Әлеуметтік өзгеріс



Әлеуметтік өзгеріс
Орындаған: Ертуганова Айдана

Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауысу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кету ахуалын бастан өткереді.

Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшеліктерін нақты түсіну үшін бастапқы ұғым болып саналса, ал әлеуметтік заңдылықтар оның мәнін ашатын қажетті ұғым болып табылады.
Әлеуметтік өзгерістерді негізінен экономикалық әлеуметтану, саяси әлеуметтану, құқық әлеуметтануы, ауытқымалы мінез-құлық әлеуматтануы, отбасы әлеуметтануы, жастар әлеуматтануы, дін әлеуметтануы сынды категориялардан байқауға болады.

Қоғамдағы әлеуметтік жүйеде жатқан институттардың, әлеуметтік рөлдер мен адамдар арасындағы өзара байланыстардың өзгеруі. Әлеуметтік өзгерістер әлеуметтік құрылымда пайда болған елеулі өзгерістер. Бұл танымның ішіне жаңа нормалар, құндылықтар, мәдени элементтер және символдық өзгерістерді атауға болады. Қоғамда кіші топтар арасында көрініс тапқан өзгерістер мен мода сияқты өтпелі өзгерістерді ескермеуге болады, бірақ отбасы, экономика, құқық институттарындағы өзгерістер, әлеуметтік рөлдерден өзгерістер және әлеуметтік байланыстарда пайда болған өзгерістер өте қажетті.

Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т. б.
Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында қақтығыстар болуыда ықтимал. Әр өзгерістің өзінше шығыны болады. Болымды нәтижелермен қатар болымсыз нәтижелерде орын алып тұрады. Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркәсіп т. б. сияқты бірнеше салада болымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның нашарлауы т. б. сияқты болымсыз нәтижелер осы әлеуметтік өзгерістің жемісі.

Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т. б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ

Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т. Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.

Категориялар
Оны толықтай ашатын
Әлеуметтік қатынастар
(Әлеуметтік фактор, әлеуметтік қарым-қатынастар, әлеуметтік басқару, әлеуметтік институт) ;
Категориялар
Оны толықтай ашатын
Әлеуметтік топтар
( Қоғам, әлеуметтік топтар, ұйымдар, әлеуметтік сыныптар, тұлға) ;
Категориялар
Оны толықтай ашатын
Әлеуметтік процестер
(Оның ауыспалылығы мен түрлері, қоғамдық белсенділігі, әлеуметтенуі, маргинализация мен институциализациясы және де тәртібі жатады) ;
Категориялар
Оны толықтай ашатын
Әлеуметтік дамуы
(Әлеуметтің өзгеруі, әлеуметтік трансформация, деградация, әлеуметтегі орны, әлеуметтік қозғалыстары жатады) ;
Бөлек категориялар
Әлеуметтік және эмпирикалық тәжірибелерде белсенді
(Бағдарлама, құрал-саймандар, сауалнама, әлеуметтік-г, гипотеза

Категориялар
Макросоциологиялар
Микросоциологиялар
Қоғам, мәдениет, әлеуметтік институттар, әлеуметтік жүйесі және әлеуметтік құрылымы, жаһандық әлеуметтік процестер.
Әлеуметтік мінез-құлық, мотивация, адамдардың қарым-қатынастары, ынталандыру, топтық іс-әрекеттер.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді. «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:
вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Веритикальды мобильдік - индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі.
Горизантальды мобильдікте - индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді.
Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді.

Конфликт теориясы: технология, билік және әлеуметтік өзгеріс
Конфликтология теорияшылары өзгерісті жаңа технологияларды қоса алғанда бәсекелес топтардың күресінің нәтижесі деп санайды. Сонымен бірге конфликтология теорияшылары қолында мол билігі бар адамдар технологиялық және әлеуметтік өзгерістерді өз мүддесіне бағыттайды деп түжырымдайды. Қақтығыс және құлдырау сипаты бар процесте әлеуметтік қүрылым өзгереді. Өйткені ықпалды топтар өзгеріс үшін немесе қалыптасқан жағдайды сақтау үшін әрекет етеді. Торстейн Вебленнің (Thorstein Veblen, 1919) айтуынша, қалыптасқан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін салады. Заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға немесе өзгертуге тырысады. Әлеуметтік өзгерістен залал көрген топтар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді. Ал өзгерістен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz