Қант қызылшасының негізгі зиянкестері және күресу шаралары


Slide 1

Ауылшаруашылық энтомология Орындаған: Жанаев. Ж. М Қабылдаған: Исмаилова. А. А

Slide 2

Қант қызылшасының зиянкестері

Slide 3

Жоспар. 1. Қант қызылшасы 2. Қызылша бүргесі 3. Қызылша бізтұмсықтары 4. Қызылша сауытты қоңызы 5. Қызылша қандаласы 6. Қызылша бітесі 7. Күресу шаралары

Slide 4

Қант қызылшасында көптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус ауруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады

Slide 5

Қызылша бүргесі: оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald. ), кәдімгі немесе қарақұмық (Сhaetocnema concinna Marsch. ) (Coleoptera отряды, chrysomelidae тұқымдасы) . Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т. б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы - 1, 4-2, 3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы - 1, 5-2, 2 мм

Slide 6

Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ. ), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull. ), ақшыл ( Chromoderus declivis Ol. ), шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl. ) және (Тanymecus Palliates F. ) ((Curculionidae -тұқымдасы, Coleoptera- отряды) . Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.

Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы - 10-15 мм.

Slide 7

Қызылша сауытты қоңызы - Cassida nebulosa L. (Curculionidae -тұқымдасы, Coleoptera- отряды) . Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы - 6-7 мм.

Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген.

Slide 8

Қызылша қандаласы - . (Hemipteraотряды, Miridae - тұқымдасы. ) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты, күнбағысты, көкнәрді және т. б. өсімдіктерді зақымдайды.

Бунақденелілердің дене тұрқы - 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан .

Slide 9

Қызылша бітесі - Aphis fabaeScop. (Hemipteraотряды, Aphididaeтұқымдасы) . Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен қоректенуі керек. Есейген дараның денесің балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы - 1, 5-3 мм, ал түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті. Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңшіктің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 8-90С жеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады. Бітемен залалданған жапырақтар пішінің өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанаттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық арулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді.

Slide 10 Slide 11

Күресу шаралары. . Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Арамшөптерді жою және гүлдейтін өсімдіктерді себу энтомофагтарды таратуға жағдай туғызады

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасының зиянкестері және күресу шаралары
Қант қызылшасының өсіру технологиясы және зиянкестермен күресу шаралары
Картоп пен қант қызылшасының сыртқы карантиндік аурулары мен зиянкестері және күрес шаралары
Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері мен зиянкестері: қатар аралық өңдеудің өнімге әсері (Жамбыл облысының жағдайы)
Картоп зиянкестері мен күресу шаралары
Бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері: биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Қант қызылшасының циста түзуші нематодасы Heterodera schachtii: морфологиясы, өмірлік циклі, зияны және күресу шаралары
Қарлығанның зиянкестері мен аурулары және күресу шаралары
Айқышгүлді дақылдардың зиянкестері және оларға қарсы күресу шаралары
Сарыағаш ауданының көкөніс дақылдары зиянкестері: таралуы, биологиясы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz