Индуизм - Үндістанда пайда болған, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр




Презентация қосу
Индуизм

Орындаған: Романов А.Е.
Тексерген: Бекмухамбетова Б.Р.
• Индуизм – Үндістанда пайда болған,
қазіргі кезде дамып келе жатқан діни
дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың
саны жер бетінде 700 миллионнан
асады деген деректер бар. Оңтүстік
Азия елдерінде (Үндістан
жұртшылығының 83%-ы, Непалда,
Шри -Ланкада, Бангладеште индуизмді
ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия
(Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен
Африканың кейбір өңірлерінде де
аздап таралған. Үнділіктер өздерінің
ұлттық діндерін «Санатана Дхарма»
деп атайды.
Индуизм дінінің белгілі сенім жүйесі жоқ. Сондықтан бұл дінде құдай
түсінігі түрлі пішімде суреттеледі, яғни әрбір адам немесе қоғам өз
көзқарасына сай құдайға сипат бере алады. Осыған орай, үнділіктер
қазіргі кездегі әлемдегі діндердің құдай түсініктерін теріске шығармай,
құдайдың түрлі бейнеде, түсінікте көрінетінін қабылдайды. Сондықтан
бүгінгі Үндістанда түрлі пішімдегі құдай мүсіндері көптеп кездеседі.
• Индуизм монотеистік, политеистік,
пантеистік, үштік құдай сенімін
бірдей қабылдай беретін дін.
Ригведада: «құдай біреу, бірақ
даналар оны түрлі есіммен атайды»
- дегеніндей, бұл дін монотеистік бір
дін болып көрінгенімен, үштік құдай
сенімі (Брахма – жаратушы құдай,
Вишну – жақсылық құдайы, Шива -
жамандық құдайы) де, пантеистік
(әлем мен құдай бірлігі) құдай
сенімі де кездеседі.
Вишну
жақсылық құдайы

Брахма
жаратушы құдай Шива
жамандық құдайы
Бұл діннің сенімі бойынша құдай әрдайым адамдармен бірге болады.
Сондықтан үнділер Вишну құдайдың адам кейіпінде жер бетіне келіп
(аватара), әлемге әділдік орнататынына сенеді. Осы сенімге орай үнді
аңыздарындағы Рама, Кришна, Гита адам кейіпінде жерге түскен Вишну
құдай болып табылады.
Индуизмнің ғибадат негіздері
Өлілерге құрбандық атау;
Күнді құрметтеу;
Үйде от жағу;
Тойларда, туылу, өлім кезінде
дұға оқу немесе құлшылық
жасау;
Кришнаның туылған күні мен
Шива кеші сияқты қасиетті
күндерде құлшылық жасау;
Қасиетті кітаптарды оқу.
Индуистердің қасиет тұтатын кітаптары Ведалар
болып табылады. Ведалар өз ішінен:

Ригведа Яжурведа
Самаведа Атхарваведа
Б.д.д. XV-XVI ғ. Үнді елінің индуизм дінінен бөлініп
шыққан діни ағым - Сикхизм. Сикхизм Үндістанға ислам
дінінің таралуы кезеңінде жерлігікті индуизм діні мен
ислам дінінің қосылуынан, ХVІ ғасырда Нанак (1469-1539)
тарапынан құрылған діни әрекет. Бүгінде сикхтар 8-9
милион шамасында.
Назар
Аударғандарыңызға
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Индуизм философиясы
Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр
Ежелгі түркілердің көне діні
Индуизмнің қасиетті жазбалары
Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
Діндер классификациясы: ұлттық және әлемдік
Ежелгі үнді мәдениеті
Үндістан
Ежелгі Үнді өнері
ОРТА ҒАСЫРЛАР ӘЛЕМІ
Пәндер