Жүректің қызметі




Презентация қосу
«Астана Медициналық Университеті» КеАҚ

Гистология, цитология және эмбриология
кафедрасы

Жүрек-қантамырлар жүйесінің
эмбриогенезі және жасқа
байланысты морфологиясы

Орындаған:
Факультет: Жалпы медицина
Топ:
Қабылдаған: Асан М.Б.
Жоспар:
I. Кіріспе
Жүрек-қантамыр жүйесі
II. Негізгі бөлім
a) сарыуыздың қан айналым шеңбері
б) ұрық жолдастың қан айналым шеңбері
с) қан айналым бұзылысының классификациясы
д) балалардағы қан айналымының жеткіліксіздігінің
ерекшеліктері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
• Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу
қызметін атқаратын жүйе. Қанайналым жүйесіне кіретіндер:
• жүрек
• қан тамырлары.
''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык
мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет
талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның
морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет
пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек
жүрекше мен карыншаға бөлінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда
жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады.
Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл
жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды
жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл
қақпақшалар жабылады да, канның кері — жүрекшелерге өтуіне
мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар
жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар
бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек
босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның
кері карыншага өтуіне бөгет жасайды.
Жүректің құрылысы

• Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы —
миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
• Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша.
• Миокард — жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр
түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты.
Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер кабырғасымен салыстырғанда қалындау,
ал сол карыншаның миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын
себебі қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен
жиырылуға тура келеді.
• Эпикард — жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек
табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген
жүрек кабына — педикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы
куыста сұйықтық болады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара
үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына
мүмкіндік бермейді.
Қан өзіне тән физиологиялық
қызметтерді бір ғана жағдайда -
тоқтаусыз айналымда болғанда
атқарады. Ал оның қан тамырларымен
толассыз ағуы қан айналым жүйесі
мүшелерінің қызметіне байланысты.
Сондықтан барлық мүшелер мен
жалпы организмнің әрекеті қан
айналым жүйесі мүшелерінің
қызметіне тікелей байланысты.
Жүректің қызметі
Жүректің негізгі қызметі
организмдегі қанды кан
тамырларына қуалау. Ол бұл
жұмысты еттерінің жиырылуы мен
босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек
еттерінің жиырылуын систола,
босаңсуын — диастола деп атайды.
Жүрек еттерінің бір рет жиырылып
босаңсуын және тыныштық
кезеңімен өтуін жүрек айналымы
немесе Жүрек циклі дейді. Жүрек
циклі жүрекшелердің
жиырылуынан басталады.
Қан айналым жүйесін организмде насос
қызметін атқаратын жүрек пен қан
тамырлары – артериялар , веналар және
капиллярлар құрайды. Қанды жүректен
ұлпалар мен мүшелерге тарататын
тамырларды артериялар, ал олардан
жүрекке алып келетін тамырларды –
веналар деп атайды. Ұлпалар мен
мүшелерде жіңішке артериолалар мен
венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы
жалғасады
Плацентация жүктіліктің 3 –аптасынан
басталады.бұл кезде біріншілік бүрлік
тамырлар пайда болады. Олар екіншілік
бүрлерге , одан әрі үшіншілік бүрлерге
ауысады. Қан тамыр жүйесі
ангиобласттар және эмбрионның кіндік
тамырларынан және алантоистан
тұрады. Үлкен кіндік тамыры бұтақтары
хоринальді пластинкаға және бүрлеріне
енеді. Бүрлер бұтақталған сайын
тамырлар диаметрі кішірейіп , соңында
капилярларға айналады.
Кіндік тамыр жүйесі мен локальді
плацента тамырлар жүйесі қосылғанда
ұрықтың плацентарлы қан айналымы
құралады. Түктердің синцитиі ана
қанымен жуылып тұрады. Қан түк аралық
орталықта эндометрийдің спиральді
артериялары ашылғанда құйылады. Бұл
құбылыс жүктіліктің алтыншы аптасында
пайда болады. 13 –аптаның соңында
фетоплацентарлы қан айналым толық
орнатылып , плацентация кезеңі
аяқталады.
7 аптадан бастап жүктіліктін сары денесі
кері дамиды, плацента гормондарды бөле
бастайды. Сәбидің жүрегі 4 камералы
болады, ірі қан тамырлары қалыптасады.

Допплерометрия әдісі ана – плацента –
ұрық қан тамырларындағы қан ағымы
жылдамдығының қисығын жазыпалады,
қан тамырларындағы кедергіні есептеп
шығарады, алынған нәтижелерді
талдайды.
Сарыуыздық қанайналым шеңбері

Сарыуыздық қанайналым шеңбері - ұрықтық
дамудың алғашқы кезеңінде пайда болып,
плацентарлық қанайналым шеңберіне ауысады.
Сарыуыздық қан айналым шеңбері негізінен жұп
жүрек түтікшелерінің алдыңғы ұшында жетіліп,
дорсальдық қолқадан басталады. Одан сарыуыз -
шажырқайлық артерия бөлініп, сарыуыз
қапшығында капиллярлар торына тармақталады.
Бұл тордан вена қанын жинайтын сарыуыз-
шажырқайлық вена жүрек түтікшелерінің артқы
ұшына ашылады.
Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері
Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің
(іштегі нәрестенің жолдасы — ұрықжолдас пайда
болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бұл
кезенде жүрек түтікшелері төрт бөлімді
(камералы) жүрекке айналады. Ұрық организмінде
артерия және вена қан тамырлары қалыптаса
бастайды. Қан іштегі нәресте (іштөлі)
организмінен жұп кіндік артериялары арқылы
ұрықжолдасқа жеткізіліп, оның капиллярларында
оттегі пен қоректік заттарға қанығып, артерия
қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық
денесіне (бауырға) әкелінеді
Бауырдан ағып шыққан артерия қаны артқы дене бөлігінен
каудальды (адамда — төменгі) қуыс вена арқылы ағып
келен вена қанымен араласып, аралас қанға айналады да,
жүректің оң жүрекшесіне құйылады.

Оң жүрекшеден жүрекшеаралық пердедегі сопақша тесік
(foramen ovale) арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-
қарын- шалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа
арқылы ұрықтың денесіне тарайды. Ұрық организмі бас
бөлімінен жиналған вена қаны краниальды (адамда -
алдыңғы) қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң
қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге
бағытталады.
Ұрық организміндегі өкпелік қан-
айналымның қызметке қосылмауына
байланысты, қан ерекше артерия
өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға
барып құйылады. Туғаннан кейін,
нәрестенің (іштөлінің) бірінші рет
тыныс алуына байланысты (өкпенің
қызметі қалыптасады) плаценталық
қанайналымның орнында үлкен және
кіші қанайналым шеңберлері
қалыптасады.
Плацента жүктілік кезіндегі уажатықытша ағза,
жатырдын төменгі жағында
орналасқан. Диаметрі 15-25 см, қалыңдығы 1,5-2 см.
Жүктіліктің 7 аптасында пайда болады.
Қан айналымы бұзылысының классификациясы.

1-ші жәреже:
А – ұрық-плаценталық қан айналымы сақтала отырып,
жатыр-плаценталық қан айналымының бұзылуы,
Б – жатыр-плаценталық қанайналымы сақтала отырып,
ұрық-плаценталық қан айналымының бұзылуы.

2-ші жәреже:
Критикалық өзгерістерге жетпеген (соңғы диастолалық
қан айналымы сақталған) жатыр-плаценталық және
ұрық-плаценталық қан айналымының бір уақыттағы
бұзылысы.
3-ші дәреже:
Жатыр-плаценталық қан айналымының сақтала
отырып, немесе бұзылысы кезіндегі ұрық-
плаценталық қан айналымының критикалық
бұзылысы (қан айналымының мүлдем болмауы
немесе резервті диастолалық қан айналым).
1 А, 2 және 3-ші жатыр-плацента-ұрық қан
айналымының бұзылу дәрежелерін динамикалық
бағалау кезінде, гемодинамикалық көрсеткіштері
қалыптыға келмейді және жақсарғандығы
байқалмайды. Тек қана 1Б дәрежесі кезінде ұрық-
плацента қан айналымы қалыптыға келе
алатындығы байқалған, әдетте жүктіліктің үзілу
қаупі пар жүкті әйелдерде.
Балалардағы қан айналымының жеткіліксіздігінің
ерекшеліктері
Эмбриогенез кезінде жүрек артериялық бағананың оң
және сол жақ жүрекшелер мен қарыншаларға,
қолқа мен өкпе артерияларына бөлінуі,оның ішкі
саңылауына жүрекше-қарынша аралық және
қолқа мен өкпе артерияларының қалқандары өсу
арқылы болады. Кейбір жүрек аурулары бала туа
салғаннан кейін байқалады. Өйткені алғашқы дем
алу кезінде баланың бүкіл қанайналым жүйесі
қайтадан құрылады.
Бала туылғанда кіндік көк тамыры,
көктамырлық аранций өзегі, артериялық
Боттал өзегі бітеліп, жүрекше аралық
сопақша тесік жабылады. Туа біткен
жүрек ауруларында Боттал өзегінің
бітелмеуі, өкпе артериясының тарылуы,
қарынша аралық және жүрекше аралық
қалқандардың бітпеуі, қолқа тесігінің
тарылуы, екі қарыншадан бірдей қолқа
тамыры шығуы сияқты ақаулар жатады.
Қорытынды
• Қан алғашқыда сарыуыз қапшығынан бағаналы
жасушадан түзіліп, ұрықтың 7 аптасында
плацентаға түседі. Содан ұрықтың қан айналым
жүйесі пайда болады. Ұрықтың қан айналымы
үлкен және кіші деп бөлінбейді. Бала туылған соң
ауамен тыныс алуына байланысты кіші қан
айналу жүйесі, яғни өкпелік шеңбер пайда болады
Қолданылған әдебиеттер:
1. Рақышев Алшынбай. Адам анатомиясы ІІ том. Алматы 2004
жыл.
2. Синельников С.В. Атлас анатомии человека, ІІ том. Москва,
2007 год.
3. Нұрмақов А. Хирургия. Алматы, 2009 жыл.
4. Кузин М.И. Хирургические болезни. Москва, 2005 год.
5. Савельева В.С. Хирургические болезни. І том. Москва, 2006
год.
6. Балаш Түсіпқалиев Балалар Ауруларының
Пропедевтикасы Ақтөбе-2002ж
7. Рақышев Алшвнбай. Адам Анатомиясындағы
Халықаралық Атау-Терминдер. Алматы-2011жыл.
8. Анатомия человека М.Г. Привес, Н.К. Лысенков, В.И.
Бушкович Санк-Петербург «Гиппократ» 2002.
9. Анатомия человека М.Р. Сапин, В.Е. Ревазов, Л.И. Волков,
Э.И. Борзяк, Е.А. Добровольская Москва 1986г.
10. “Бала хирургиясы” Ормантаев К.С Алматы 2004

Ұқсас жұмыстар
Жүрек ырғағы
Жүрек және қан айналымы патологиясы
Жүрек пен өкпе
Қан айналым жүйесінің клиникалық физиологиясы. Кардиологиядағы интенсивті терапия
ЖҮРЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Жүректің қақпақшалық аппараты
КӘСІПОРНЫ ЖҮРЕК
Жүрек тамырлар
Капилярлар артерия қан тамырлары вена қан тамырларын байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан тамырлар
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІ
Пәндер