МИКРОБТАРДЫҢ ТҮРІН АНЫҚТАУ



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
МИКРОБТАРДЫҢ ТҮРІН АНЫҚТАУ.
КӨМІРСУЛАРДЫҢ АШУЫ МЕН БЕЛОКТАРДЫҢ ЫДЫРАУЫ
Тобы:ТХ 19-14
Орындаған:Султанкул Мағжан
Тексерген:

Өсінділерді май қышқылды ашуға тексеру
Май қышқылды ашудытудыратын микробтар (Cl. butyricum, Cl. pasteurianum, Cl. pectinovorum және т. б. ) облигатты анаэрбтарға жатады. Олар топырақта, қида және түрлі заттарда кездеседі. Май қышқылды микроорганизмдердің әсерінен қант май қышқылы мен газға ыдырайды. С6Н12О6→СН3СН2СН2СООН+2СО2+2Н2

Өсінділерді белокты заттардың аммонификациясына
тексеру
Ұйыған жұмыртқа белогы қосылған ет пептон сорпасынан шіріткіш микроорганизмдердің әсерін анық байқауға болады. Мұндай микробтардың ферменттері ұйытылған жұмыртқа белогын ыдыратып, қорытып жібереді. Ол үшін құрамында 3% пептоны бар ет пептон сорпасын Эрленмейер колбаларына немесе үлкен шыны түтіктерге 30- 50 мл-ден құйып, топырақ үлгілерін қосады. Микробтардың тіршілік әрекетінен пайда болған өнімдерді анықтау үшін колба мен қақпақша арасына дистильденген сумен ылғалдандырылған қызғылт лакмус қағазын (аммиакты анықтау үшін), сірке қышқылды қорғасын ерітіндісімен қанықтырылған (күкіртсутекті анықтауға) және 12% қаныққан қымыздық қышқылымен өңделген сүзгіш қағаздарды (индалды анықтауға) қыстырады. Дайын болған колбаларды немесе шын түтіктердің қақпақшаларын пергамент қағазымен жауып, жіппен байлағаннан кейін термостатқа (2-3 тәулікке) қояды. Микробтар аммиак түзген жағдайда қызғылт лакмус қағазы көгереді, күкіртсутек болғанда сірке қышқылды қорғасынмен өңделген қағаз қараяды, ал индол болған жағдайда қымыздық қышқылы батырылған сүзгіш қағаз қызғылт түске боялады. Микробтардың өсінділік қасиеттері зерттеу микроскопия арқылы іске асырылады. Ол үшін өсінді сұйықтығынан жағынды жасап, Пфейффер фуксинімен бояйды. Аммонификация процесінің қоздырғыштары түрлі формада және көлемдерде көрінеді.

Микробтардың түрін анықтау
Бөлініп алынған микробтарды ЕПА мен ЕПС-на қайтара себінді жасағаннан кейін микробтардың түрін анықтайды. Ол үшін дайындалған жағындыны Грам әдісімен бояп, микробтардың формасын, капсуласын және спораларын, ал жас таяқша тәрізді микробтардың жылжымалы қасиеттерін зерттейді. Макроскопиялық зерттеу арқылы олардың колонияларына сипаттама береді. Сосын микробтардың биохимиялық (сахаролиттік, протеолиттік және т. б. ) қасиеттері зерттеледі.

Микробтардың тыныс алуы
Басқа организмдер тәрізді микробтардың тіршілігіне де энергия үздіксіз жұмсалып отырады. Микробтар химиялық реакциялардың нәтижесінде пайда болған энергияның бір бөлігін пайдаланса, қалғандары сыртқы ортаға бөлініп шығып, орта температурасының жоғарылауына себепші болады. Тыныс алу түрлеріне байланысты барлық микроорганизмдер аэробты және анаэробты болып екі топқа бөлінеді. Аэробты микроорганизмдер тіршілігі үшін ауадағы оттегін пайдаланады, ал анаэробтылардың тіршілігі оттегінің қатысуынсыз жүреді.

Анаэробтарды өсіру
Анаэробты микроорганизмдер сутегінің асқын тотығын ыдыратуға қатысы бар каталаза ферментін түзбейтіндіктен оттегі жоқ ортада өсіп-өнеді. Ондай микробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасаудың бірнеше тәсілдері бар.
ФИЗИКАЛЫҚ
ӘДІС
ХИМИЯЛЫҚ
ӘДІС
БИОЛОГИЯЛЫҚ
ӘДІС
АРАЛАС
(КОМБИНИРЛЕНГЕН)
ӘДІС

Физикалық әдісте анаэробиоз вакуумдық насос арқылы іске асырылады. Ол үшін микроорганизмдер себінділері бар эксикатордағы ауаны манометрі бар насоспен сорып алып, оны анаэробты өсіруге арналған термостатқа қояды.
Химиялық әдісте оттегін химиялық заттардың көмегімен жояды. Құрамында пирогаллол және 10%- натрий гидроксиді бар өсінділерді герметикалық жабылатын ыдысқа салып, термостатта өсіреді.

Биологиялық әдісте аэробтар мен анаэробтарды бірге өсіреді. Ол үшін Петри шынысындағы ЕПАын екіге бөліп, бір бөлігіне аэробтыларды ал екінші бөлігіне анаэробты микроорганизмдерді себеді де Петри шыныларының айналасын парафинмен бекіткеннен кейін термостатқа қояды. Бастапқы кезде аэробтар өсіп, оттегі таусылғаннан кейін анаэробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай пайда болады.
Аралас (комбинирленген) әдісте анаэробиоз бірнеше әдістерді қатар үйлестіру арқылы іске асырылады. Ол үшін Китта-Тароци (ЕПБС) ортасының бетіне индиферентті вазелин майын құйып, газдар мен оттегін жою үшін су моншасында қайнағанға дейін қыздырады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz