Шаңның жіктелуі
Презентация қосу
Тақырыбы:Шаң факторының санитариялық- гигиеналық
маңызы.
Орындаған: Жугинисова .Д
Тобы: ҚДС17 002-01
Қабылдаған: Жаханов .А
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Шаңның жіктелуі.
Шаң патологиясының дамуында өндірістік орындардың
ауасының тозаңдануының маңызы. Пневмоканиоздар
түрлері.
Силикоздың патоморфологиясы мен клиникасы.
Жұмысшыларда шаң патологиясының профилактикасы
бойынша шаралар
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өндірістік шаң ең кең таралған зиянды және қауіпті
өндірістік факторлардың бірі. Шаң өте көп әр түрлі
технологиялық үрдістер кезінде жұмыс зонасы ауасына
бөлініп өндірістердің басым көпшілігінде кездеседі. Бұл
өндірістер – пайдалы кен қазбаларын алу, машина жасау
және металлургия өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, ауыл
шаруашылығы және т.с.с.
Өндірістік шаң ауада қалқып жүретін, баяу қонатын
өлшемі бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм дейін
жететін қатты бөлшектер, яғни аэрозоль болып табылады,
оның дисперсті фазасы қатты бөлшектер де, ал дисперсті
ортасы ауа.
Негізгі бөлім
Өндірістік шаң ауада қалқып жүретін, баяу қонатын өлшемі
бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм дейін жететін қатты
бөлшектер, яғни аэрозоль болып табылады, оның дисперсті
фазасы қатты бөлшектер де, ал дисперсті ортасы ауа. Өндірістік
шаңды шығу тегі, түзілу тәсілі мен бөлшектерінің өлшемі
(дисперстілігі) бойынша жіктейді.
Шығу тегі бойынша шаңды бейорганикалық, органикалық және
аралас деп бөледі.Органикалық шаң жануар немесе өсімдік текті
табиғи (ағаш, мақта, сүйек, жүн шаңы және т.б.) және жасанды –
пластикалық массалар, резеңке, шайыр, бояғыш заттардың және
т.с.с. шаңдары болуы мүмкін. Бейорганикалық шаң минерал
(кварц, силикат, асбест, цемент шаңы және т.с.с.), сонымен қатар
метал (мырыш, темір, мыс, қорғасын, марганец және т,б,) шаңы
болуы мүмкін.
Түзілу тәсіліне байланысты: дезинтеграция және
конденсация аэрозольдерін ажыратады
Дезинтеграция аэрозольдері Конденсация аэрозольдері
(майдалау) механикалық қатты заттарды термиялық
жолмен ұсақтауда, бұрғылауда, өңдеу үрдістерінде
қатты заттарды бұзғанда (металлдарды балқытқанда,
(бұрғылауда, жарылыс электрлік дәнекерлеуде және
жұмыстарында, материалдарды т.б.) металдар мен метал
ұнтақтағанда), бұйымдарды еместердің буларын суыту және
механикалық өңдеу кезінде конденсациялау нәтижесінде
(тазалау, құю, заттың беттерін
түзіледі
тегістеу) түзіледі.
Дисперстілігі - бөлшектердің өлшемі бойынша –
бөлшектердің өлшемі 10 мкм артық болса
көрінетін, –0,25 мкм-ден 10мкм дейінгі,
микроскопиялық және 0,25 мкм кем
ультрмикроскопиялық шаңдарға бөледі.
Шығу тегіне, химиялық құрамына,
ерігіштігіне, дисперстілігіне, шаңдардың
пішініне байланысты фиброгенді шаң
адамда әр түрлі шаңнан пайда болатын
аурулардың себебі болуы мүмкін. Мұндай
ауруларды спецификалық
(пневмокониоздар, аллергиялық аурулар)
және спецификалық емес (бронхиттер,
ларингиттер, трахеиттер, пневмония,
конъюктивиттер, кератиттер, дерматиттер,
пиодермия) деп бөледі.
Шаңның әсерінен пайда болатын кәсіби
спецификалық аурулардың ішінде
пневмокониоздар аса маңызды.
Пневмокониоздар – бұл өндіріс
жағдайында белгілі бір құрамды
өнеркәсіптік шаңның ұзақ уақыт әсер етуі
нәтижесінде пайда болатын және өкпеде
фиброз (дәнекер тінінің өсуі) дамуымен
сипатталатын өкпенің созылмалы ауруы.
Пневмокониоздардың бес тобын
ажыратады:
I. Минералды шаңнан пайда болатын : силикоздар;
силикатоздар (асбестоз, талькоз, коалиноз, оливиоз,
мулитоз, цементоз және т.б.).
II. Металл шаңынан пайда болатын: сидероз; охроз;
алюминоз; бериллиоз; баритоз; манганокониоз және
басқалар.
III. Құрамында көмірі бар шаңнан пайда болатын:
антракоз; графитоз және т.б.
IV. Органикалық шаңнан пайда болатын: биссиниоз
(«мақта мен зығыр шаңынан), багассоз (қант
құрағының шаңынан), фермер өкпесі (құрамында
саңырауқұлақтары бар ауыл шаруашылық шаңнан).
V. Аралас құрамды шаңнан пайда болатын
пневмокониоздарды: силико-асбестоз; антракосиликоз
және басқалары.
Силикоз шаңы, көп кәсіп түрінде
5-10 жыл жұмыс істегеннен кейін
дамиды. Дегенмен , туннелдер
қазған кезде жұмыс басталғаннан
1-2 ай өткеннен кейін силикоз
дамыған жағдайлар да жазылған.
Силикоз, сондай ақ онымен
қатынас жасауды үзгеннен кейін
көп жылдар өткеннен соң да
дамуы мүмкін. Аурудың алғашқы
кезеңдеріндегі белгілері
мардымсыз: жөтел, кеуде торында
ауыратын сезім, ентігу байқалады.
Олар патологиялық үрдістің
дамуына қарай күшейе түседі.
Антракоз – көмір шаңының әсерінен болатын
пневмокониоз және басқа да карбокониоздар,
сондай-ақ бериллиоздан басқа
металлокониоздардың ағымы қатерсіз
өтеді.Құрамында темір тотығы, марганец
қосылыстары бар дәнекерлік аэрозольдер
тудыратын электрмен дәнекерлеушілердің
пневмокониозы салыстырмалы түрде қолайлы
өтеді.
Құрамында кремнийдің қос тотығының мөлшері жоғары
аралас шаңмен тыныс алғаннан дамитын пневмокониоздар
клиникалық ағымы бойынша силикозға ұқсас, бірақ аурудың
үдеуге бейімділігі төмендеу болып келеді. Өндірістік шаң,
шаңның әсерінен болатын кәсіби бронхиттер, пневмония,
риниттер және бронх демікпесінің дамуына әкелуі мүмкін.
Мәселен, өсімдік талшықтарының – мақта, кенеп, зығыр
шаңымен тыныс алғанда кейінірек өкпе эмфиземасымен
және пневмосклерозбен асқынатын бронхоспазмдық
құбылыстар байқалады.
Шаңнан болатын аурулардың алдын
алу шаңды гигиеналық нормалаудан,
технологиялық шаралардан,
санитарлық-техникалық шаралардан,
жеке басты қорғайтын құралдарды
пайдаланудан және емдеу алдын алу
шараларынан тұрады.
Шаң түзілумен күресуде, шаң түзілуін болдырмайтын
(металлдардың өңдеудің электрлік-химиялық әдістері,
қысыммен құю, заттың беттерін ультрадыбыстық өңдеу және
т.б.) немесе оның деңгейін төмендететін (технологиялық
үрдісте ұнтақ тәрізді заттардың орнына брикеттерді,
түйіршіктерді, ертінділеді қолдану, құрғақ үрдістерді, мысалы,
бұрғылауда, көмір өндіруде ылғал үрдістермен ауыстыру)
технологияларды қолдану шешуші фактор болып табылады.
Атап айтқанда, жерасты кен орындарында, жыныстарды
өндіретін, тиейтін және түсіретін жерлерде тозаңдатып сулау
қолданады. Өндірістік үрдістерді автоматтандыру мен
механикаландырудың, қашықтықтан басқарудың, роботты
техникаларды енгізудің үлкен маңызы бар.
Жеке басты қорғайтын құралдарға шаңға
қарсы аспираторлар, қорғаныс көзілдіріктері,
арнайы шаңға қарсы киімдер жатады. Тыныс
мүшелерін сүзгілі және оқшаулаушы
құралдармен қорғайды. Кеңінен
қолданылатыны- «Лепесток» респираторлары.
Шаңның теріге жағымсыз әсері кезінде
қорғайтын майлар, пасталар қолданады.
Шаңды өндірістерге туберкулезбен, тыныс алу
мүшелерінің созылмалы ауруларымен, жүрек-тамыр
жүйесінің, көз бен тері ауруларымен ауыратындарды
жұмысқа алуға рұқсат етілмейді. Кезеңдік медициналық
тексерулерді өндірістің қауіптілігіне байланысты 6, 12
және 24 айда 1 рет жүргізеді, бұл кезде міндетті түрде
өкпені рентгенографияға түсіру, сыртқы тыныс алу
қызметін зерттеу, жалпы қан талдауы мен туберкулез
микобактерияларына қақырық талдауын жасау керек.
Барлық силикозбен, силикотуберкулезбен немесе
туберкулезбен ауыратындар зиянды факторлармен
байланысы жоқ жұмыстарға ауыстырылуы тиіс.
Алдын алу шаралары ретінде шаңның
ағзаға түсуін азайту, фиброздың дамуын
тоқтату (УК-сәулелендіру), және ағзаның
қарсы тұруын жоғарлату мақсатында
жұмысшыларды УК-сәулеге түсіруді,
сілтілік инголяциялар, тыныстық
жаттығулар жасауды қолданады.
Қорытынды
Шаңды жою немесе азайту үшін өңдірістегі құрғақ
әдістерді сулы әдістермен алмастыру,шахталармен кен
өндіру орындарында бұрғылау жұмыстары кезінде және
тастардың бетін тегістеу кезінде шаң бөлуді азайту үшін
сулы әдістер қолдану.Сулы әдістер қолдану өндірістегі
шаңды10-15 рет төмендетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Торгаутов Б.К. , Сералиев М.Ш. Жалпы гигиена.
Шымкент, 2011ж
2. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік
сабақтарға арналған нұсқаулық. – Шымкент, 2010ж.
3. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған
оқулық / У.И. Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж
– 656 б.
4. www.google.kz.
5. Токанова Ш.Е. Жалпы гигиена: оқу құралы. –
Алматы : Эверо, 2013ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz