Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері


Slide 1

ТАҚЫРЫБЫ:

«Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»

Slide 2 Slide 3 Slide 4

І. Кіріспе

1. 1 Бастауыш сынып оқытуда тиімді әдіс-тәсілдердің маңызы.

Бастауыш сынып - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.

Бастауыш мектеп: балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру - әр ұстаздың міндеті.

Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне тоқталсақ:

1. Барлық баланы оқыту;

2. Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

3. Білім берудің формасын оңтайландыру

міндеттерін атқару;

4. Тұлғаның жеке қабілетін айқындау, іздену;

Slide 5 Slide 6

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту

«Балалардың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді; Оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Сөз таптарын оқыту - қазақ тілі грамматикасының ең негізгі және басқа тақырыптарды меңгерудің тірегі болатын ұғымдарды меңгерту болып табылады.

Сөз таптары - сөздердің лексика-грамматикалық топтары, олар тек таза грамматикалық белгілері, сөздердің лексикалық мағыналары арқылы бөлінетінін оқушыларға нақты түсіндіре білу керек. Грамматиканың міндеті - сол тәжірбие нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру».

К. Д. Ушинский

Slide 7

Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең ауқымды тақырып сөз таптары. Сөз таптарын оқыту - қазақ тілі грамматикасының ең негізгі және басқа тақырыптарды меңгерудің тірегі болатын ұғымдарды меңгерту болып табылады.

Сөз таптарының ерекшеліктері, қызметі өмірден алынған мәтіндер мазмұнымен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны анық, сондықтан оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт.

Slide 8

Бастауыш мектепте негізгі сөз таптары:

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Шылау

Есімдік

Slide 9

1-сыныпта кім? не? кімдер? нелер? не істеді? не қылды? қандай? қай? қанша? неше? нешінші? т. б. сұрақтарға жауап беретін сөздермен танысады. Мұндай сұрақтарға жауап беретін сөздер заттың атын, қимылы, сынын, санын білдіретінін меңгереді.

Бастауыш сыныптардың қазақ тілі оқулығында 1- сыныптарда зат есім, сын есім, сан есім туралы теориялық мәлімет берілмейді. Зат есім, сын есім, сан есімдер тек заттық атаулармен байланысты екені ғана түсіндіріледі.

Зат есім туралы тек нақты заттарды көрсетіп, бұл зат деп, заттың сындық ұғымын (реңін, көлемін, пішінін, дәмін) білдіретін сөздер деген түсінік беріледі. Сан есім туралы заттарды нешеу екенін санап, жай ғана сандық ұғымдар түсіндіріледі.

Slide 10 Slide 11

2-сыныпта бұл сөз таптары туралы теориялық білім беріледі, ережелер жаттатылып, жаттығу жұмыстары орындалады. Бұл тақырыпты оқытуда оқушыларға кісі есімдері, жер, су, үй жануарлары аттарын білдіретін сөздерді жалқы есім деп аталатынын, солардан басқа заттардың атауы жалпы есім екенін ұғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.

Одан әрі мұғалім сұрақ-жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет.

Мысалы, алманың суретін көрсетіп, дәмі, түсі, пішіні қандай екенін сұрайды, немесе қалың жұқа кітаптарды салыстырады т. б. Нәтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дәмін тағы басқа сапа, белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп аталатынын, қандай? қай? деген сұрақтар қойылатынын біледі.

Әзірге бұл сыныпта сан есімнің есептік, реттік, түрлерінен бастапқы мағлұмат беріледі. Ол үшін сан есімдерге неше? қанша? нешінші? деген сұрақтарды қойдыру арқылы сан есімдердің осы екі түрін танытамыз.

Slide 12 Slide 13

3, 4-сыныптарда сөз таптарының бұл түрлері туралы жалпы грамматикалық мәлімет беріледі.

Шылау сөздер сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемді байланыстырушы көмекші сөздер екендігі де 4-сыныпта оқытылады.

Үстеу тақырыбы тек қана 4-сыныпта өтіледі. Үстеуді етістікпен байланыстыра, қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы екендігі ұғындырылады.

Slide 14

2. 2 Сөз таптарын оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бірі әр сабақта озық технологияларды пайдалану болып табылады.

Сол технологиялардың алуан түрлілігі таң қалдырса, қолданудың ерекшелігі мен тиімділігі қатты қызықтырады.

Жаңа технологиялар, озық технологияларды толық қолданбасақ та стратегияларымен танысып, сабақта үнемі қолданып жүрміз. Жалпы озық технологиялармен жұмыс жасау үстіндеміз.

Енді осы стартегиялардың бірнешеуі туралы айтып өтсек.

Slide 15

«Кубизм» стратегиясы - тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қолдану керек.

Мысалы, үй тапсырмасын тексеру немесе өткен тақырыпты, тарауды қортындылау мақсатында пайдалануға болады.

- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

- Етістік туралы не білесің?

- Зат есім туралы айт.

- Сын есім туралы айт.

- Үстеу туралы айт.

- Сан есім туралы айт.

Slide 16

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Гүл

Әкелді

Көк

Жеті

Қағаз

«Семантикалық карта»

Slide 17

Кім? Не?

Не іcтеді?

Қандай?

Қанша?

«Біpге ойлаймыз» әдіcі.

Жұптық жұмыc

Cаpалау тәcілі: Деpеккөз бойынша cаpалау.

Cөздеpді кеcтедегі cұpақтаpға байланыcты топтаcтыpу.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда зат есімді меңгертудің тиімді әдістері
Абай қарасөздерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері және мәтінмен жұмыс
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдістемесі
Бастауыш сыныпта математика пәнінің білім сапасын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері
Бастауыш сыныптарда АКТ пәнін оқытудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдері
Бастауыш сыныптарда сын есім шырайларын оқытудың әдістемелік негіздері
Саралап оқытудың әдіс-тәсілдері мен стратегиялары
Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінде қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері
Бастауыш сыныптарда жаңартылған жаратылыстану пәнін оқытудың әдістемесі мен зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz