Тау шаңғы


Slide 1

Тақырыбы:

Шаңғы спортының түрлері мен маңызы

№1. Алматы қазақ мемлекеттік-гуманитарлық педаготік колледжі

Орындаған :Созақбай Сымбат

Тексерген:Жаманбалин Кайрат Адилжанович

Топ:32 «б»

Slide 2

Тарихы

Шаңғы спорты алғаш рет неолит дәуірінде солтүстікті мекен еткен тайпалар арасында пайда болды. Археологтар адамзат 4-4, 5 мың жыл бұрын шаңғыны пайдаланған деп есептейді.

Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты. Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды, яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі. Оған шамамен 4300 жыл болған. Оны А. М. Микляев, 1982 жылы тапқан.

Slide 3

Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ. ғ. з Готтық монах Жорданес 552 жылы, грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.

7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жасады. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.

Бірінші шаңғы сөзі 12 ғасырда Русьқа жатады. Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.

Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды. Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.

Slide 4

ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫІ ТҮРЛЕРІ

Биатлон

Тау шаңғысы спорты

Шаңғы жарыстары

Шаңғыда бағдарлау спорты

Шаңғымен трамплиннен секіру

Фристайл

Могул

Slide 5

Тау шаңғы

спорты

Шаңғы жарысы

Трамплинен секіру

Шаңғы қоссайысы

Фристайл

Сноубординг

Биатлон

Slide 6

БИАТЛОН

Биатлон (лат. және грек. thlon - сайысу) - қысқы, жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді. Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді (1998) . Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды.

Биатлон түрлері

Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады.

Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:

жүгіру және оқ ату (кросс-биатлон)

шаңғы-роллерлермен жарысу және оқ ату (шаңғы-роллерлік биатлон)

тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату (маунтин-байк биатлоны)

Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон (бүкіл үш нұсқасы) Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.

Slide 7

Тау шаңғысы спорты

Тау Шаңғы Спорты - шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді.

Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 - 700 м, көлбеулігі - 100 - 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы - 3 м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 - 500 м, ұзындығы 800 - 2000 м, қақпаның ені - 8 м, олардың арасы 15 - 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді.

Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 - 1000 м, ұзындығы 2000 - 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 - 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын А. Лунн құрастырған.

Slide 8

Шаңғы жарысы

Шаңғы жарысы - белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша белгілі бәр спортшылар санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша) шаңғымен жарысу спорты.

Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда 1767 жылы өтті. Осыны үлгі етіп жарыс Швеция мен Финляндияда өте бастады, артынша Орталық Еуропада кең тарай бастады. 19 ғасыр аяғында - 20 ғасыр басында әлемнің көп елдерінде шаңғы клубтары пайда бола бастады. 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) құрылды.

Slide 9

Шаңғыда бағдарлау спорты

Көптеген мамандар Норвегияны шаңғымен бағдарлау спортының отаны деп есептейді. 1897 жылдың 13 мамырында Берген қаласының маңында «Турнференинг» спорт қауымдастығы әскерилер мен азаматтық тұлғалар қатысқан карта және компаспен тұңғыш рет құжатталған жарыстар өткізді. Шаңғымен бағдарлау тарихы 1904 жылдың 13 наурызынан басталды, Финляндияда Порво - Хельсинки бағыты бойынша 50 км қашықтыққа әр қатысушы өз білгенінше жол таңдаған төрт кезеңді шаңғы эстафетасы өткізілген еді.

Slide 10

Шаңғымен трамплиннен секіру

Арнайы жабдықталған трамплиннен шаңғымен секіруді қамтитын спорт түрі.

Трамплиндерді К-95 және К-125 деген түрлерге бөледі. Секірулерді орындау бес төрешімен бағаланады: орындау техникасы стилі (максимальді саны - 20 балл) және секірудің ұзындығы (арнайы кесте бойынша) .

Қатысушының нәтижесі екі есептік талпыныс балдарының сомасы бойынша анықталады. Ұлттық командадан жарыстың әрбір түрінде төрттен аспайтын спортшы қатыса алады.

Slide 11

Фристайл

Фристайл ол акробатика мен могулдан құралған шаңғы спорт түрі. Акробатикадан спортшылар арнайы трамплиндерден күрделілігі бойынша әртүрлі секірулер жасайды. Трамплиндер үш түрлі: үлкен (биіктігі 3, 5 м) орташа (3, 2 м) және кіші (2, 1 м) . Жерге қону алаңы жұмсақ қармен төселген болуы керек. Ұпайлар орнынан қозғалу техникасына, ұшу биіктігі және ұзындығына, акробатикалық элементті орындау сапасына, жерге қону техникасына қарап есептеледі. Жеңімпаз екі рет секіргені үшін жинаған балдарының сомасы бойынша анықталады.

Slide 12

Могул

Могул - міндетті түрде екі рет секіру арқылы күрделенген құламалы кедір-бұдыр жол бойымен шаңғымен төмен құлдырау. Жеңімпаз бұрылыстар мен секірулерді орындау техникасы үшін алған балдарының көп сомасы бойынша, сондай-ақ жолды жүру жылдамдығы бойынша айқындалады.

Slide 13

Шаңғышының құрал-жабдықтары

Шаңғы

* ағаш

* пластик

Шаңғы таяқтары

*ағаш

*бамбук

*аллюминий

*шыны-пластикті

Бекіткіш (механикалық және автоматты)

Аяқ-киім

Киім (шаңғы костюмі, куртка, қалпақ, қолғап)

Майлар мен парафиндер

* ұстағыш

* топырақты

* сырғанақ

- Шаңғыроллер

Slide 14

Шаңғы жүрістері

Алма-кезекпен

Біріншіден біреуімен, кейін екінші таяқпен

Алма-кезек екі адымды

Алма-кезек төрт адымды

Бір мезетті

екі таяқпен бір уақытта серпу

Бір мезетті қадамсыз

Бір мезетті бір қадамды

- Негізгі

- Жылдамдықты (стартты)

Бір мезетті екі қадамды

Классикалық

Slide 15

Алма-кезек екі адымды

Slide 16

Алма-кезек төрт адымды

Slide 17

Бір мезетті қадамсыз

Slide 18

Бір мезетті бір қадамды

Негізгі нұсқа

Жылдамдықты (стартты) нұсқа

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Шаңғы жарыстары
Тау шаңғысы спорты
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Дайындық кезеңі Қорытынды кезең
Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары
Туристік жорықтағы міндеттер мен құрал-жабдықтар
МҰЗДЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ
Қазақстанда туризмнің дамуы
Көкшетау І.Жансүгіров
Спорт - денсаулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz