КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
Презентация қосу
КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА
ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ
ЛЕКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:
• Кіші жастағы мектеп оқушыларына
информиканы оқытудың мақсаты мен
міндеттерін сипаттау
МІНДЕТТЕРІ:
• 1. Жаңа ақпараттық технологияның
тиімділігі
• 2. Бастауыш сыныптарда информатика
курсының мақсаты
• 3. Информатика пәнін оқытудың
міндеттері
• 4. Информатика пәнінің пропедевтикалық
курсы
ЛЕКЦИЯ МӘТІНІ.
• Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі –
бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің
құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы
пәнаралық байланысты күшейте отырып,
оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке
қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық
жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық
технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға
өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық
жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының
нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына
және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға
мүмкіндік беруі.
• Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап
енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен
оқытып, осы пәнге деген бала
қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту
бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері
үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып
оқушыларына информатика сабағын
жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны
нақты материалдармен теориялық және
практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі
күннің өзекті мәселесі.
• Бастауыш сыныптарда информатика курсының
мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
• -Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
• -Ойды логикалы түрде дамыту;
• -.Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты
шешудегі жүйелілік;
• Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында
оқушылардың ақпараттық әлемдік
• бейнесін қалыптастыру және жеке тұлғаның
өзіне қоғамға қажет қабілеттерін
қалыптастырып дамыту.
• Өзбетімен білім алу өзін-өзі дамытуға
жағдай жасау
• Оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және
оны пайдалану туралы білімдерді
меңгерте отырып, ақпараттық технологияны
оқу үрдісінде өзіндік даму мен оны іске
асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде
қолдану дағдыларын қалыптастыру болып
табылады.
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• - Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі информациялық алмасу
сипатын айқындау;
• -Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
• - Білім алушыларға ақпараттың негізгі қасиеттерімен
таныстыру, оларды ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен
алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру;
• -Лекцияны оқытудың мақсаты мен міндеттерін білуге үйрету;
• - Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу
көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді
табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
• - Бастауыш мектептің басқа пәндерін оқытуда қолданатын
білім алушыларға компьютерді қолданудың алғашқы білігін
қалыптастыру.
• Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын
бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы
және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде
дәлелденіп отыр. Бұл кезеңде, төменгі сынып
оқушыларын компьютермен алғаш таныстыру өтеді,
қарапайым
• Информатика пәні баланың техника құлағында
ойлап отырған өз замандастарынан кем болмауы
үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік
негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн,
әдістер, қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы.
Информатика үшін қазір әдістерінің жолдары
жаңаруда.
• Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың
негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын
және ойын жағдайлары баланың жан-жақты
ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер
етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі.
Информатиканы ойын әдістемелері негізінде
өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық
жұмыс түрлерін қосып баланың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой -
өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
• Оқытудың техникалық құралдары:
компьютер, интерактивті тақта;
• Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері
мен түрлері: түсіндіру, әңгімелеу,
конспектілеу;
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
• 1. Жаңа ақпараттық технологияның
тиімділігін атаңыз
• 2. Бастауыш сыныптарда информатика
курсының мақсаты
• 3. Информатика пәнін оқытудың
міндеттері
• 4. Информатика пәнінің
пропедевтикалық курсы
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
• 1. 12 жылдық мектептің 1-5 сыныптарының
оқу бағдарламалары. –А., 2016.
• 2. Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж.
Информатика 12 жылдық мектептің 2-4
сыныптарына арналған оқулықтар. –А., 2016.
• 3. Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А. 2-4
сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі.
-А.,2016.
•
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz