Қазақстандағы биотехнологияның дамуы және шартты мен қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдер


Slide 1

Қазақстандағы биотехнология ғылымының дамуы

Slide 2

Оқу мақсаты

9. 1. 6. 1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау

Slide 3

https://biocenter. kz/kz/zha-aly-tar/gbo-turaly-bak/530

https://youtu. be/Qv0WdWT_wh8

Көрсетілген сілтемелермен танысамыз.

Slide 4

Шартты бағыныңқы сабақтас - бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шартын білдіреді

Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше?

Шартты бағыныңқылы сабақтас тың жасалу жолдары

-май, -мей, -пай, - пей, -бай, - бей

Ерте тұрмай, бәріне үлгермейсің.

-ғанда, -генде, -қанда, -кенде

Ерте тұрғанда, үлгеретін едің.

-майынша, -мейінше, -пайынша,

-пейінше, -байынша, -бейінше

Ерте тұрмайынша, үлгермейсің.

-са, -се + жіктік жалғауы.

Ерте тұрсаң, бәріне үлгересің.

Slide 5

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас - бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді.

Сұрақтары: қайтсе де? қайткенмен? не етпестен? не ете тұра? қайткенше? не еткені болмаса?

1

-са да, -се де

Мұғалім түсіндірсе де, түсінбеді.

2

-ғанмен, -генмен, -қанмен, -кенмен

Мұғалім түсіндіргенмен, түсінбеді.

3

(-ғанына, -геніне, -қанына, -кеніне) + қарамай, қарамастан

Мұғалім түсіндіргеніне қарамастан, түсінбеді.

4

(-а, -е, -й) + тұра

Мұғалім түсіндіре тұра, ол түсінбеді

5

(-ғаны, -гені, -қаны, -кені) +болмаса

Мұғалім түсіндіргені болмаса, ол түсінбеді

6

-ғанша, -генше, -қанша, -кенше

Дүкен аралап бекерге ақша құртқанша, үйде отыр.

Slide 6

Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы - медицина мен биология. Әсіресе, оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары шамамен екі жылдай шұғылданды. Мамандардың сөздерінше, олар төзімділігі жоғары, яғни осыған ұқсас қазіргі материалдардан жүз есе сапалы материалға қол жеткізген.

Бүгінгі күні дүниежүзінде медициналық желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірленімі импорттың орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Қазір Биотехнология орталығы басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке зерттеу блогы ауыл шаруашылығы саласына арналған. Айталық, ғалымдар гербицидке төтеп беретін бактериалды гені егілген мақтаның ерекше сортын жасап шығарды. Мұндай мақта сортын жетілдіру келешекте өнімділіктің артатынына әкеледі.

Ұлттық биотехнология орталығы осы жетістіктермен шектелмек емес, ғалымдар өз әзірлемелерін одан әрі де жалғастыра береді.

Ерлан Рахманқұлов, Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

- Бидайдың, картоптың жаңа сорттарын, биотехнологиялық әдістердің көмегімен жасап шығарудамыз, олар топырақтың сортаңдануына, құрғақшылыққа, кейбір зиянкестерге төтеп бере алады. Біз өсімдіктер мен жануарлардың ауруларын айқындау мақсатында диагностикалар жасаймыз. Біз медицина үшін диагностикалар әзірлейміз. Медицинада біздің адам генетикасы саласында жүргізген зерттеулеріміз өте көп.

Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған төртінші өнеркәсіптік революция, ғалымдардың пайымынша, биотехнологияның дамуынсыз мүмкін емес. Сондықтан да Орталықтың мамандары адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді одан әрі құрастыруға ниетті. Тағы да бір басты міндеттерінің бірі, олардың сөзінше, осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру.

1-тапсырма

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береміз.

 Ұлттық биотехнология орталығы туралы не білесің?

 Қазақстанда биотехнология ғылымының дамуы қандай деңгейде?

Slide 7

Берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырып, мағыналық түрін ажыратыңыз.

2-тапсырма

Берілген сөйлемдер

Өз сөйлемдерің

Қазақстан ғылымындағы маңызды жетістіктерінің бірі - 1993 жылы Ұлттық биотехнология орталығының құрылуы. Бұл орталық - фундаментальды зерттеулер жүргізетін базалық мекеме.

Ұлттық биотехнология орталығы осы жетістіктермен шектелмек емес, ғалымдар өз әзірлемелерін одан әрі де жалғастыра бермек.

Төртінші өнеркәсіптік революция биотехнологияның дамуынсыз мүмкін емес. Сондықтан да Орталықтың мамандары адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді одан әрі құрастыруға ниетті.

Біз өсімдіктер мен жануарлардың аурула айтырын айқындау мақсатында диагностикалар жасаймыз. Біз медициналар үшін диагностикалар әзірлейміз.

Биотехнологтің қызметін екі сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оның жұмысы медицинаны да, фармацевтиканы да, гендік инженерияны да қамтиды.

Slide 8

«Білім қоржыны»

Slide 9

Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге мысал теріп жазу(10 сөйлем) .

Үй тапсырмасы


Ұқсас жұмыстар
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдер: құрылымы, жасалу жолдары және практикалық жаттығулар
9-сынып Қазақ тілі сабағы: Абайдың табиғат лирикасы және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен мысалдары
9-сынып қазақ тілі: Биотехнология мен гендік инженерия - тағам өндірісіндегі қолданылуы және сабақтас құрмалас сөйлемдер
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты және есімше, көсемше мен шартты рай тұлғаларының байланыс рөлі
Құрмалас сөйлемдер: салалас құрмаластың түрлері мен қарсылықты салаластың ережелері
Сабақтас құрмалас сөйлемнің анықтамасы және алты түрі
Биотехнологияның даму тарихы мен негізгі салалары
Қарсылықты салалас сөйлем: анықтамасы, түрлері және жаттығулар
Тұңғыш қазақ ғалымдары және сабақтас құрмалас сөйлем: деңгейлік тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz