ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі


Slide 1

ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі

Шаяхметова А

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті

Slide 2

ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?

Slide 3

Қазіргі заман мұғалімі -

рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген.

Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.

Slide 4

Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.

Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.

Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табысты қолдана білуі.

Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі:

Slide 5

XXI ғасыр мектеп мұғалімнің

азаматтық тұлғасы

Қазақ елінің жəне өз мектебінің елжанды патриоты;

өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік деңгейі жоғары тұлға;

мектепте моральдық ахуалды жасап, командалық, серіктестік рухты қолдаушы;

салауатты өмір салтын ұстанушы.

Slide 6

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі -нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Slide 7 Slide 8

Кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі

Slide 9

Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

Оқыту мен тәрбиелеу нəтижелерін жүзеге асырудағы кәсіби біліктілігі;

ұстаздық шеберлікті шығармашылықпен меңгеруі ;

ғылыми əлеуеті мен бəсекеге қабілеттілігін дамытуға деген ұмтылысының болуы ;

объективтілік, дербес əрекетшілдік жəне мақсаттылық, өзара сынды қабылдай алуы;

өзін интеллектуалды және жасампаз маман ретінде көрсете білуі.

Slide 10

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.

2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктіліг

6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Slide 11

Педагог шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.

Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.

Slide 12

Б. Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».

Slide 13

А. Ф. Присяжная: Педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын айтады .

К. Құдайбергенова: «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.

Slide 14

Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі -құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.

Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.

Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.

Slide 15

.

•Мектепішілік бақылау - басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.

•Мектептің материалдық базасын нығайту

•Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.

Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау. Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді -

кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ

Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту

Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық

критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы. •Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек.

Slide 16

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, сабағын креативті жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.


Ұқсас жұмыстар
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Мұғалімнің құзыреттілігі
Мұғалімнің шектеулілігі
ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ
Болжау іскерлігі
Мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі туралы ақпарат
Қашықтықтан оқыту жүйесі
Кенжебеков Бораш Жоғары білімді маманның кәсіби құзыреттілігі - маман тұлғасының ішкі психологиялық қасиеттері мен күйлерінің, кәсіби
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ
Әрбір мұғалімнің кәсіби. Мұғалім имиджі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz