Мейірлі күз, мырза күз



Көркем сөз:
Жұмбақ
Жаңылтпаш
Тақпақ
Мақал-мәтел

Жұмбақ
Мазмұны:
Оқу, білім туралы
Адамның дене мүшелері
Жеміс-жидектер
Үй жануарлары
Жәндіктер
Табиғат құбылыстары
Тұрмысқа қажетті заттар
Тағамдар

Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.
(Әріптер)
Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.
(Хат)
Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін
Көл көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ тереңдейтін
(Карта)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді.
Салған ізі сөйлейді (Қарандаш)
Келтірер көп пайдасы
Оқушының айнасы.
(Парта)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)
Зерек бала қолданса,
Көңілі тояр.
Жалқау бала қолданса,
Қол-аяғын бояр
(Сия)
Сөзі дана,
Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң-шешен,
Ақылы асқан көсем
(Кітап)
Мен- аққалам, ақ қалам
Жазған сайын жоқ болам
(Бор)
Алуан түрлі із салғаны өзі еді
Өзінен де пайдалысы өзегі (Қарындаш)
Айғайы жоқ, айтары жоқ
Айтқанынан қайтары жоқ
(Кітап)
Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді
(Әліпби)

Бірі үлкен, бірі кіші
Туысқан бірге бес кісі
(Бес саусақ)
Ти десем, тимейді
Тиме десем, тиеді
(Ерін)
Көңіл-күйді білдірер
Қиылған қос қанат
Ол не? Ойлан тап!
(Қас)
Күмбір-күмбір қарағым
Қартайғанша жарадың
(Құлақ)
Көреді бәрін өзгенің
Көре алмайды өздерін
(Көз)
Жағалай-жағалай тас қойдым
Жирен атты бос қойдым
(Тіс, тіл)
Отыз екі-бәрі алып
Тұрар іште қамалып
Ашылғанда қос есік
Көрінеді ағарып
(32тіс пен ерін)
Сол қуыстың ортасында бағлан козы
Масайрап секіреді әрі-бері
(Отыз тіс, он саусақ, тіл)
Жас кезінде қара орман
Жыл озған сайын ағарған
(шаш)
Күндіз шайқасады
Түнде айқасады

Сырты қандай қатты, Дәні сондай тәтті. Шағын қара таңдап, Оның аты (Жаңғақ)
Дөп дөңелек сары, Ішінде дәні бар. Қызығасың көріп, Оның аты (Өрік)
Жапырақты тасалап, Өсетін жері бақша бау. Күрең қызыл шіркінай, Оның аты
(құлпынай )
Жатып жерде желіндейді
түскенше желінбейді
(Қауын)
Тәтті, тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті (Өрік)
Бұл недеген көп киім
Жетпіс қабат көк киім
Жаңбыр одан өтпейді
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді
(Қырыққабат)
Сарғыш түсті, дөңгелек, Ортасында дәні бар. Көрсең егер оны жеп, Балдай тәтті дәмі бар.
(Сары қауын)
Көк ала киім киеді,
Күннің көзің сүйеді
(Қарбыз)
Аласа талда алуана алма
Ал қызыл болмай аузыңа салма
(Қызанақ)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр
(Қызылша)
Отыз көйлек киінген
Бір түйме жоқ ілінген
(Қырыққабат)
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. (сәбіз) .

Кішкене ғана бойы бар,
Айналыпкиген тоны бар
(қой)
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар
(Сиыр)
Апан-апан
Ескі шапан.
Иір қоңыз,
Жарық жұлдыз.
(Түйе)
Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
(Түйе)
Бір малғаекі бала мінгеседі
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.
(түйенің өркеші)
Екі ошаққа бір көсеу.
(Сиырдың танауымен тілі)
Маң-маң басып келеді
Топырақтар желеді
Мойыны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді
(Түйе)
Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар
Иегінде екі сақалы бар
(Ешкі)
Мұрты бар, сақалы жоқ
Тоны бар шапаны жоқ
(Мысық)
Өзі жап-жас мұрты бар
Етпен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйді
Түкті тоны шұб-шұбар
(мысық)

Шидиген ұзын сирағы
Тастай керең құлағы
Сөйтіп жүріп көп жерге
Аспалы торлар құрады
(Өрмекші)
Күндіз жоқ,
Түнде бар
(Жарқанат)
Күндіз тіпті ұшады
Түнде тышқан ұстайды
Көзі шамға ұқсайды
(Жапалақ)
Ши түбінде
Шұбар кездік
(Кесіртке)
Отырмайды, тұра алмайды,
Түзу жолда бұраңдайды
(жылан)
Бар жұмысы, ермегі
Талай қанат қағады
Еңбекті хош көрмейді
Жат ыдысты бағад
(Шыбын)
Біреуі найза түйрейді,
Өзі де содан күйреген
(Ара)
Бір құс бар ұшып жүріп ән салады
Әркімге қонақ болып бір барады.
Барлығы мақұлықтан ығыр болып
Дауысын естігендер зар қағады.
(Маса)
Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
(құмырсқа)
Асты тас, үсті тас
Ортасында шандыр бас
(Тасбақа)
Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанша ұстап үлгердім
(көбелек)
Өзен бетінде ұшады,
керемет -ау ұшағы.
Суда жылдам жүреді,
гүлге барып қонады
(Инелік)
Төрт қанатты, жіңішке денелі, оқ тәрізді,
Үлкен, үлкен көздері, қалай аталады. (Инелік)

Жұрттың бәрі оны сүйеді
Бірақ қарағысы келмейді.
(күн)
Бір түкті кілем
Бір түксіз кілем
(Жер, аспан)
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(Ауа)
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады
(Аяз)
Қыс болса қыр мен ойды аралайды.
Жаз болса қозғалуға жарамайды
(Боран)
Дөңгеленіп өседі
Желге еріп көшеді.
(Қаңбақ)
Қанаты жоқ-ұшады,
Аяғы жоқ қашады.
(Жел)
Отқа жанбайды
Суға батпайды
(Мұз)
Отқа жанбайды
Суға батпайды
(Мұз)
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады.
(Боран)
Қанаты жоқ - ұшады,
Аяғы жоқ - қашады.
(Жел)
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Күн күркүреуі)
Аспандағы көлеңке жерге
Суын шашады
(Бұлт пен жаңбыр)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ, ұлиды.
(Боран)
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды
(күннің көзі)
Ағаштарды қозғалтып,
Ысқырыпта алады.
(Жел)

Жайлаған дүниені бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды.
(орындық)
Күнде оған қараймын,
Қара шашты тараймын.
(Айна)
Ерте тұрдым
Алып ұрдым
(Есік)
Әншейінде жекесің,
Қарай қалсаң екеусің.
(айна)
Қара сиырым қарап тұр
Қызыл сиырым жалап тұр
(Қазан, от)
Қуаты ыссы керемет
Үйге лебін жаяды
(пеш)
Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды.
(Сандық)
Төрт бұрышты
Бір ауызды.
(сандық )
Төрт аяқты чемодан, Мүйізі бар қадаған Естімейді, сөйлейді, Ішіндегі көп адам.
(теледидар)
Сырты жаз, іші қыс.
Бұл не?
(Тоңазытқыш)
Кесе, шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
(Ыдыс)
Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар
(Киіз үй)
Жылмаң-жалмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді
Із-міз тастап кетеді. (ине)
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.
(телефон)

Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады
(Жұмыртқа)
Қардай аппақ
Балдай тәтті- ақ.
(қант)
Үсті тас,
Асты тас,
Ортасында піскен ас.
(Таба нан)
Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
(Сүт)
Күбіге құйып піскенім не? (қымыз)
Іші толған палауша
Кішкене ғана қазанша
Ашылмайды қалайша?
(Жаңғақ)
Аласа талда,
Алуан алма
Алқызыл болмай,
Аузыңа салма.
(кызанақ)
Таба салып жапқаным не?
(нан)
Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ таппайсың.
(Тұз)
Айдалада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау
(Жұмыртқа)

Тақпақ
Мазмұны:
Балабақша
Ойыншықтар
Отбасы
Жаз
Күз
Көктем
Жемістер
Отан
Мамандықтар
Құстар/Жануарлар

Мен бақшаға барамын
Шашымды да тарадым,
Айнаға да қарадым.
Ерте тұрдым ұйқымнан,
Мен бақшаға барамын!
Қуыршақты аламын,
Қол дорбаға саламын.
Беске толам ақпанда,
Мен-ересек баламын.
Таудай биік талабым,
Суретті де саламын.
Әзір менің дәптерім,
Қарындаш пен қаламым.
Балабақшам-байтағым,
Күліп-ойнап қайтамын.
Ән саламын, би билеп,
Тақпақты да айтамын.
Көңілдіміз, күлеміз,
Әріптерді білеміз.
Бақша-біздің үйіміз,
Тату-тәтті жүреміз.
Баулып апа, ағамыз,
Құстай қанат қағамыз.
Жақсы болып өсуге,
Біз тырысып бағамыз.
Біздің балабақшада
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз-осы үйдің гүліміз,
Біз-осы үйдің сәніміз.
Бұл- құшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы!
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық.

Ойыншықтар тұлпар
Тұлпар деген жер тартып,
Алып-ұшып тұрмай ма?
Қайраттікі кер тартып,
Қозғалмайды мұндайда.
Шаршатады өзін де,
Бар тапқаны, білгені-
Ойнап жүрген кезінде
Атын сүйреп жүргені.
Сылдырмақ
Сылдырмақ сылдырлап,
Бесікте тұрады.
Бөпешім былдырлап,
Сылдырмақ ұрады.
Бас салып, қолға алып,
Ауызға салады.
Сол кезде сылдырмақ
Сөйлемей қалады.
Ойыншықтар
Біздерде бар қуыршақ,
Бызау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқанымнан шықпайды.
Бұзау, қозы, қуыршақ,
Маған қабақ шытпайды
Ойыншықтар
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймайық,
Келе ғой, дос, ойнайық.
Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған қарғып-ақ.
Тістемейді, теппейді,
Бос қойсаң да кетпейді.
Мына тұрған сиырым,
Томпайтып-ап бүйірін,
Жайылмайды өмірі
Қай жерде жүр семіріп.
Мына тұрған қояным,
Алдына жем қоямын.

Бас бармағым- атам үйдің данасы,
Балан үйрек-әжем ошақ анасы,
Ортан терек- әкем отау панасы,
Шылдыр шүмек- шешем шаңырақ ажары,
Титтей бөбек-мен бәрінің базары.
Отбасы
Анаң күнің, жүрегің,
Әкең өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең асыл ардағың,
Атаң дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Апайым сүт пісірді,
Шәйнекте су қайнады.
Шәйді дәмдеп, ұсынды,
Бетінде аппақ қаймағы.

Жаз
Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Алақай-ау, алақай
Жарқыраған жаз келді
Өлкемізге әр берді
Айналамыз жап-жасыл
Жазбен бірге ән келді.
Жаз.
Нұр тұнып құлпырып,
Айнала жайнады.
Тұр күнге ұмтылып,
Алма ағаш сайдағы.
Өзен жай ағажды,
Жағасы балауса.
Көбелек қағады,
Қанатын жалауша.
Көгалда ойнадық,
Асыр сап күн ұзақ.
Гүл тердік, ойнадық,
Жарқын жаз
Көл жағалай көп құстар
Ұшып-қонып жатады.
Қиқуласып әр тұстан,
Сызылтып ән қатады.
Дөңгеленіп төбеден,
Сәулесін күн төгеді.
Жанқын жаздың не деген
Жасыл түсі көп еді.

Күз.
Жиіп-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсын?
Күз
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойналық та, күлелік,
Енді оқуға кірелік
Күз
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.
Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлықғыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.
Күз келіпті дегенше, Алма пісті дегейсің. Бақшамызда ендеше, Алма пісу көбейсін.

Суретші қыс
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып.
Тазарып бар кір, шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
Аппақ, аппақ, қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ .
Қырау-қырау тал аппақ,
Айналанын бәрі аппақ.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
.
Ақ қырау.
Ергеңгісін байқадым,
Жердің беті ақ қырау.
Дәл маржан деп айтамын,
Төгілуге шақ тұр-ау.
Өзеніме, көліме
Әсем ою ойыпты.
Ағаштардың бәріне
Алқа тағып қойыпты.

Көктем
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Көктем
Қаусатып қар, боранды,
Көктем қайтып оралды.
Таулар тастап ақ тонын,
Кок торғынға оранды.
Сарқырады бұлақтар,
Құлпырды бел-қыраттар.
Сағым ойнап, көзді алып,
Жақын тартты жырақтар.
Көрсең енді қояндар,
Көкшіл түске боянды.
Аюлар мен аралар,
Ұйқысынан оянды.
Келді тағы жылы күн,
Гүлдер шықты тақырға.
Былбырғы еккен шыбығым
Бүршік жарды жақында.
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда.
Көктемде көңілді,
Бақта да, бауда да.

Мен алмұртпын, алмұртпын,
Күзде жинап алатын.
Балбараған біреуін,
Жесең тойып қалатын
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Дәмімді татқан балақан,
Ұмытпайды ешқашан.
Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Балың да оған жетпейді.
Мынау шие шырағым
Қызыл болып пісіді
Тезірек жиіп алмасаң
Ұрлыққа торғай түседі
Қартоп біздің атамыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәрәміз

Отан
Гүлдердің ертемен
Қауызын ашқанын,
Көктемнің көкпенбек,
Мөп-мөлдір аспанын,
Таулардың көл жетпес асқарын-
Ұнатамын бәрін де,
Өйткені ол Отан-
Ұлы Отан.
Бәрін де, бәрін де
Өйткені ол Отан-
Ұлы Отан.
Отан
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан-ана,
Отан үлкен.
Қазақстан - туған ел!
Қазақстан-менің Отаным
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан мекенім!
Бәрімізге белгілі,
Сенің қандай екенің.
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам қуана.
Желбірейді көк туың.
Төбемізде мәңгілік.
Көгінде қүн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

Әжеме тіс саламын,
Көзіне әйнек тағамын.
Сондықтан да өскенде
Мен дәрігер боламын.
Бақыт тапқан шахтадан,
Шахтер ағам-жақсы адам.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz