Мұғалім қарым - қатынас стилдері


Slide 1

«Қарым -қатынас. »

Slide 2

Қарым-қатынас

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС -адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс.

Сөйлесу

Қабылдау

Түсіну

Бағалау

Мойындау

Ой алмасу

Ақпарат беру

Slide 3

Қарым - қатынас - тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым - қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И. А. Зимняяның айтуынша қарым - қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе. Қазіргі кезде қарым -қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелінуде. Қарым- қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар В. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломова, А. Р. Лурья, В. Н. Мясищев, А. В. Петровский зерттеген.

Қарым-қатынас мәселесінің зерттелу деңгейі.

Slide 4

Қарым - қатынастың келесі аспектілері болады:

Мазмұны

Мақсаты

Әдіс құралдары

1. Қарым-қатынастың мазмұны дегеніміз ол адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі.

2. Қарым - қатынастың мақсаты дегеніміз ол - адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы.

Қарым-қатынастың әдіс - құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.

Slide 5

Қарым-қатынастың жақтары

Коммуникативті

-ақпарат алмасу

-ақпарат беру

-ақпарат тарату

Интерактивті

-ынтымақтастық

-қарысылық

-бұйыру

-тығыз қарым-қатынас

-компромисс

Перцептивті

-идентификация

-эмпатия

-аттракция

-рефлексия

Slide 6

Манипулятивті қарым -қатынас -партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз.

Қарым - қатынастың типтері

Slide 7

Диалогты қарым-қатынас - біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет. Диалогты қарым - қатынастың ерекшелігі - эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу.

Slide 8

Императивті қарым - қатынас - авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез - құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.

Slide 9

Іскерлік қарым-қатынас - тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.

Slide 10

Рухани - жеке тұлғааралық - бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.

Slide 11

Мұғалім қарым-қатынас стилдері

Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды.

Демократиялық стиль. Оқушылар қарым- қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді. Либералды стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады.

Slide 12

Тікелей

Жанама

Тұлғааралық

Вербальды

Вербалды емес

Slide 13

Тікелей

Жанама

Тұлғааралық

Бір адамнан екінші

адамға ақпарат алмасуы

Адамдардың бір - бірінің

индивидуальды ерекшеліктерін

білумен, жаңашырлықтың, түсінушіліктің,

өзара әрекеттесушіліктің

болуымен сипатталады.

Ақпаратты жеткізіп отыратын қосымша

делдалдың қатысуымен ерекшеленеді.

Slide 14

Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құрса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 38%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 55% құрайды екен.

Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды, яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Ал адамның маңдайы, қасы, аузы (ерні, көзі, мұрны, иегі) оның түр негізгі эмоцияларын анықтайды.

Slide 15

Вербальды қарым - қатынас

сөздің дыбыстық көрінісі

дауыстың ырғақтылығы

Вербальды емес қарым - қатынас

кинесика (жест, мимика, пантомимика)

таксика

проксемика

Slide 16

Жест - адамның

сезімдері мен эмоцияларының сыртқа қол - аяқтың қимылдары арқылы көрінуі.

Мимика - адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа бет - әлпетінің қимылы арқылы көрінуі

Slide 17

Пантомимика - адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа дене қалпының қозғалысынан, позасы мен жүріс - тұрыстарынан көрінуі.

Таксика - қол алысу, шапалақтау, сүю, сипау, итеру құбылыстары.

Проксемика - адамдардың қарым - қатынас кезіндегі кеңістікте орналасуын қарастырады.


Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГТЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС СТИЛІ
Педагогтың оқушылармен ара - қатынас стилі
Педагогикалық қарым қатынас стилі
Ақпаратты жеткізіп
Оқушылар қарым - қатынаста тең дәрежелі
ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС. Мұғалім қарым - қатынас стилдері
Қарым - қатынас стильдері
Қарым қатынасты модельдеу
Қарым-қатынас Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Экономикалық Отбасы тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz