Ұлттық мұра мен құндылықтардың тәрбиелік және мәдени рөлі



Ұлттық мұра және
құндылықтар
Дайындаған: Нуретова Ф.Е
Тобы: КА-24
Тексерген: Қайырбекова А.Қ
Ұлттық құндылықтар

Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, діні, мәдениеті, әдебиеті, өнері,
сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге
туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды,
көзқарастар жатады. Құндылық адам өлшеміндегі мәдениетті көрсетеді, әрі өмір сүру және
адамдық болмыс қалпының негізін кұрайды. Құндылықтар қоғамды реттеу кезінде дәстүрлер
мен ғұрыптар жүйелерін, әсіресе қоғамға аса маңызды адамдык нормалар мен құкықты өзіне
бағындыра отырып, ыңғайлы деңгейге ие болады.
Ұлттық құндылықтар

Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ.
Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер - сол ұлттың төл тарихы,
мәдениеті мен тілі екені анық. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты
бағдарламалық мақаласында "Кеңістік - барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен
кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады" деген болатын.
Сондай-ақ, ұлы даланың әрбір қыры оның әуелден бүгінге дейінгі халқының терең тарихы мен бай
мәдениетінің куәсі екендігі және оны жаңғырту әлемдік өркениет үшін ерекше маңызды екендігін атап көрсетті.

Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы,
салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын
қасиеттері. Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз
жана бермек.
Ұлттық құндылықтар

Еліміздің ертеңі, әрқайсымыздың
өмір жалғасымыз болып
табылатын жас ұрпақты ұлттық
құндылықтар негізінде тәрбиелеу -
аса өзекті тақырып. Жастардың
бойында ұлттық құндылықтарға
негізделген адамгершілік тәрбие
менадами сезімді қалыптастыру
және дамыту мәселесі қазақ ақын-
жырауларының ой иірімдері,
даналық тұжырымдары, халықтың
адамгершілік ұғымдары,
этнопедагогикалық ойлар арқылы
жүргізілуі тиіс. Бұлар өз кезегінде
жас ұрпақтың адамгершілік
сезімдерін дамытып, Отан
алдындағы міндеті мен борышын
адал атқаруға деген оң
көзқарасының қалыптасуына
мақсатты ықпал етеді.
Ұлттық мұра

Халқымыз "Білімдіден шыққан сөз,
талаптыға болсын кез" дегенді тегін
айтпаған. Сондықтан да ғасырлар
бойына сөз құдіретін сезіне білген,
шешеннің билігіне тоқтаған, елдікті
сақтаудағы тапқырлығына тәнті болып,
дәріптеген. Қыз бен жігіттің бір-біріне
алғашқы сезім білдіруі айтыс түрінде
өрбісе, қариялар бата беріп, ақ жол
тілеп отырған, тұтас қоғам өмірін
қадағалай білген. Ал өнер
сайыстарының қайсысы болмасын
өскелең ұрпақты ерлікке, батырлыққа,
тапқырлыққа, терең ойлылыққа
тәрбиелеген. "Өткеннің өнегесі -
бүгінгінің баға жетпес байлығы»
екендігін естен шығармай,
мәдениетімізді терең зерделеу арқылы
"Мәңгілік ел" бола алатынымыз хақ.

Ұқсас жұмыстар
Жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік рөлі
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы: ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу
Қазақстандағы мәдени мұра және рухани жаңғыру: мемлекеттік бағдарлама мен ұлттық бірегейлікті сақтау
7-сынып: Халық дәстүрі - ұлттық мәдени мұра және тәрбие
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен нәтижелері
Күлтегін ескерткіші және Қазақстанның Мәдени мұра бағдарламасының тарихи-мәдени маңызы
Қазақстанның мәдени мұра бағдарламасы: мақсаттары мен маңызы
Қазақ ұлттық би өнерінің мәдени және тәрбиелік маңызы
Мектептердегі Мұрагер ұлттық музыка бағдарламасының қалыптасуы мен тәрбиелік-мәдени маңызы
Ана тілі: ұлттық-мәдени маңызы және білімдегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz