Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу қажеттілігі




Презентация қосу
Аймақтар экономикасын
мемлекеттік реттеу қажеттілігі
Кез келген ел экономикасы үшін аймақтық деңгейде, олардың даму ерекшеліктері
негізінде, мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өте жоғары. Аталмыш
маңыздылықтың басты сипаты ел аймақтарының даму деңгейлерінің əртүрлілігінде
болып табылады. Осы негізде мемлекеттің аймақтарға қатысты ұстанымдары мен
реттеу механизмдерін қолдану бағыттарының таңдалуы да өзекті мəселе болып
табылады.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі əлеуметтік, экономикалық,
экологиялық ерекше мəселелермен сипатталатын əр түрлі аймақтарды қамтиды. Осы
тұрғыдан алғанда жəне аймақтардың мамандандырылу қағидасына сəйкес республика
аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
• шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
• индустриялық дамыған;
• агроөнеркəсіптік;
• дағдарыстық.
Бірінші топ– стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын
иеленетін жəне ғылми-өндірістік əлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі
бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық — əлеуметтік артта қалуымен,
экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл
аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару жəне тұрақтандырудың
рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мəселелер кешенін шешу қажет
деп атап көрсетуге болады:
• минералдық шикізат жəне көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің
жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді
интенсипті игеру;
• отандық жəне шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты
анықтайтын жəне əлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік,
əлеуметтік жəне нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
• ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мəселелерді
(əлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа- ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық
ғылыми жетістіктер қажетсінетін өндіріс құру үшн қолайлы экономикалық
жағдайлары жəне жоғары ғылми-өндісті əлеуеті бар, негізінен қаржылық
ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады. Бұл аймақтарды
дамытуда шешуді талап ететін мəселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға
болады: • шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық əлеуетті
қалыптастыру;
• жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар
негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль
құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
• нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ — ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркəсіптік кешенді
аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету
жəне жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған
сабақтаса дамитын салаларда шағын жəне орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың əлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мəселелер
өз шешімін табуы тиіс:
• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру;
• ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын жəне экспорттық əлеуетінің
өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен
техникаларды енгізу жəне пайдалану;
• тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін
ауыл шаруашылығының жəне өнеркəсіп салаларының материялдық- техникалық
базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымдарды
құру.
Төртінші топқа — қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, əлеуметтік —
экономикалық жəне техника — технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық
құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа
ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мəселелерден «арылу» үшін
мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.
Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
• өндіріс қарқынының төмендеуі;
• халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
• жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы (жұмыссыздықтың
жоғары деңгейі);
• демографиялық, экологиялық, əлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы
мəселелердің күшеюі жəне т.б.
Аймақтарды мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып мыналар саналады:
Елдің экономикасын біртұтас шаруашылық кешені ретінде ескере отырып,
мемлекеттік деңгейде əрбір аймақтың даму болашағын анықтау;
Аймақ ресурстарын (еңбек, жер, су, энергетика) ұтымды пайдалана отырып, əрбір
аймақтың экономикасын пропорционалды дамытуды қамтамасыз ету;
Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру;
Өндіріс мұқтаждығын ескере отырып, тұрғындары территория бойынша ұтымды
орналастыру;
Ауыл мен қала арасындағы қарама-қайшылықты азайту;
Халықтың жəне экономикалық өмірдің ірі қалаларға шоғырлануы процесін
реттеу.
Аймақтық саясат халық шаруашылығы кешеніндегі əрбір аймақтың экономикалық
орнын, ерекшеліктерін ескереді. Аймақ деңгейіндегі проблемаларды шешуге, оның
ішінде кəсіпкерліктің дамуына, жергілікті өзін- өзі басқарудың дамуына көмектеседі.
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу, еліміздің жəне оның жекелеген
аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге, қойылған мақсаттарға
жетуді көздейтін мəселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың
мəні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып
табылады.
Аймақтық экономикада өзекті мəселелердің бірі «проблемалық аймақ» түсінігі жəне оның мемлекеттік реттеудегі
маңыздылығы болып табылады. Проблемалық аймақ — бұл өзі əлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше
алмайтын немесе жоғары əлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан белсенді қолдауды талап
ететін аймақтар. Проблемалық аймақтар саны жоғары болмауы тиіс, себебі мемлекет тарапынан олардың барлығына
бірдей қолдау көрсету тиімсіз болып табылады.
Проблемалық аймақтың негізгі сапалық белгілері:
1. Елдегі əлеуметтік-экономикалық жағдайға, саяси тұрақтылыққа, экологиялық тепе-теңдікке қатерлі қауіп
төндіретін ірі проблеманың болуы.
2. 2. Ұлттық экономикаға қажетті ресурстық əлеуеттің болуы (өндіріс-тің, ғылыми-техниканың, еңбек жəне табиғи
ресурстар).
3. 3. Елдің стратегиялық қызығушылығында аймақтың геосаяси жəне геоэкологиялық орынының ерекше
маңыздылығы.
4. 4. Жалпы ұлттық жəне əлемдік маңызды проблемаларды аймақтың өзі шешуге өзіндік қаржылық ресурстарының
жетіспеушілігі.
Проблемалық аймақтар келесідей типтерге жіктеледі: 1. Артта қалған аймақтар. 2. Депрессивтік аймақтар. 3.
Күйзелістік аймақтар.
Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен салыстырғанда ұзақ
жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен болып келген аймақтар жатады.
Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тəн белгілері бар:
1. Шаруашылық жүргізу белсенділігінің төменділігі.
2. 2. Өнеркəсіптерінің өндірістік құрылымы өзгерістерге икемсіз.
3. 3. Ғылыми-техникалық əлеуеті əлсіз.
4. 4. Даму деңгейі төмен əлеуметтік сферасының болуы.
Бұл топқа жататын бірқатар аймақтарда олардың əлеуметтік-экономикалық жағдайы саяси
— этникалық, криминалдық, экологиялық проблемалармен күрделенеді. Артта қалған
аймақтарды дамыту үшін күрделі инвестициялауды қажет етеді. Бұл жағдайда мемлекет
экономикалық дамуы төмен аймақтарға келесідей көмектер көрсетеді:
5. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту.
6. 2. Жеке инвестициялар ағымын үстемелеу.
7. 3. Салықтық жеңілдіктер беру.
8. 4. Жұмыспен қамту шараларын іске асыру.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің
сипаты мен бағыттары
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу дегеніміз – бұл халықтың өмір сүру сапасын
жақсарту мен деңгейін көтеру мақсатында барлық аймақтық жүйені толық тұрақты
жəне теңдікті сақтай қызмет жасауын қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырылған
іс-əрекеттер.
Мұндай іс-əрекеттер əр деңгейде атқарылады: жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару
түрінде іске асса, аймақтарда ірі аумақтық бірліктің қызығушылығын қорғайтын
арнайы органдармен іске асырылады, ал мемлекет деңгейінде жалпы мемлекеттік
реттеу жүреді. Əр деңгейде зерттеу нысандары мен субъектілері өзгеріп отырады.
Бірақ идеология барлық деңгейде бір қалыпты болады. Яғни барлық деңгейде іс
əрекеттер əлеуметтік бағытта болып тұрақтылық пен тепе- теңдікті қамтамасыз етеді.
Аймақтардың дамуын реттеу нақты реттеу теорияларына, мазмұнына негіздеме тиімді болады. Өйткені
реттеудің мазмұнын нақты саяси, ұйымдастырушылық, қаржылық, экономикалық, құқықтық жəне басқада
əрекеттер құрайды.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің құрылымын келесідей нақты əрекеттер құрайды:
1. Тікелей жəне жанама əрекеттер;
2. 2. Айқын жəне айқын емес əрекеттер;
3. 3. Жалпыға ортақ жəне жеке селективті əрекеттер.
Бұл əрекеттер міндетті түрде бір бағытта болмайды жəне оларды орынды пайдаланбаған жағдайда бірінің
тиімділігін екіншісі кемітеді. Аумақтық дамудың мемлекеттік реттеу нысандары мен субъектілерін
ажыратады. Реттеу нысандарына нақты кəсіпорындар, ұйымдар, өндірістер жатады.
Реттеу субъектілеріне жеке жəне заңды тұлғалар жатады. Мұнда орталық субъект жұбы географиялық
орналасуды сипаттайды. Ал нақты орталық қаралып отырған қатынастардың кем дегенде үш субъектісімен
ашылады. Олар:
4. ҚР Президенті – ол əр түрлі тапсырыстар беріп заңдар шығарады.
5. 2. ҚР Үкіметі жəне оның министрлері – олар тиесілі шешімдер қабылдап белгілі бір қаржылық
ресурстарды бөліп нормативтік актілерді іске асырады.
6. 3. Жергілікті атқарушы органдар.
Аймақтық дамуды көбінесе мемлекеттің жеке аумақтарға селективтік көмек көрсетуі арқылы іске асырылады.
Көмек көрсетуді қолдау дегеніміз — мемлекеттің билік органдарымен арнайы ұйымдастырылатын саяси
құқықтық əлеуметтік қаржылық экономикалық жəне басқада іс-əрекеттері.
Мемлекеттік қолдаудың келесідей мақсаттары бар:
Объективті себептерден өздері өздерін дамыта алмайтын аумақтардың дамуына жағдай жасау дамытуды
үстемелеу;
1. Жеке аймақтардың халықтары əлеуметтік жағына көшіп қонуын үстемелеу жəне ресурсты бағытты миграция;
2. Мемлекеттік тұрғыдан маңызды əлеуеттік өсу нүктелерін құруға жəне қызмет етуге қолайлы жағдайлар жасау;
3. Жеке аймақтардың мемлекеттік қызметтерін атқаруды қамтамасыз ету;
4. Ерекше саяси жəне геосаяси маңызды аймақтарда арнайы ұйымдастырушылық құқықтық тəртіптерді құрып
оларды қолдау;
5. Апатты зоналардың құрылымына оперативті іс-əрекеттер жүргізу.
Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеу моделі келесідей 4 блоктан тұрады:
1. Қалыптастыру блогы – мұнда реттеудің құқықтық актілерімен қамтамасыз етілуі, ақпараттық талдауды іске
асырады. Негізгі мақсаты белгіленген іс əрəкеттер негізінде жəне заңдық күш беру;
2. Ресурстық блок – қаржы табиғи ресурстармен қамту;
3. Іске асыру блогы – қабылданған мақсаттарды іске асыру;
4. Бақылау блогы – іске асырылған жұмыстарға бақылау жасау.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеу
АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЫ
Экономикалық жүйедегі рынок мен мемлекеттің өзара қатынасы
Метрология объектілері
Қазақстан республикасындағы техникалық реттеу жүйесі және сертификаттау ережелерін бұзғаньі үшін жауапкершілік
Экономикалық тиімді мемлекет
Қаланың негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі
БОЛЖАУ МЕН ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер