-ден астам түрлері жинақталған, микробтардың жалпы биомассасы 105 кг-ға дейін жетеді. Қалыпты жағдайда басым топтары спорасыз анаэробтар (бифидобактериялар мен бактероидтар) 99 %-ке жетеді. Мукозды (қабатішілік) және қуыстық микрофлораны ажыратады. Экзо- және эндогендік инфекциялық аурулардан сақтандыру мен дамуында негізгі роль атқаратын қабатішілік микрофлора ішектің колониялық резистенттілігін қалыптастырады.

Slide 14 Slide 15

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Тері микрофлорасы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы.Дисбактериоз
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары.Дисбактериоз
Жануарлар ағзасының микрофлорасы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы. Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз туралы
Нитриттер және басқада тамақтық қоспалар мен улану
Ауыз қуысының микрофлорасы, түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz