Экономикалық жаһандану




Презентация қосу
ЖАҺАНДАНУ

Шарафеденов Айбар МЭ- 242
Жаһандану ұғымы
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік
ауқымдану, глобализация (ағылш. Global —
әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа
жалпыәлемдік саяси, экономикалық,мәдени
және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген
(1983 жылы) америкалық экономист Теодор
Левитт.
Жаһандану түрлері
“Менталдық” немесе мәдени жаһандану
— дәстүрлердің, діндердің,мәдениеттер мен идеологиялардың
“ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6
жаҺандық діни жүйеге
(христиандық, ислам,иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.
Аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі.
Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың
барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану
нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық
құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам
айтылады.
Жаһандану түрлері
Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану — қазіргі
заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.
Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті
ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы
және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің
компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі
бағыттағығарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың
жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық
коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті,өндірістік үрдістер мен үй
шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің
мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
Этникалық жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының
санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.
Экономикалық жаһандану
Экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың
жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет
көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді
және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың,
фирмалардың,корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта
экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;
б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік
ағындары құрылымының өзгеруі;
в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы
мен қызмет етуі;
г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың
жаhандық желіге аударылуы;
ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын
жаhандық желіге аударылуы;
Жаһандану нәтижесінде ұлттық экономикалардың жақындасуы
байқалады, ол сыртқы сауда мен қаржы ағымы нәтижесінде жүреді.
Сонымен қатар шекарадан жұмыс күшінің, білімнің, технологияның
жаппай ағымы. Ол әлемді біріктіреді және өзара тәуелді етеді, мысалы:
соңғы қаржы дағдарысы мен СПИД және жаһандық жылыну мәселелері
осының көрінісі болып отыр. Технологиялардың тез дамуы біздің
өміріміздің сапасын өзгерткені рас. Жеке сектордың бұрын соңды
болмаған өркендеуі байқалуда, жеке капитал ағымы байқалуда. Осыған
байланысты «дамушы мемлекеттерге қазіргі кезде батыстан келетін
қаржыландыру көздері бес есеге ұлғайған. Кедей мемлекеттерде қарқынды
урбанизация байқалуда, азаматтық қоғам қалыптасуда, демократия дамып,
билік орталық биліктен жергілікті деңгейге өтуде. Осы үрдісті дұрыс
пайдаланған мемлекеттер үлкен секіріс жасап отыр. Интеграциядан шет
қалған мемлекеттер деградацияға ұшырап отыр. Олардың артта қалуы
тереңдей түсіп, тең құқықсыздық жағдайы күшейе түседі.
Дамыған мемлекеттер үшін мүмкін болатын
пайда зиянынан жоғары болып отыр, себебі
осында басты ірі компаниялардың штаб-пәтері
орналасқан, ғаламның басты ғылыми
техникалық мүмкіндіктері, қаржы көздері т.б.
осында орналасқан. Ал дамушы және өтпелі
экономикалық мемлекеттер үшін жағдай
басқаша қалыптасқан. Дамушы мемлекеттер
бәсекелестік жағдайда әлсіздік көрсетеді.
Жаһандану үрдісі халықаралық саяси, экономикалық қатынастың екі
деңгейіне үлкен әсерін тигізді. Олар - ұлттық мемлекеттер және
халықаралық ұйымдар. Ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігі,
әр-түрлі экономикалық халықаралық қатынастардың күшейуі,
адамзат өркениетіндегі жаһанды мәселелердің ушығуы, экологиялық,
әлеуметтік, ден-саулық, т.б. әлемге ортақ мәселелердің көбеюі
халықаралық ұйымдарға қоғамдық мемлекеттік міндеткерліктің біраз
бөлігін беру қажеттілігін тудырды. Жаһандануға дейін ұлттық
экономикалық мемлекет ішілік қатынас басты рөлде болды, ал
сыртқы саясат пен халықаралық қатынас екінші орында болды. Бірақ
жаһанды нарық қатынастарының пайда болуына байланысты,
жаһанды экономикалы, әлеуметтік, саяси, мәдени, т.б. мәселелердің
сырттай әсері күшті болғандықтан жаһанды қатынастар алдыңғы
орынға шығып отыр.
Жағымды жағы
Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды.
- неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму
- өмір деңгейінің жоғарылауы
- техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату
- жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу.
Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік
экономиканың барлық құрамдас бөліктерін
— өндірісті, ғылымды,қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара
тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан
кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады.
Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына
айналуда. Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты
қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке
түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық
сауданың елеулі өсуі байқалады
Жағымсыз жағы
Дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі
күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін
дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі
өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық
толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды
елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-
экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге
өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір
деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы
елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр.
Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады.
Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі.
Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық
мемлекет үлгі болып табылады.
Жағымсыз жағы
Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990
жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде
басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің
аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің)
86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і
күніне бір доллардан кем қамтамасыз
етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің
арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып
отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын
мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын
“Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет
етеді. (Вашингто́нский консе́нсус тип макроэкономической политики, который
в конце XX века был рекомендован руководством МВФ и Всемирного банка к
применению в странах, испытывающих финансовый и экономический кризис.)
Пайдаланылған,әдебиет
тер:
1)www.wikipedia.kz

Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер туралы мағлұмат
Жаһандану тарихы
ЖАҺАНДАНУ ТҮРЛЕРІ
ЖАҺАНДАНУ НӘТИЖЕСІ
Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі
Қазіргі заманғы жаҺандану мәселелері
Өзін-өзі тану туралы ақпарат
Рухани адамгершілік­ білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы туралы ақпарат
ЖАҺАНДАНУ ТУРАЛЫ
Жаһандану, ғаламдану
Пәндер