Ньяя - гносеологиялық мектеп
Презентация қосу
Үнді философиясы
Орындаған:Оңғар Мейірім
Тобы:ПМНО 19-3
Жоспар
1. Ежелгі Үнді қоғамының әлеуметтік жағдайы мен рухани мәдениеті. Ведалар
– Ежелгі Үнді философиясының бастауы.
2. Ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксальдік мектеп- тер: веданта,
миманса, вайшешика, санкхья, ньяя, йога.
3. Ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксальдік емес мектептер: джайнизм,
буддизм, чарвака (локаята).
Үнді пәлсапасы
• б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы
тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы,
алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда
таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді.
Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін
шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және
рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының
әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға
болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналар
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық
жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы
білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті.
Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу
формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі
үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II
және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби
ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді
қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық
ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған
құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың
алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен
әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.
Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем
болған брахманизм діні негізделді.
Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.
Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни
өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым
білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым
келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы
түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі
ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар
мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең
бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі
білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық
туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык
тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін
береді.
Ортодоксалды (Веданы мойындайтын)
философиялық мектептер
• Вайшешика
• Ньяя
• Йога
• Миманса
• Санкхья
• Веданта
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы
«вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-
Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом
ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның
оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды.
Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя
философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр»
шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни
талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар.
Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне
айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп
шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе
ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда
ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның
тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.
Миманса – таным
мәселесімен айналысты.
Ол б.з.д. III ғ. пайда
Веданта философиялық
болды. Мимансаның Санкхья – қос реализмді,
толғаныс пен талдауға
негізі Джайминидің пуруша мен пракританы
толы бағдар. Веданта
«Сутрасында» қаланған. қабылдаған
идеясы мынандай
«Миманса» сөзі «кейбір философиялық жүйе.
қағидаға сүйенеді: тұтас
проблеманы ойлану Оның негізін қалаған
және елестеулі дүниенің,
және сыни талдау Капила. Санкхья
күллі нәрсенің түп негізі –
арқылы шешу» деген терминінің мағынасы
Абсолютті шындық,
мағынаны білдіреді. туралы көп болжамдар
Брахман. Ол — бөлінбес
Мимансаның пәні - таралған. Санкхья
тұтас біреу. Әр адамның
карма немесе рәсім-салт дегеніміз - сан, танымның
рухани «Мені», оның
мәселелері. объектілерін санау
Атманы осы түп негізбен
Мимансаның бастапқы арқылы тану.
бара-бар.
мақсаты - ведалық салт-
рәсімді сақтау және
қорғау.
Йога – адам психологиясы, түрлену
дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ.
пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану»
деген мағына береді, оның негізін
қалаушы болып кемеңгер Патанджали
есептелінеді. Йога жүйесі ведалық
дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті
тіршілікте үйретуге ерекше мән берді.
Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің
сыртқы қызметін барлық шектеулерден
босатпақ, тіпті босататын теориялық
нұсқауымен және практикалық негізімен
тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе
- жаттығу тәсілдері мен практикасы
арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға,
өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға,
жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың
мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне
жету. Денені шынықтыру арқылы жан
саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын)
философиялық мектептер
• Буддизм
• Джайнизм
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған.
Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині
«жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт
түрлі ақиқат ілім негізделген.
Азаптану.
Азаптанудың себебі
Азаптанудан босану.
Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және
нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап
өтеді:
• Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты
басу керек деген Будда сөзіне сену;
• Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта
айқындау;
• Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс,
рақымды болсын;
• Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
• Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
• Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап,
жағымдыны жалғастыру;
• Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
• Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек
талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.
Жайнизм
• Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде
қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира.
Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның
жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік,
биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп
түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы
өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс
салдарын осы өмірде жеңуге болады.
Наразларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz