Компресстің түрлері


Slide 1

Орындаған: Шоханқызы А.

Тобы: В-ЖМҚА-10-19 Қабылдаған: Ибрагимова Р. Б.

Тақырыбы: Қарапайым физиотерапиялық іс-шаралар.

БӨЖ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

«ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ» КАФЕДРАСЫ

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

● Физиотерапия түсінігіне анықтама

● Қарапайым физиотерапияның түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Физиотерапия(гректің physіs - φύσις - табиғат және θεραπεία - емдеу) - адам ағзасына алынған табиғи жасанды физикалық факторлардың әсерін, оларды сақтап қалу мақсатында қолдану мен денсаулықты қалыптастыру және нығайтуды зерттейтін медицинаның бір саласы.

Қарапайым физиотерапиялық емшаралар кан айналымына әсер ету шараларына жатады. Тері көптеген жүйке талшықтарымен жабдықталғаны белгілі, сондықтан қан айналымға теріден ішкі органдарға рефлекторлық реакциялар ережесі бойынша әсер етуге болады.

Slide 4

Қарапайым физиотерапияның түрлері:

► Мұзды қапшық;

► Жылытқыш;

► Қыша қағазы;

► Сүлік қою;

► Ванналар;

► Себезгі;

► Құтылар қою;

► Компресс: ● Қыздырма компресстер; ● Салқын компресстер; ● Ыстық компресстер;

Slide 5

Құтылар қою

Құтылар шыныдан жасалған, жиектері қалындатылған, түбі жартылай шенберлі, сыйымдылығы 30-60 мл түрде болады.

Әсер ету механизмі. Құтыда жасалатын жағымсыз қысым есебінен тереңде жатқан тіндер мен мүшелерден қан мен лимфалардың жүруі пайда болады, ол ішкі органдардың қан тамырларына рефлекторлық әсер етеді. Терінің майда қантамырлары қан мен лимфаға тола отырып жарылып кетеді, соған сәйкес тері қабатына онша көп емес қан құйылуы жүреді. Теріге қан құйылған жерлерде қанның ұюуы, одан кейін оның ыдырауы мен аутолизмінің өнімдерінің таралуы жүреді, ол қан айналымына қан ағымымен таралатын және алыстағы тіндер мен органдарга биологиялық белсенді заттардың түсуіне алып келеді.

Мақсаты. Тиісті ағзалар мен тіндерде ісіп-қызару үрдістерінің қайтуы, ауырудың азаюы.

Қарсы көрсетімдері: қанауға бейімділік, психикалық қозу, ісіктер, тері аурулары, туберкулез, терінің жоғары сезімталдығы, гипертермия.

Қою орындары: құтылар кеудеге, дененің сүйек болмайтын алды мен артына қойылады. Құтыларды сүт бездері, омыртқа, жүрек, жауырын аймақтарына қоюға болмайды.

Slide 6 Slide 7

Компресстер

Компресстер терапиянын бір түріне жатады. Компресс - емдік көпқабатты таңғыш. Компресстер құрғақ және ылғал, жалпы және зақымданған жерге арналған болады.

Компресстің түрлері:

● Құрғақ компресс;

● Қыздырғыш компресс;

● Ыстық компресс;

● Суық компресс;

● Дәрілі компресс;

Slide 8

Суық компресс

Суық компресс бірнеше қабатқа біріктірілген суық суға салынған және сәл сығылған жұмсақ мата мен дәкелерден тұрады.

Әсер ету механизмі. Суық компресстер таңу орныңда жылуды ала отырып, тек беткі ғана емес, тереңде орналасқан қан тамырларының тарылуына алып келеді. Ол қан толуын төмендетеді, жүйке талшықтарының сезімталдығын төмендетеді, қатты ісіп-қызару құбылыстарын төмендетеді.

Қолдану көрсетімдері: майда тіндердің, сіңірлердің, сүйек қабығының жуық арада травматикалық зақымдануы; қатты ісіп-қызару үрдістері; мұрыннан қан кету; қан құйылуының және ми қабатының тітіркенуінен болатын бас ауруы;

Slide 9 Slide 10

Ыстық компресс

Ыстық компресс бірнеше қабатқа біріктірілген, ыстық суға малынған және сығылған майлықтардан тұрады.

Әсер ету механизмі. Ыстық компресстің әсерінен кан тамырларының кеңеюі жүреді, ал беткі қабатта орналасқан тіндерге ғана емес, теренде орналаскан тіндерге қанның келуіне алып келеді. Ол ішкі ағзалардың бұлшыкеттерінің спазмын кетіруге, онымен байланысты ауыруды төмендетуге, сонымен қатар невралгия және созылмалы ісіп-қызару үрдістерінің ауыруын бәсеңдетуге септігін тигізеді.

Қолдану көрсетілімдері: ми кан тамырлары спазмасының әсерінен болатын бас ауруы - мигрень (басқа), бұлшықеттердегі, буындардағы аурулар (зақымданған жерге) .

Қарсы көрсетілімдер: басқа қан құйылуы, көкеттің қабынуы, қуық атониясы.

Slide 11 Slide 12

Қыздыратын компресс

Қыздырғыш компресс - терідегі қан жолдарына ғана емес, терідегі ткандарға дейін қанның баруын қамтамасыз ететін компресс түрі.

Әсер ету механизмі. Қыздыратын компресстерді жылу беру және буландыру жүзеге асырылатын жерлерде ұстайды. Қыздыратын компресс қан мен лимфа ағынын тек теріде ғана емес, сонымен бірге тереңде орналасқан тіндер мен ағзаларда ұлғайта отырып, қан тамырларының бірдей және ұзақ уақыт кеңеюін жүргізеді. Соның әсерінен көктамырлық қан тоқтап қалу, ісіп-қызару инфильтрациясы және тіңдердің ісігі төмендейді.

Компрессті қою көрсетілімдері: көмейдің, буындардың, өкпе қабығының, бала емізетін аналарда сүт бездерінің ісуі; инъекциядан кейінгі инфильтраттар; сінірлердің созылуы; жарақаттану (жарақаттанған күндерден кейін) .

Қарсы көрсетімдері: тері аурулары, дененің жоғары температурасы, терідегі іріңдеген ісіктер (фурункула, карбункула) .

Slide 13 Slide 14

Жылытқыш

Мақсаты: тиісті ағзалардың бірыңғай салалы бұлшықетінің рефлекторлық босаңсуын тудыру, ішкі ағзалардың қан толуын күшейту, ауырғанды басатын және сіңіретін әсер көрсету.

Көрсетімдері: ісіп-қызару үрдістерінің қайтуы, денені қыздыру, ауырғанды басатын әсер.

Қарсы көрсетімдері: қатты ісіп-қызаратын үрдістер және көкірек куысындағы аурулар, қан ағу, бірінші сағаттардағы жарақат, тері қабаттарының тұтастығының бұзылуы.

Slide 15

Мұзды қапшықты қолдану

Мақсаты: терінің қан тарататын тамырларының тарылуы және жасушалардың, сонымен қатар неғұрлым терең орналасқан органдар мен тіндердің оттегіге қажеттілігі, перифериялық рецепторлардың сезімталдығын төмендеуі.

Көрсетімдері: қан ағу, көкірек қуысындағы қатты ісіп-қызару үрдістері, жарақаттар (алғашқы тәуліктердегі), қызу көтерілу, отадан кейінгі кезең.

Slide 16

Ванналар

Ванналар - гигиеналық, емдік және профилактикалық мақсатта пайдаланылатын су емшаралары.

● Ванналар суға барлық денені батырған жағдайда - жалпы;

● Дененің белгілі бір бөлігі батырылған жағдайда - белгілі бір жерге арналған болады.

● Су дененің белге дейінгі төменгі бөлігін қамтыған жағдайда - жартылай ванналар;

● Су жамбас аймағын, құрсақтың төменгі бөлігін және жамбастың жоғары бөлігін қамтығанда - отыратын ванналар деп ажыратылады.

Slide 17 Slide 18

Себезгі

Себезгі - сумен емдеудің тиімді әдістерінің бірі. Температурасы бойынша себезгілер жіктеледі:

● индиферрентті - 32-34°C,

● жылы - 35-37"С

● салқын - 24-31°С,

● суық- 24°С-тан төмен.

Себезгіні келесідей жағдайларда қабылдайды:

1) Қозуы жоғары невроз кезінде - жылы және индиферрентті себезгі, 3-5 минут;

2) жүйке жүйесінің көңілсіз күй неврозы кезінде (апатия, жалпы әлсіздік) - салқын себезгіні, 2-3 минут;

3) зат айналымы бұзылғанда (семіздік) - салқын және суық себезгілер, 3-5 минут. Ағзаны шынықтыру үшін температураны 34°С-тан 20°С-ка дейін біртіндеп төмендете отырып қабылдайды.

Slide 19

Қыша қою

Әсер ету механизмі. Қышаның құрамындағы эфирлі-қышалық майдың әсеріне негізделген. Эфирлі-қышалық май қолданған жерде терінің тітіркенуін тудырады, ол қан тамырларын кеңейтеді және терінің сол аймағына қанның келуін қамтамасыз етеді. Бірақ бұл ретте тереңде орналасқан тіндерде қан және лимфа айналымы күшейеді, олардың өмір сүргіштігі мен төзімділігі жоғарылайды. Одан баска қыша қағаздар ауырғанды басатын әсерге ие.

Көрсетімдері: тыныс алу жолдарының ісу үрдістерінде және ауруларында: өкпе қабынуында, бронхитте және плевритте. Бұлшықеттердің, жүйке жүйесінің ауыруы, невралгия, остеохондроз.

Қарсы көрсетімдері: қан кету, тері аурулары, әртүрлі ісіктер, эфирлі майларға аллергиялық әсерлер, терінің тұтастығының бұзылуы.

Slide 20 Slide 21

Сүлік қою

Мақсаты:емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.


Ұқсас жұмыстар
Сүлікпен емдеу
Көркем өрнек түрлері
Спорттық жарыстар жүйесі
Құқық нысаны
Қазақ музыка аспаптарының түрлері
Сыбайлас қатысудың белгілері
Спорт - денсаулық
ОРМАН ЖӘНЕ ЖАРЫҚ
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Шегіргүл – фиалка
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz