Әскери шен
Презентация қосу
Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназия
АӘжТД пәні
10-сынып
АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысыт
Ирисметов.С
Сабақтың тақырыбы: Әскери
Шендер
Әскери шен
Әскери шен — Қарулы Күштер қатарында қызмет етушілерге әскери мамандығына,
қызмет бабына, сіңірген еңбегіне, әскери және арнайы дайындығына, әскери қызмет
түрлеріне қарай арнайы берілетін шен. ҚР Қарулы Күштерінің әскери шені Қазақстан
Республикасының “Жалпыға ортақ әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы”
(1993 жылы 19 қаңтар және 1995 жылы 14 қараша) заңына сәйкес төмендегідей болып
бөлінеді: солдаттар мен матростар — қатардағы солдат, ефрейтор, матрос, аға матрос;
сержанттар және старшиналар — кіші сержант, сержант, аға сержант, старшина, 2-
және 1-статьялы старшина, бас старшина, корабль бас старшинасы; прапорщиктер
мен мичмандар — прапорщик, аға прапорщик, мичман, аға мичман; кіші офицерлер —
кіші лейтенант, лейтенант, аға лейтенант, капитан, капитан-лейтенант; аға офицерлер
— майор, подполковник, полковник, 3-, 2- және 1-дәрежелі капитан; жоғары шенді
офицерлер — генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник, контр-адмирал,
вице-адмирал, адмирал, армия генералы және Қазақстан Республикасының Маршалы.
Медицина немесе заң саласындағы әскери-есептік мамандықтары бар офицерлердің
әскери шеніне “Медицина қызметінің ...”, “Әділет қызметінің ...” деген анықтауыш сөз
қосылады. Авиацияның жоғары офицерлер құрамының әскери шеніне “Авиацияның ...”
деген сөз қосылады. Ұлан бөлімдерінде, ұлан кемелерінде қызмет ететін әскери
қызметшілердің әскери шенінің алдына “Ұланның ...” деген сөз қосылу арқылы ерекше
ұландық атақ беріледі. Запастағы азаматтардың әскери шенінің алдына
“Запастағы ...”, ал отставкадағылардың атақтарына тиісінше “Отставкадағы ...” деген
сөз қосылады. Жоғары шенді офицерлер құрамына әскери шенді ҚР Президенті
береді. Басқа әскери шен беру тәртібі әскери қызмет атқару туралы арнайы
нұсқауларда көрсетілген. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің әскери шені
ҚР Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғысы мен әскери қызмет атқару туралы
нұсқауларда көрсетілген тәртіп бойынша алынып тасталуы немесе қалпына келтірілуі
мүмкін.
Әскери адамдардң бір біріне бағыныштылығы шен арқылы,
лауазым арқылы анықталады. ол жерде жасқа қарап силау
деген жүре қоймайды.
Әскерилер сержанттар құрамы, офицерлер құрамы болып
бөлінеді. Өз кезегінде офицерлер құрамы кіші офицерлер
құрамы, аға офицерлер құрамы болып бөлінеді.
Сонымен, қатардағы жауынгер болып басталатын әскерилер
ефрейтор атты сатыдан өтеді(бұл өзі бұрынырақта әскерде
«позорный» шен болып саналатын.«Лучше иметь дочку
проститутку чем сына ефрейтора» деген қанатты сөз болушы
еді). Қысқасы ефролар «аузы ұрылған солдат, болмай қалған
сержант».
Кіші сержанттан басталатын сержанттық құрам, сержант,
аға сержант, старшина болып кете береді. Бұрынырақта
прапорщик деген шен бар еді ҚР ҚК қатарынан ол шен
сызылды қазір оларда сержанттық құрамның ішінде аға
сержанттан кейін рота сержанты, батальон сержанты,
бригада сержанты деп кете беретін лауазымдар бар, осы
лауазымына қарай погонындағы сызықтары да көбейе береді.
Қатардағы жауынгердің пагоны таза болады(чистый погон-
чистый совесть).
Ефрейторда бір сызық-
кіші сержантта екеу, сержантта үш сызық.
Аға сержант- жуан жалпақ бір сызық.
Старшинаның сызығы көлденеңінен
жалпақ бір сызық болушы еді,қазір жалпақ
бір сызық оның жанына жіңішке сызықтар
қосу арқылы рота сержанты, бригада
сержанты дегендей лауазымдармен
шендерін өзгертті. Сәйкесінше старшина
деген атауда өзгерді. Жалпы сержанттар
құрамына шолуымыз осымен аяқталсын.
Кіші офицерлер құрамы лейтенанттан басталып
капитанмен аяқталады. Кіші лейтенант деген де
бар, бірақ ол көбіне ІІҚ кездеседі. Әскерилердің
арасында лейтенантқа сөгіс беру арқылы пайда
болмаса бола қоймайды ондай шен.
сонымен, лейтенант иығында екі кішкене жұлдыз
және сол жұлдыздардың астында жіңішке бір сызық
Аға лейтенант үш жұлдыз, капитан төрт
жұлдыз(звездный мальчик, ең жұлдызы көп шен).
Майорда үлкен бір жұлдыз және жұлдыздың
астында сәл жуандау екі сызық.
Подполковник-көлденең орналасқан екі жұлдыз,
полковник аға лейтенанттың жұлдыздары тәрізді
орналасқан үлкендеу үш жұлдыз.
Генерал деген кімдер. Әскерде «Генерал -это
не звание а счастья» деген ұғым бар.Екінің бірі
жетпейтін бақ әскерилер үшін. Бұлардың
жұлдыздары үлкенен де үлкен дәу
жұлдыздар.Соқырлардың өзі көреді десек
әсірелеген болармыз негізі. Генералдар да
генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-
полковник болып кете береді.
Қызығы жәй офицерлерде майор лейтенанттан
үлкен болса, генералдар арасында генерал-
майор генерал-лейтенанттан кішілеу болып
келеді.Бұл жерде жұлдыздар саны рөл
ойнайды. Маршал деген болады оның шенінде
елтаңба тұруы тиіс. Бұл біздің Бас
қолбасшымыз іспеттес.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz