Әдебиетті оқытудағы әдіс-амалдар: көрнекілік, зерттеу, шығармашылық, эвристикалық және репродуктивті тәсілдер


Slide 1

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті

№4-семинар

Тақырып:Әдебиетті оқыту әдістері

Тапсырмалар:

1. Көрнекілік әдісі

2. Зерттеу әдісі

3. Шығармашылық әдісі

4. Эвристикалық әдіс

5. Репродуктивті әдіс

Орындаған:Габдуллина Зарема

Тексерген:Турганалиева Г. Г.

Slide 2

Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.

Slide 3

Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру, өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференция сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы. Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаған жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкірттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.

Slide 4

Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданылуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:

-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.

-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.

-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.

-Әңгіме жүргізу.

-Шығармашылық тапсырма беру.

-Жаттау.

-Жоспар құру.

-Эпизодтарға тақырып қою.

-Мәтінге жақын баяндау.

-Көркем баяндау.

-Сценарий құру.

-Иллюстрация жасау.

-Пікір жазу(кітап, кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)

- Шығарма жазу.

Slide 5

Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс көбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:

-Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау, теориялық т. б мәселелер бойынша)

-Тапсырмалар жүйесі. Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т. б мәселелер бойынша.

-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.

Slide 6

Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материалын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.

Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:

-Әңгіме(жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)

-Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)

-Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)

-Сұрақтарға жауап беру(оқу материалын арқау ете отырып)

Slide 7

Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материалының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады. Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.

Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцип пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар сыныптағы және одан тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыруына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Әдебиетті оқытудағы жаңашыл әдіс-тәсілдер және олардың тиімділігі
Оқу мен оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер: шебер сынып тәжірибесі
Информатика пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер мен ұйымдастыру формалары
Мектептегі әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемелері мен технологиялары
Оқытудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту және коучинг әдістері
Математиканы оқыту: әдістері, формалары, қағидалары және инновациялық тәсілдер
Мектепке дейінгі жастағы балаларға бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мен шығармашылық қабілеттерді дамыту әдіс-тәсілдері
Оқу-тәрбие процесіндегі әдіс-тәсілдер: классификациясы және педагогикалық функциялары
Баскетбол: жеке және командалық әдіс-тәсілдер мен техникалық дайындық
Сабақтағы көрнекілік әдісі мен оқыту әдістерінің классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz