БАЛДӘУРЕН БАЛАЛАР ЛАГЕРІ




Презентация қосу
“БАЛДӘУРЕН” БАЛАЛАР
ЛАГЕРІ.

Орындаған: Амангелді Анеля
Тексерген: Омарова Н.А
Тобы: ФТ3-1
"Балдәурен" – қазақ тілінде бақытты балалық
шақ деген мағынаны білдіреді. Бұл атау текке
берілмеген, орталыққа келетін балалардың жасы
осы бақытты балалық шаққа сәйкес.
Республикалық оқу–сауықтыру орталығы
Балдәурен"- бұл оқу–педагогикалық және
сауықтыру істерін ұйымдастырумен
айналысатын, сонымен қатар балалардың
Халықаралық және Республикалық мәдени
көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын
өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру
орталығы. "Балдәурен" РОСО еліміздің ең көрікті
жерлерінің бірі Бурабай курорты
аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан.
«Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру
орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы
Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек»
(Крым, Украина) Халықаралық балалар орталығы
негізінде құрылды.
◦ Қазіргі таңда «Балдәурен» –ТМО және
ОрталықАзия аймақтарындағы теңдесі
жоқ бірден–бір балалар мен
жасөспірімдердің демалысын,сауығуын
ұйымдастыратын және олардың
шығармашылықтарының дамуына
барлық жағдайлар жасайтын
Республикалық оқу–сауықтыру орталығы.
Орталық жыл бойына үзіліссіз қызмет
етеді және бір ауысымда 350 оқушыны
қабылдайды. Ауысымның ұзақтығы жаз
мезгілдерінде - 15 күнді, ал қыс
мезгілдерінде- 20 күнді құрайды.
Балалар үшін қазіргі заман талабына
сай жабдықталған бөлмелер және
техникалық құралдармен
жабдықтылғын сыныптар.
Гидромассаждық душ кабиналары бар,
жайландырылған бөлмелер. Балалар 5
рет тамақпен қамтамасыз етіледі,
сауықтыру және профилактикалық іс-
шаралары: массаж, су процедуралары,
емделу ванналары, сауна, коктейль
және қарағайлы таза ауа. Орталықтың
барлық жалпы аумағы 8.62 га, оның
негізгі пайдалы құрылыс аймағы – 15
288 кв.м. алады. Алты қабатты жайдың,
1 қабаты–мектеп, 2 -3 – 4 қабаттары
жататын бөлмелер, 5 қабат әкімшілік-
тұрмыстық, 6 қабат – ойын залдары.
Бес қабатты медициналық кешен.
◦ Екі қабатты спрот кешені. Үш қабатты
әкімшілік кешені. Жабық бассейн.
Автотранспорттық, жылу және кір жуу
шаруашылығы. Балалардың пайдалануы үшін
емдік және сауқтыру процедуралары,
электронды тақталарымен және ең соңғы оқу
техникаларымен жабдықталған физика ,
химия, лингофон, , компьютер кабинеттері,
20000 дана оқу және әдеби кітаптармен
жабдықталған библиотека,топ бөлмелері бар.
Қыста аяқ асты сықырлаған аппақ қар,шаңғы
жолдары, сырғанақтар. Спортық қысқы және
жазғы арнайы төсегіш төселген
алаңдар,шатырлы қала, топтық от алауын
жағатын алаңдар, тренажер, спорт және ойын
залдары Халықаралық стандартқа сай
жабдықталған үлкен және жүзуді жаңа
үйренушілерге арналған кіші жүзу
бассейіндері бар. Балалар гидро – массаж душ
кабиналарымен жабдықталған бөлмелерде
тұрады. Бес рет дәрумендерге бай жас
көкөністер мен жемістер және калориялы
тағамдар беріледі. Диета сақтау столы бар.
«Балдәурен» оқу-сауықтыру
орталығында 36 мұғалім еңбек етеді.
Педагогтардың сапалық құрамы:
жоғары санатты- 27%; бірінші- 32%;
екінші- 29%; санаты жоғы - 12%
құрайды. Бүкіл ұжым 5 әдістемелік
бірлестіктерге бөлінген. Бұл мына
бірлестіктер:
◦ 1. физика, математика, информатика пән
дерінің бірлестігі ;
◦ 2. жаратылыстану пәндерінің бірлестігі;
◦ 3. қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің
бірлестігі ;
◦ 4. орыс және шетел тілі пәндерінің
бірлестігі ;
◦ 5. денешынықтыру пәндерінің
бірлестігі.

Ұқсас жұмыстар
Құрылыс жұмыстары
Балалар лагері
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар
Балалардың көз қуанышы
Алматы лагері
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА. ӨМІРБАЯНЫ
Бірде тұтқын әйелдер
Сауат ашу және жазу негіздері
Балалардың жас
Алтын күз бізге нұр төгіп
Пәндер